Етістіктің шақтарының ережесін жаттау

Сабақтың тақырыбы

Осы шақ

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру; осы шақтың іс-әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру; сұрақтары мен жалғауларын меңгерту.
  • Дамытушылық: тілін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту; сөйлеу дағдысын жетілдіру; шығармашылыққа баулу.
  • Тәрбиелік: әсемдікке, ұйымшылдыққа, тазалыққа, жақсылық пен қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс
  • Суретпен жұмыс
  • Жазылым және ауызша тіл дамыту

Көрнекіліктер

  • Сызба
  • Сурет
  • Слайд

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныптың дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ:

Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасы:

  • 24-жаттығу.
  • Етістіктің шақтары туралы ережені жаттау.

Тексеру қадамдары:

  1. «Біз бейбітшілікті сүйеміз» әңгімесін оқыту.
  2. Ережені сұрау.
  3. Ережені пысықтау.

3) Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақтың мақсаты — осы шақ етістіктерімен танысу, сөйлем мен әңгіме құрау, суретпен жұмыс жасау, көркем әрі сауатты жазу.

Ребус шешу

Шешуі: Осы шақ.

Түсіндіру

Осы шақ етістіктері іс-әрекеттің дәл қазір, сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіреді: көріп отыр, өсіп тұр.

Негізгі сұрақтар

  • Не істеп отырмын? — жатырмын, тұрмын, жүрмін
  • Не істеп отырсың? — жатырсың, тұрсың, жүрсің
  • Не істеп отыр? — жатыр, тұр, жүр

Ережені бір оқушыға оқыту.

Дәптермен жұмыс

  • Бүгінгі күннің жадын жазу.
  • Тақырыпты жазу.
  • Көркем жазу жұмысы.

Оқулықпен жұмыс

25-жаттығу

Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу:

Қайрат қайрақ қайрап отыр.

Қайрақпен балта қайрап отыр.

  • Етістіктердің астын сызу, сұрақ қою.
  • Етістікті үш жақта жекеше және көпше түрде жіктеу.
  • Іс-әрекеттің қашан болып жатқанын анықтау.

26-жаттығу

Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқу. Етістіктерді тауып, сұрақ қою.

Мен ойлап жүрмін.

Сен ойлап жүрсің.

Сіз ойлап жүрсіз.

Ол ойлап жүр.

27-жаттығу

Берілген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып жазу.

29-жаттығу

Жұмбақты оқып, шешуін табу. Етістіктердің қай шақта және қай жақта тұрғанын айту.

Қосымша мәлімет

Глобус — жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі. «Глобус» сөзі латын тілінен аударғанда «шар» деген мағынаны білдіреді. Глобуста Жер шары ондаған миллион есе кішірейтіліп көрсетіледі.

30-жаттығу

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Топтық жұмыс

«Адасқан сөздер»

  • Тұр, жел, соғып, қатты.
  • Жауды, қар, қалың.
  • Жүр, ойнап, қармен, балалар.

Тапсырма: сөздердің орнын дұрыс қойып, мағыналы сөйлем құрастыру.

«Ұйқасын тап» (мақал-мәтел)

  1. Алып анадан туады, ат биеден ________.
  2. Қына тасқа бітеді, білім басқа ________.
  3. Көп жасаған білмейді, көп көрген ________.
  4. Ойлаумен ой толады, ойнаумен бой ________.

4) Сабақты қорытындылау

  • Бүгінгі сабақта не оқыдық?
  • Осы шақ дегеніміз не?
  • Осы шақтың сұрақтары қандай?
  • Мысал келтіру.

5) Үйге тапсырма

  • 28-жаттығу.
  • Ережені жаттау.

6) Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жазылым жұмыстары бойынша бағалау жүргізіледі.