Бағандар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Бағандар. Беттің өлшемдері, ернеулері.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Әдістер

  • Көрсете баяндау
  • Пікірлесе түсіндіру
  • Топпен жұмыс

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік мақсат

Microsoft Word бағдарламасының әртүрлі құралдарын қолдана отырып, мәтінді бірнеше бағанға рәсімдеуді және парақ өлшемдерін баптауды үйрету; оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту.

2) Дамытушылық мақсат

Есте сақтау қабілеті мен зейінді дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру; топпен және жұппен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға үйрету.

3) Тәрбиелік мақсат

Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

ДК Слайдтар Оқулық Плакаттар Алма ағашының моделі Стикерлер Маркерлер Бағалау парағы

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушыларды түгендеу және екі топқа бөлу (2 минут).

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    «Миға шабуыл» (6 минут).

  3. 3

    Жаңа тақырыпты түсіндіру

    «Мағынаны тану» (10 минут).

  4. 4

    Компьютермен тәжірибелік жұмыс

    (10 минут).

  5. 5

    Сергіту сәті

    (2 минут).

  6. 6

    Білімді бекіту

    Постермен жұмыс (6 минут).

  7. 7

    Өзін-өзі тексеру

    Тест жұмысы (5 минут).

  8. 8

    Үй тапсырмасы және бағалау

    (2 минут).

  9. 9

    Рефлексия

    (2 минут).

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, қатысушыларды түгендейміз және сыныпты екі топқа бөлеміз. Топқа бөлуде алма ағашының моделін және алма бейнесіндегі стикерлерді қолданамыз.

Топ басшыларын оқушылар өздері тағайындайды. Әр топ басшысына бағалау парағы таратылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл»

1) Тізім деп нені түсінесіңдер?

Тізім — белгілі бір шамалардың реттелген жиынтығы. Тізім тұрмыста да, оқу үдерісінде де жиі қолданылады: оқушылар тізімі, олимпиадаға іріктеуден өткен спортшылар тізімі және т.б.

2) Тізімнің түрлерін атаңдар

Нөмірленген, маркерленген және көпдеңгейлі.

3) Маркерленген тізімдегі маркер түрін қалай өзгертеміз?

Маркерлер батырмасын шертеміз → Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдаймыз → қажетті таңбаны белгілеп, ОК батырмасын басамыз.

4) Нөмірленген тізімді баптауға бола ма?

Иә. Ол үшін Нөмірлеу батырмасын шертеміз → Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын орындаймыз.

5) Тізім ретінде латын әріптері мен рим сандарын пайдалануға бола ма?

Болады.

6) Тізімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жолақ бөлімі қандай?

БастыАбзац.

7) Нөмірленген тізімді автоматты түрде құру үшін не істеу керек?

Бірінші тармақты 1 саны, нүкте және бос орыннан бастап теру керек.

ІІІ. «Мағынаны тану»: Бағандар және бет параметрлері

Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеуБағандар батырмасы қолданылады.

Екі жұмыс тәсілі

  • Алдын ала терілген мәтінді кейін бағандарға бөлу.
  • Алдымен баған параметрлерін орнатып алып, содан кейін бағандарға мәтін теру.

Екінші тәсіл көбірек тәжірибе талап етеді. Көпбағанды мәтінмен жұмыс барысында күтпеген нәтижелер болуы мүмкін: баған жаңа бетке ауысып кетуі, бір баған бос қалып, басқа бағандар толық толып қалуы.

Маңызды ережелер

  1. 1

    Бағандарға бөліну пішімдеу сызғышында жеке ақ жолақтар ретінде көрінеді. Қай бағанда жұмыс істесеңдер, сызғыштың сол бөлігінде азат жол мен абзац шекараларының маркерлері көрсетіледі. Маркерлердің баған шетінен шығып кетпеуін қатаң қадағалаңдар — әйтпесе мәтіннің бір бөлігі жоғалғандай болып көрінуі мүмкін.

  2. 2

    Бағандардың өлшемін бір-бірінен тәуелсіз баптау үшін: Бетті белгілеуБағандарБасқа бағандар.

  3. 3

    Қате әрекетті түзетемін деп уақыт жоғалтқаннан гөрі, Тез қол жеткізу тақтасыБас тарту (Undo) бұйрығын қолданған дұрыс. Артық түзетулер құжат құрылымын бұзып жіберуі мүмкін.

  4. 4

    Мәтінді бағандарға бөлмес бұрын құжатты дискіге сақтап қойған дұрыс. Сәтсіз жағдайда қайта түзеткеннен гөрі, сақталған нұсқаға оралу тиімді болады.