Етістіктердің астын сыз
Қысқа мерзімді жоспар
Мекеме
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОМ МДШО КММ
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Молдақұлова Бибігүл Құдайбергенқызы
Сабақ тақырыбы
Дара және күрделі етістік
Сілтеме
2-сынып, қазақ тілі
Жалпы мақсат
Оқушылардың етістік, дара және күрделі етістіктер туралы білімін толықтыру. Дара және күрделі етістіктерді дұрыс қолдануға үйрету. Оқушылардың сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты әрі көркем жазуға дағдыландыру.
Оқыту нәтижелері
- Өзін-өзі реттей алады.
- Топпен жұмыс жасауды үйренеді.
Түйінді идеялар
- Тақырып бойынша ауызекі сөйлеуді дамыту.
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы топтық жұмысқа жұмылдыру.
- Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру.
Сабақ құрылымы мен тапсырмалар
Тапсырмалар тізімі
- 1. Жұмбақ жасыру
- 2. «Қарлы кесек» ойыны
- 3. Кубизм әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау
- 4. Деңгейлік тапсырмалар
- 5. Жазбаша жұмыс (оқулықпен), сергіту сәті
- 6. Шығармашылық жұмыс
- 7. Мазмұнды сызбамен жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті
-
Кіріспе
Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау. Кезекшінің есебін тыңдау.
-
Тренинг
«Бүгінгі күнге тілек» тренингі.
-
Топқа бөлу
Түрлі түсті қағаз арқылы топқа бөлу.
Тапсырма 1
8 минут- Жұмбақтың жауабын тауып, сабақтың тақырыбын ашады.
- «Қарлы кесек» ойыны: әр оқушы бір сөйлемнен айтады.
Тапсырма 2
4 минутҮй тапсырмасын сұрау үшін Кубизм әдісі қолданылып, интерактивті тақта арқылы сұрақтарға жауап алынады.
Сұрақтар
- 1.Етістік дегеніміз не?
- 2.Етістіктің дара және күрделі түрлеріне мысал келтір.
- 3.Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
- 4.Мына сөйлемдегі етістікті тап: «Зада қаздарын іздеді».
- 5. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап: А) Сын-ып-та Ә) Қо-ңы-рау Б) Ал-ға-шқы
- 6. Жұрнақ жалғанған сөзді тап: А) оқу Ә) оқуға Б) оқушы
Тапсырма 3
5 минутТоптарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады.
І топ
-
Етістіктердің астын сыз
Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
-
Етістікке сұрақ қой
Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды.
-
Дара және күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз
Барды, алды, ойнап жүр, кірді, ойлап отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап жатыр, салып отыр, биледі, күлді.
ІІ топ
-
Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз
Ойнады — …; Жазды — …; Секірді — …; Оқыды — …
-
Астын сызу
Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады».
-
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді жаз
- Оқушылар сабақта диктант …
- Алма қызық кітап …
- Берік достарымен футбол …
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
Тапсырма 4
5 минутОқулықпен жұмыс
- 1-топ: 40-жаттығу
- 2-топ: 41-жаттығу
Тапсырма 5
5 минутШығармашылық жұмыс
«Қасқыр мен тиын» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Тапсырма 6
5 минутМазмұнды сызбамен жұмыс
Суреттер бойынша дара және күрделі етістіктерді анықтап, топтастыру.
Ескерту
Құжаттың толық нұсқасын жүктеу бөлімі бастапқы мәтінде көрсетілген. Қажет болса, жүктеу сілтемесін бөлек енгізуге болады.