Функцияның туындысын флюксия деп атаған кім
Білімнің маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу моделінен өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз», — деп атап өткен. Расында да, «Білімді азамат — ел ертеңі» және «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін — білім» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған.
Осы мақсатқа сай бүгінгі сабақта өз біліміміз бен белсенділігімізді көрсете отырып, туындыны есептеу ережелерін жүйелейміз. Сіздерге сәт сапар тілей отырып, сабағымызды бастайық.
Сабақтың тақырыбы
Туындыны есептеу ережелері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың туындыларды есептеу ережелері, күрделі және тригонометриялық функциялардың туындысы, сондай-ақ туындының физикалық және геометриялық мағынасы жөніндегі білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу және ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ой-өрісті дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімді практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі мен ресурстар
- Мультимедиа кешені
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Үлестірмелі қағаздар
- Тесттер
Сабақтың әдістері
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен, қонақтармен және ұстаздармен амандасу; оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру; ұялы телефондарын сөндірулерін сұрау.
Біреудің жүрегінің түгі бар,
Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.
Бәрінен де басты — барлығының,
Қатты істейтін миы бар.
Сабақтың өтілу барысы
-
1
Үй тапсырмасын тексеру
Функция туындысын табудағы қателерді анықтау.
№233 — «Функцияның туындысын табыңдар (қатесін тап)».
-
2
Нысана
Қайталау — білім анасы: негізгі ұғымдарды еске түсіру.
-
3
Формуланы білесің бе?
Дифференциалдау ережелерінің формулаларын қайталау.
-
4
Мен түсіндім
Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы түсінікті бекіту.
-
5
Қолдану
Формулаларды қолданып, торкөздердегі тапсырмаларды орындау.
-
6
Ойлап, тап
Тест сұрақтары арқылы білімді тексеру.
-
7
Зеректер
Берілген шартқа сай функцияны формулалармен өрнектеу.
-
8
Қорытынды
Сабақ нәтижелерін жинақтау, негізгі тұжырымдарды нақтылау.
-
9
Үйге тапсырма
Келесі сабаққа дайындық тапсырмаларын белгілеу.
Қайталау сұрақтары: негізгі ұғымдар
-
1) Айырымы қалай аталады?
Функция өсімшесі.
-
2) Функция өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасының шегі бар болса, ол не деп аталады?
Функцияның берілген нүктедегі туындысы.
-
3) Функцияның туындысын табу қалай аталады?
Дифференциалдау.
-
4) Нүктесінде туындысы бар функция осы нүктеде қандай функция деп аталады?
Дифференциалданатын функция.
-
5) Туындыны «флюксия» деп атаған кім?
Исаак Ньютон.
-
6) Туындының геометриялық мағынасы қандай?
Функция графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициенті.
-
7) Айнымалы шамалардың өсімшелерін белгілеу үшін грек әрпін қолданған кім?
Леонард Эйлер.
-
8) Жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысы қалай аталады?
Үдеу.