Қоян тақырыбында
Бұл сабақта балалар қоян туралы түсініктерін кеңейтіп, орман жануарлары жайлы білімдерін толықтырды. Әңгімелеу, жұмбақ шешу, тақпақ айту және ойын арқылы сөздік қорын байытып, есте сақтау дағдыларын дамытты.
1) Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Балалар бір-біріне жылы лебіз айтып, сабаққа жағымды көңіл күймен кірісті.
Қимылды әрекет
«Қояндар полькасы» биі орындалды.
2) Өткенді қайталау
Балалар көктем мезгілі туралы білімдерін сұрақ-жауап арқылы бекітті.
- 1 Қазір жылдың қай мезгілі?
- 2 Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- 3 Көктем айларын атайық.
- 4 Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?
- 5 Бір аптада неше күн бар?
3) Жаңа сабақ: «Ақ қоян»
Жұмбақ
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді.
Балалардың жауабы: Қоян.
Сұрақ-жауап арқылы таныстыру
Бұл қандай аң? — Қоян.
Қайда мекендейді? — Орманда (кейде үйде де ұстайды).
Баласын қалай атаймыз? — Көжек.
Қандай аң? — Қорқақ, құлағы ұзын, сүйкімді жануар.
Немен қоректенеді? — Сәбізбен.
Тосын сәт: Қоян қонаққа келді
Есікті біреу қағып тұрғандай болады. Секіріп ақ қоян кіріп келеді:
Қоян: «Сәлеметсіздер ме, балалар!»
Балалар: «Сәлеметсіз бе, қоян!»
Қоян: «Мен сіздермен танысайын деп қонаққа келдім.»
Тәрбиеші қоянды қарсы алып, тынығып алуға шақырады. Балалар қонаққа арнап тақпақ айтады.
Қоян:
«Ой, бәрекелді! Мен туралы әдемі тақпақтар айттыңыздар. Рахмет сіздерге!»
Балалардың тақпақтары
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Кетпе деймін қасымнан.
Бар ма, сірә, мұндай аң —
Өз-өзінен шошынған.
Мен кішкентай көжекпін,
Қорқақ емес, өжетпін.
Маған зорға тигені-ай —
Үлкендерден кезек тым.
Ерінбе, қояным,
Ертеңмен оянғын.
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.
Қоян, қоян, тұршы,
Бетің-қолыңды жушы.
Шашыңды тарашы,
Айнаға қарашы.
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Үркек қоян, сақ қоян.
Қаша берсең орманға,
«Қорқағым» деп ат қоям.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Ойын: «Қай аңның сүйікті асы?»
Мақсаты: жануарлардың немен қоректенетінін ажырату, сөздік қорды дамыту.
Өту барысы: бірнеше бала ойынға шығып, берілген жануарлардың қандай тағаммен қоректенетінін табады. Ойын қызықты әрі белсенді түрде ұйымдастырылады.
Қоян балаларға алғыс айтып, олардың қоян туралы көп мәлімет білетінін атап өтеді де, басқа да барар жерлері бар екенін айтып қоштасады.
Қорытынды
Қайталау сұрақтары
- Бүгін қандай тақырыпта сабақ өттік? — Қоян туралы.
- Қоян қандай аң? — Қорқақ, құлағы ұзын, әдемі, сүйкімді.
- Қайда мекендейді? — Орманда.
- Немен қоректенеді? — Сәбізбен.
Мадақтау
Балалар сабаққа белсенді қатысып, қоян туралы тақпақтарды мәнерлеп айтты. Әсіресе Аян, Асылай, Алижан, Ренат өз өнерлерін көрсетті.
Оқу іс-әрекеті аяқталды. Балалар мен келген қонақтарға қоштасу сөздері айтылады.