Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту
Ана тілі • 1-сынып
Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері
Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?
Бұл сабақта оқушылар дыбыстардың түрлерін (дауысты және дауыссыз) ажыратып, олардың әріптерімен байланысын түсінеді. Сонымен қатар төрт түлік туралы білімін кеңейтіп, әр малдың ерекшелігі, пайдасы және өзіне тән қасиеттері туралы мағлұмат алады.
Сабақтың мақсаттары
1) Оқу дағдысы
Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту.
2) Тіл және ойлау
Сөздік қорын және тілдік байлығын дамыту; дүниетанымын кеңейту; қиялын, ақыл-ойын жетілдіру.
3) Тәрбиелік бағыт
Жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға және сауатты жазуға тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық
Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза, мөлдір көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық.
Балалар, маған қарап күлімдейміз.
Бір-бірімізге қарап күлімдейміз.
Қонақтарға қарап күлімдейміз.
Бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге сәттілік тілейміз.
Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары
- Дауысты дыбыстарды жатқа айту.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарға нелер жатады?
- Дауыссыз дыбыстарға нелер жатады?
Төрт түлік және олардың пірлері
Төрт түлік
Қазақ дүниетанымында төрт түлік — тұрмыстың тірегі, берекенің белгісі. Әр малдың өз ерекшелігі мен пайдасы бар.
Малдың пірлері
- Қой атасы
- Шопан ата
- Жылқы атасы
- Қамбар ата
- Ешкі атасы
- Сексек ата
- Түйе атасы
- Ойсылқара
- Сиыр атасы
- Зеңгі баба
Оқулықпен жұмыс: «Төлді қалай шақырады?»
Шақыру сөздері
Қошақаным
пұшайт, пұшайт
Шөкетайым
шөре, шөре
Құлыным
құрау, құрау
Әукешім
аухау, аухау
Ботақаным
көс, көс
Сөздік жұмысы
- Шөкетай
- Ешкінің төлі.
- Жапан
- Иен (кең) дала.
- Көкке
- Аспанға қарау.
- Елпеңдеген
- Ойнақтап, құтырынып ойнау.
Қорытынды
Рефлексия сұрағы
Сабақтан қандай әсер алдыңдар? Бүгін қандай жаңа мәлімет үйрендіңдер?
Материал
Бактыгожина А. С. — «Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?»
Көрнекілік
Слайдтар: сабақ тақырыбы; «Өө» әрпі мен дыбысы.