Ақмола бекінісі

Қызылорда қаласы • Шиелі ауданы • №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Тарих пәні мұғалімі: Есмұхамедов Сәкен Мұхамедқалиұлы

Пәні: Қазақстан тарихы • Сыныбы: 8

Ақмола тарихы: Ақмола туралы алғашқы мәліметтер

Бұл сабақта оқушылар Ақмоланың салыну тарихын, оның саяси-стратегиялық және экономикалық маңызын талдайды. Сонымен қатар қала мәртебесінің уақыт өте өзгеруін қарастырып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орны мен рөлін түсінеді.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Қаланың құрылу тарихын, саяси-стратегиялық және экономикалық маңызын түсіндіру; Ақмоланың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне назар аударту.

Дамытушылық

Әр түрлі тарихи кезеңдердегі оқиғаларды салыстыру дағдысын дамыту; логикалық ойлауды жетілдіру; тарихи картамен жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік

Туған жерге сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру; эстетикалық талғамды тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндірмелі баяндау
  • Оқулықпен жұмыс
  • Сипаттама беру
  • Тест

Көрнекілік

  • Карта
  • Сызба
  • Кітаптар

Пәнаралық байланыс

  • География
  • Әдебиет

Негізгі түсініктер

Әскери бекініс Округтік приказ Қала мәртебесі Ақмола бекінісінің тарихи кезеңдері Қалалықтардың кәсібі Тарихи-архитектуралық ескерткіштер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралдарының түгелдігін тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Сипаттама беру.
  2. Сұрақ-жауап.
  3. Өзіндік жұмыс.
  4. Кесте толтыру.

III. Өткен материалды қорытындылау

Алдыңғы тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен тұжырымдарды қайталап, байланысын анықтау.

IV. Жаңа материалды түсіндіру

Жоспар

  1. Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.
  2. Ақмола — аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.

Ізденіс жұмысы

«Ақмола энциклопедиясы» немесе қала тарихы туралы қосымша әдебиеттер негізінде оқушыларға зерттеу тапсырмалары ұсынылады. Сабақ барысында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихына қатысты тың деректерді міндетті түрде пайдалану ұсынылады.

Ізденіс кезінде оқушылар астананың әскери бекініс ретінде қалыптасу кезеңімен де танысады.

Топтық тапсырмалар

1-топ: Ақмола бекінісі

Географиялық орналасуы, табиғаты және табиғи ресурстары бойынша хабарлама дайындау.

  • Жалпы мәлімет
  • Рельефі
  • Климаты
  • Су ресурстары
  • Жер бедері
  • Халқы

2-топ: Ақмола округтік приказы

Аймақтағы ірі әкімшілік-экономикалық орталық ретінде сипаттама дайындау.

  • Жаңа басқару тәртібі
  • Экономикасы
  • Архитектурасы және қала құрылысы
  • Халқы
  • Білім беру

3-топ: Қаланың қалыптасу тарихы

Тарихи атаулар мен мәртебелік өзгерістерді хронологиямен көрсету.

Ақмола бекінісі → Ақмола округтік приказы → Ақмола → Целиноград → Ақмола → Астана

  • Жылдар
  • Қаланың мәртебесі
  • Архитектуралық ескерткіштер

4-топ: «Астананың ақ таңы»

Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы туралы хабарлама дайындау.

  • Негізгі тарихи кезеңдер
  • Саяси маңызы
  • Қазіргі мәртебесі

Сабақ соңында топтық жұмыстардың нәтижесі талқыланып, қорытынды жасалады және бағаланады.

V. Үй тапсырмасы

  1. Әр түрлі дереккөздерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің біріне сурет (немесе иллюстрация) дайындаңдар. Авторын, ғимарат атауын, көркемдік деңгейін және тарихи-мәдени маңызын сипаттаңдар.
  2. «Ұлы істі ұлы халық пен ұлы басшы ғана атқарады» тақырыбы бойынша қысқаша әңгіме жазыңдар.
  3. Тақырыпты оқып келу.

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы, дәлел келтіруі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.

VII. Қорытынды

Ақмоланың тарихи дамуының негізгі кезеңдері жинақталып, қала мәртебесінің өзгеру себептері мен оның өңірлік және ұлттық деңгейдегі маңызы тұжырымдалады.