Заттың қимылын білдіретін сөз табы
Сабақ туралы мәлімет
- Өңір
- Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы
- Елді мекен
- 15 жылдық Қазақстан ауылы
- Мектеп
- Жаманшұбар негізгі мектебі
- Мұғалім
- Жетписова Гүлнұр Қаратайқызы, бастауыш сынып мұғалімі
- Тақырып
- Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру; септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту.
Дамытушылық
Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды жасай білуге дағдыландыру; белсенділікті арттырып, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Сауаттылыққа, дұрыс әрі мәдениетті сөйлеуге, шапшаңдыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, ізденушілік, топпен жұмыс, түсіндіру, жазбаша жұмыс, ойын, ой толғау.
- Көрнекіліктер
- «Алтын қақпа» ойынындағы тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа, алтын сандық; сегіз киіз үй; карточкалар; жеті септіктің сұрақтары мен жалғаулары жазылған плакат; кубик.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін қазақ тіліне арналған өлең жолдары оқылады:
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Осылайша сабақ кемеңгер ғұламалар сөйлеген туған тіліміз — қазақ тіліне құрметпен басталады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге 279–280-жаттығулар берілген. Тексеру сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі. Жауаптарды жинақтай отырып, жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.
- 279-жаттығу: бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына жатады? Негізгі етістік
- Екінші жолдағы сөздер ше? Сын есім
- Осы сөздерден қандай зат есім жасап жаздыңдар? Туынды зат есім
- 280-жаттығу: қандай зат есімдерді таптыңдар? «Достық» — туынды зат есім
- Заттың атын білдіретін сөз табы: Зат есім
- Заттың қимылын білдіретін сөз табы: Етістік
- Заттың санын білдіретін сөз табы: Сан есім
Осы қорытындылар арқылы бүгінгі жаңа тақырып айқындалады: «Зат есімнің септелуі».
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Тақтада: «Оқушылар орманға саяхатқа шықты.»
Сөйлемдегі сөздерді өзара байланыстыру үшін жалғанатын жалғаулар септік жалғаулары деп аталады.
Негізгі анықтама
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруі зат есімнің септелуі деп аталады.
Қазақ тіліндегі септіктер
Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Атау септік
- Сұрақтары
- Кім? Не?
- Ерекшелігі
- Арнайы жалғауы болмайды, сөз түбір күйінде айтылады.
- Сөйлемдегі қызметі
- Көбіне бастауыш мүшенің қызметін атқарады.
Сөйлемнен жалғауларды алып тастасақ, сөздердің байланысы әлсірейді. Сондықтан септік жалғаулары зат есімдерді сөйлем ішінде бір-бірімен байланыстыруға қызмет етеді.
«Білім еліне» саяхат
Бұл сабақта барлығымыз Білім еліне сапар шегеміз. Алға қойған мақсатқа жету үшін білімімізді ортаға салып, ынтымақпен еңбек етеміз.
Шіркін-ай, ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен.
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен.
Шіркін-ай, әнші болсам,
Кәдімгі күміс таңдай.
Шіркін-ай, батыр болсам,
Айбатты арыстандай.
Әншінің, ақынның да,
Жанына білім — қорек.
Бүгінде батырдың да
Өзіне білім керек.
Көзіңнен күлімдеген,
Бір ұшқын сездің бе екен?
Алдымен білім деген
Бәйгеден озып кел сен.
Оқудың озатына
Арман да таяу болар.
Білімнің боз атына
Мінбеген жаяу қалар.
«Білім еліне» жету жолында ертегілердегідей түрлі кедергілерден өтеміз. Бұл кедергілер «Алтын қақпа» ойынында кездеседі.
Ойын шарты: қай топ әр қақпаның сұрағына дұрыс жауап берсе, «Білім елінің» білімді азаматы атанады. Сондықтан қақпалардан өту үшін топпен бірлесе жұмыс істейміз.