Ненің тұқымы
Сабақтың тақырыбы: Гүл, жеміс және тұқым
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: өсімдіктің тұқым арқылы көбеюі туралы түсінікті тереңдету.
- Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, ойлауын және пәнге қызығушылығын дамыту.
- Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Пәнаралық байланыс
- Еңбекке баулу, әдебиеттік оқу
- Көрнекіліктер
- Слайдтар, жеке суреттер, дидактикалық материалдар
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың жүру барысы
Төменде сабақ кезеңдері рет-ретімен берілген. Мақсат — оқушылардың тұқым, гүл, жеміс туралы түсінігін жүйелеу және тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекіту.
Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Бүгін бізде ерекше сабақ өтіп жатыр. Тәртіп пен оқу деңгейін ұстаздар көріп отыр. Ендеше тәртіпті болайық, Күн сайын жақсы оқиық. Білім — әркімге қажет.
Үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау
1) Мәтін бойынша түсінік айту
«Күзде жапырақтар неге сарғаяды және неге түседі?» тақырыбы бойынша өз ойларын қысқаша баяндау.
2) Сұрақ-жауап
- Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады?
- Күзде жапырақтың түсі неге өзгереді?
- Жапырақ неге түседі?
- Жерге түскен жапырақтар мен қураған шөптердің қандай пайдасы бар?
- Күз мезгіліне байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?
3) Шығармашылық жұмыс
Кепкен жапырақтан жасалған жұмыстарды көрсету және қысқаша таныстыру.
Жаңа сабақ: «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі
Әр «қалпақ» — тапсырманың жеке бағыты. Оқушылар ой қозғап, салыстырып, дәлелдеп, қорытынды жасайды.
1-қалпақ: Ой қозғау (жұмбақтар)
Біреуін бердім, Онын тердім.
Жауабы: тұқым
Аласа терек Күлтеленген жалына, Ұнаса керек, Моншақ таққан малына.
Жауабы: тары
Жүзін орап гүлменен, Күнге қарап телмірер. Тіспен шағып, тілменен Дәмін татқан ел білер.
Жауабы: күнбағыс
Ой шақыру сұрақтары
- Тұқым деп нені айтамыз?
- Тұқым арқылы не жүзеге асады?
- Өсімдіктер тұқым арқылы қалай көбейеді?
2-қалпақ: «Ненің тұқымы?» дидактикалық ойыны
Жемістерді тиісті тұқымдарымен сәйкестендіру. Мақсат — жеміс пен тұқымның байланысын нақтылау.
3-қалпақ: Оқулықпен жұмыс
- 1Мәтінді оқып, түсіндіру.
- 2Оқушыларға іштей оқыту, кейін тізбектей оқыту.
- 3Мазмұны бойынша сұрақ-жауап.
4-қалпақ: Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желмен бірге ырғалған.
5-қалпақ: Дәптермен жұмыс
- 1Тақырыпты дәптерге жазу.
- 2Өсімдіктің тұқым арқылы көбеюін көрсететін сызба құрастыру.
Сызба үлгісі
6-қалпақ: Қорытындылау
Венн диаграммасы арқылы шырынды және құрғақ жемістерді салыстыру.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тақырыпты қайталау, тұқым арқылы көбею кезеңдерін мысалмен түсіндіріп келу.
Бағалау
Оқушылардың жауап беру белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағалау.