Мөлдір бұлақ ақты

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі

Бұл сабақ жоспары оқушыларға сөз тіркесі ұғымын толық меңгертуге, мағынасын терең түсінуге және грамматикалық ерекшеліктерін танытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Сөз тіркесі туралы білімді толықтыру, мағынасын түсіндіру және сөз тіркесінің грамматикалық ерекшелігін ұғындыру.

Дамытушылық

Оқушылардың дүниетанымын, ойлау, танымдық және шығармашылық қабілетін тапсырмалар мен сұрақтар арқылы бақылау, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Сауаттылыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке және бірлікке тәрбиелеу.

Өткізу әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Ойын
  • Топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Музыка
  • Дүниетану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе. Психологиялық дайындық

5 болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.

Мақсатымыз — білім алу, міндетіміз — еңбек ету.

Негізгі ұстаным

Сабақ барысында «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалын басшылыққа алып, бірлесе жұмыс жасаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар

  • Өткен сабақтарда не туралы оқып білдік?
  • Мәтін деген не?
  • Мәтіннің қандай түрлері болады?
  • Мәтінге ат қою деген не?
  • Тақырып деген не?
  • Мәтіндегі негізгі ой деген не?

Тест жұмысы

Оқушылар өткен тақырып бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

Дәптер алмастыру

Жұппен дәптер алмастырып, орындалған жұмыстарды тексеру.

III. Жаңа сабақ

1) Ребус шешу

Оқушылар ребус шешу арқылы жаңа тақырыпқа назар аударады.

2) Кестемен жұмыс

Мысал сөз тіркестері ұсынылады, оқушылар олардың байланысын байқайды:

ағаш қасық көк шөп мектеп мұражайы төрт тоқсан тез оқу мектепке келу дұрыс жазу есеп шығару

3) Ереже және бекіту тапсырмалары

Мұғалім ережені түсіндіреді, оқушыларға ережені оқытады және мысалдар келтіреді.

118-жаттығу: Ережені сұрақ қою арқылы түсіндіру және сөз тіркестерін талдау: Емен ағашы, жүйрік ат, темір күрек, киіз үй, жез шәугім, қой қора, күміс медаль, қыш құмыра, түлкі тымақ, қыл шылбыр, бота көз.

Талқылау сұрағы: сөз тіркесінің екінші сыңарлары қай сөз табынан жасалған? Кейін оқушылар осындай бес сөз тіркесін өздері құрастырады.

IV. Сергіту сәті

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Біздер сергіп қаламыз.

119-жаттығу (тақтада)

Оқушылар сөйлемдерден сөз тіркестерін табады және талдайды:

  • Жиырма оқушы оқыды.
  • Әдепті қыз боламын.
  • Мөлдір бұлақ ақты.
  • Жасыл қарындаш берді.

«Кім шапшаң?» ойыны

Үлгі бойынша сөз тіркесін құрау. Оқушылар 3 қатарға бөлініп, ауызша орындайды:

Үлгі 1

Зат есім + етістік

Үлгі 2

Сын есім + зат есім

Үлгі 3

Сан есім + зат есім

120-жаттығу (өзіндік жұмыс)

Берілген сөз тіркестерінің қай сөз таптарынан жасалғанын анықтау:

биік тау мөлдір бұлақ кең өріс ашық аспан ақ тауық таза сынып таза жазу үлкен үй тәтті шырын қалың қар терең құдық жақсы оқушы

«Тіркесін тап» ойыны

Кодоскопта жазылған сөздерге ауызша сөз тіркестерін құрастыру:

өзен төсек көбелек көктем жыл сурет көмір үй

«Ойлан, тап!» ойыны (карточкамен жұмыс)

Сұрақтар:

  1. Отан туралы мақал айт.
  2. Қазақтың үш биін ата.
  3. «Бишілер» сөзін сөз құрамына талда.
  4. Қазақстанның жер көлемі қанша?
  5. Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі?
  6. Өзім сөзден тұрамын, аяқталған ойды құрамын. Қандай сөз шықты?

Дұрыс жауап: Республика күні.

Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды?

Қазақ КСР-і қай уақыттан бастап Қазақстан Республикасы деп атала бастады?

Тәуелсіздікке байланысты қандай өлеңдер білесіңдер? (жатқа айту)

V. Сабақты қорытындылау

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін не үйрендік?
  • Сөз тіркесі деген не?
  • Қандай жұмыстар орындадық?
  • Қай мақалға сүйеніп жұмыс жасадық?
  • Бірлесіп жұмыс жасасақ, қандай нәтижеге қол жеткіземіз?
  • Сабақ сендерге ұнады ма?

Бағалау және үй тапсырмасы

Оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үй тапсырмасы: берілетін тапсырма мұғалімнің жоспарына сәйкес нақтылап жазылады.