Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер дейді мұндағы бала

ХХІ ғасырды білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытта дамыту кезеңі деп атау — үлкен үміттің айқын белгісі. Өйткені білімі жоғары ұрпақ тәрбиелеген елдің болашағы ешқашан бұлыңғыр болмайды.

Жас ұрпаққа мәнді, мағыналы әрі өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру — бүгінгі күннің басты талабы. Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасынан басталатыны сөзсіз.

Монтессори тәсілінің өзектілігі

Қай кезеңде де балабақшада Монтессори әдісі өз маңызын жоғалтқан емес. Бала табиғатынан білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылады. Сондықтан қарқынды дамып келе жатқан заманда педагогтер ұлттық болмысты, ұлттық мінез-құлықты сақтай отырып, тәрбие әдістерін үздіксіз ізденіп, жиі жаңартып отыруы — заңды құбылыс.

Әдістің беретін мүмкіндіктері

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауға, топта да, жеке де жұмыс істей алуға, таңдау жасауға, уақытын дұрыс ұйымдастыруға, өзіне сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Бұл — баланың дербестігін қолдайтын қолайлы орта қалыптастыратын тәсіл.

Негізгі мақсат

Әдістің мақсаты — баланың табиғи мінезін мен қабілетін тәрбиешінің қатаң нұсқауымен емес, өз еркімен, тәуелсіздік рухында дамыту.

Бұл тәсілдегі баланың ішкі ұстанымы қысқа да нұсқа: «Өзім жасауға мүмкіндік бер».

Еркін таңдау және жұмыс бағыттары

Бала қай салада жұмыс істейтінін өзі шешеді. Мысалы: зертхана, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен жұмыс істеу және басқа да бағыттар.

Дербестік

Еркін жұмыс барысында бала жетістігін өзі байқап, қатесін де өзі түзетеді.

Ішкі тәртіп

Өзін-өзі бақылау мен түзету дағдысы ішкі дүниені тәртіпке баулиды.

Адамгершілік қасиеттер

Жеке жауапкершілік пен өзгені сыйлау — күнделікті әрекет арқылы қалыптасады.

Материалдармен жұмыс мәдениеті

Бала қолданған заттардың бастапқыда қалай тұрғанын бақылап үйренеді: жұмыс соңында бәрін дәл сол қалпында жинап, реттеп, тазалап қояды. Бұл дағды ұқыптылықты, жүйелілікті және ортаға құрметті күшейтеді.

Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Алға мектеп-бақшасы ММ

Тәрбиеші: Айсина Айгүл Сансызбаевна