Сабақ соңында Ризашылық әнін орындау

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Ақсу кенті • №2 орта мектеп

Бастауыш сынып пәні мұғалімі: Мырзабекова Үлмекен Тайыровна

Қазақ тілі Аралас сабақ Сұрақ-жауап • Қызығушылықты ояту • Ой қозғау

Сабақтың тақырыбы

Сын есім

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

Оқушылардың сын есім туралы түсінігін кеңейту; сөйлем ішінен сын есімді тауып, оған сұрақ қоя білуге дағдыландыру.

Дамытушылық

Сын есімнің түрлерін ажырата білуге үйрету; ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Туған тілді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу; жолдастарына көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар

  • Сөзжұмбақ, тест тапсырмалары
  • Интербелсенді тақта
  • Сызбалар, бағалау парағы
  • Дәптер, қалам

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын даярлау.
  • Назарын сабаққа аудару.

Кіріспе сөз

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені —
Балалығым, бақытым, қазақ тілім.

Топқа бөлу

1-топ, 2-топ, 3-топ. Әр топ өз атауын таңдап, топ басшысын белгілейді.

Қызығушылықты ояту

Бір, екі, үш —
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сөзжұмбақ

  1. 1. Аяқталған ойды білдіретін сөзді қалай атаймыз?
  2. 2. Түбірге қосылған бөлшек қалай аталады?
  3. 3. Оңынан оқы — тағам, солынан оқы — тағам.
  4. 4. Заттың қимыл-іс әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?
  5. 5. Сөйлем неден құралады?
  6. 6. Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері айқай да шу.
  7. 7. Қыста шыны боп қатады, жылыда су боп жатады.

Сұрақ-жауап

  1. 1. Сын есім дегеніміз не?
  2. 2. Сын есімнің сұрақтарын ата.

III. Оқулықпен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық —
Әдемі етіп жазайық.

Тақтадағы күн мен айды, сондай-ақ көркем жазу үлгісін дәптерге жазу.

Көркем жазу сөздері

ала қалың биік аласа кең

Топтық жұмыс: 1-топ

1-жаттығуды көшіріп жазып, сын есімді тауып, сұрақ қой.

Топтық жұмыс: 2-топ

4-жаттығудағы сын есімдерді зат есімдермен бірге көшіріп жаз.

Топтық жұмыс: 3-топ

5-жаттығуды көшіріп жазып, сын есімді тауып, сұрақ қой.

Сергіту сәті

Әр оқушы өз есімінің алдына сын есім қосып айтады. Сын есім өз есімінің алғашқы әрпінен басталсын: Сәуле — Сымбатты Сәуле.

Тақтамен жұмыс

2-жаттығуды тақтада орындау: көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып, әр топ 3 сөйлемнен құрайды.

IV. Бекіту

Тест

  1. 1. Сын есімді тап:
    а) доп б) қойшы в) қалың
  2. 2. Заттың дәмін білдіретін сөзді тап:
    а) қышқыл б) бор в) жүзді
  3. 3. Заттың түсін білдіретін сөзді тап:
    а) құс б) көгілдір в) келді
  4. 4. Заттың көлемін білдіретін сөзді тап:
    а) тас б) ұшты в) кең
  5. 5. Мына сөздер қай сөз табына жатады? ұзын, жұқа, жіңішке, семіз, қысқа, аласа.
    а) зат есім б) етістік в) сын есім

Ойын: «Кім шапшаң?»

Әр топ бір минут ішінде мүмкіндігінше көп сұраққа жауап береді. Әр топқа 20 сөз жазылған үлестірме қағаз таратылады.

1-топқа берілетін сөздер

  1. 1) жүйрік
  2. 2) еріді
  3. 3) көк
  4. 4) сыпайы
  5. 5) әнші
  6. 6) үтікте
  7. 7) көрікті
  8. 8) қызықты
  9. 9) сулы
  10. 10) сараң
  11. 11) бөрік
  12. 12) күлгін
  13. 13) салмақты
  14. 14) әкелді
  15. 15) алғыр
  16. 16) көл
  17. 17) талапкер
  18. 18) алаң
  19. 19) жылынды
  20. 20) ызақор

2-топқа берілетін сөздер

  1. 1) қоңыр
  2. 2) жүзік
  3. 3) озат
  4. 4) зерек
  5. 5) жазды
  6. 6) көздеді
  7. 7) салғыр
  8. 8) әуестен
  9. 9) азық
  10. 10) дәмді
  11. 11) шашылды
  12. 12) әрекет
  13. 13) байқадым
  14. 14) сазгер
  15. 15) айлакер
  16. 16) ақылдасты
  17. 17) кең
  18. 18) балдай
  19. 19) шақыр
  20. 20) мейірім

VI. Бағалау

Әр топ өз жұмысына баға береді. Сабақ соңында «Ризашылық» әні орындалады.

VII. Үй тапсырмасы

56-бет, 3-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді тап.