Бірінші сан екінші санның процентін таба білу дағдыларын бекіту

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Математика
Сынып
5
Сабақ тақырыбы
Бөлінді бойынша бірінші санның екінші санның неше процентін құрайтынын табу (презентациямен)
Сабақтың типі
Бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдер
Ойын технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы
Құрал-жабдық
Интерактивті тақта
Көрнекіліктер
Слайдтар, карточкалар, кесте

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Бірінші санның екінші санға қатысты процентін табу дағдыларын бекіту.

Білімділік

Тақырып бойынша есептер шығарту арқылы оқушылардың білімін және дағдыларын пысықтау.

Дамытушылық және тәрбиелік

  • Оқушылардың қабілеттерін дамыту.
  • Ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабаққа дайынсыңдар ма? Жақсы, отырамыз.

— Кезекші, сыныптағы оқушылар түгел ме?

II. Үй тапсырмасын тексеру

— Үйге қандай тапсырма берілді? Төмендегі сұрақтар бойынша қысқаша қайталау жүргізіледі:

  1. 1 Процент деп нені айтамыз?
  2. 2 Қандай шамалар процентпен өрнектеледі?
  3. 3 Берілген санның процентін қалай табамыз?
  4. 4 Процентті бөлшекпен қалай өрнектейміз?

Негізгі ережелер мен формулалар

Процентті жазу және түрлендіру

  • Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін процент санын 100-ге бөлу керек.
  • Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін оны 100-ге көбейтіп, соңына % белгісін тіркеп жазу керек.

Берілген санның процентін табу

  1. 1 Процентті бөлшекпен өрнектеу.
  2. 2 Берілген санды осы бөлшекке көбейту.

Формула

b = a × (P / 100)

  • a — берілген сан
  • b — берілген санның процентке сәйкес мәні
  • P — процент

Проценті бойынша санды табу

Егер b саны a санының P%-ын құраса, онда a санын табу үшін:

  1. 1 Процентті бөлшекпен өрнектеу.
  2. 2 Берілген санды осы бөлшекке бөлу.

Формула

a = b ÷ (P / 100)

  • a — проценті бойынша табылатын сан
  • b — проценті берілген сан
  • P — процент

Ескерту

Процентке байланысты есептерде алдымен P% мәнін бөлшекке айналдырып, содан кейін көбейту немесе бөлу амалын таңдаймыз.