Экспо көрмесі Қазақстан ішінде өтетін көрме

Сабақтың тақырыбы

«ЭКСПО – 2017: Қазақстанның болашағы»

Мақсаты (білімділік)

1851 жылдан бастау алатын дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып, 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің еліміз үшін қажеттілігі мен маңызын түсіндіру, білім қалыптастыру.

Мақсаты (дамытушылық)

ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізу үшін жүргізіліп жатқан шараларға қатысты өз ой-пікірін нақты әрі дәл жеткізу қабілетін дамыту.

Мақсаты (тәрбиелік)

Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту, елдік жауапкершілікті нығайту.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайд
  • Карточкалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Сергіту сәті: «Сәлемдесу» ойыны

Қимылды жылдам орындау тапсырмасы: мұғалім қалай амандасу керегін айтады, оқушылар бір-бірімен тез амандасады (қолмен, аяқпен, көрісу және т.б.).

Мұғалімнің сұрағы

«ЭКСПО деген қандай көрме?»

ЭКСПО туралы қысқаша түсінік

Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерін таныстырып, табыстарын салыстыру үшін халықаралық деңгейде бас қосып отыруды дәстүрге айналдырған. Бұл дәстүр «халықаралық көрме» немесе «ЭКСПО» деп аталады.

Атауы мен мәні

«ЭКСПО» атауы «экспонат» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы — «жәдігер». Бұл — дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктері мен жаңалықтарын көрсететін алаң.

Тарихы

ЭКСПО көрмесінің негізін қалаушы ретінде ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбритания ханзадасы Альберт аталады. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 1851 жылғы 1 мамырда Лондонда, Гайд-парк аумағында ашылды. 20 апта ішінде көрмені 6 миллион адам тамашалаған.

Халықаралық құрылым

Бүгінде ЭКСПО қозғалысына 161 мемлекет мүше. Көрмені ұйымдастыру ісін үйлестіру үшін Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) құрылған, штаб-пәтері Парижде орналасқан. Қазақстан ХКБ-ға 1997 жылы мүше болып кірді.

ЭКСПО көрмелерінің түрлері

Халықаралық әмбебап көрме

  • Әр 5 жыл сайын өткізіледі.
  • Экспонаттар 6 ай бойы көпшілік назарына ұсынылады.

Халықаралық мамандандырылған көрме

  • Белгілі бір тақырыпқа арналады.
  • Әдетте 2–2,5 жылда бір рет өткізіледі.
  • Ұзақтығы — 3 ай.

ЭКСПО – 2017 мерзімі

Мамандандырылған халықаралық көрменің өту уақыты 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығы болып белгіленді.

Бейнематериал

Қазақстан арнасының тілшілері дайындаған бейнебаянды көруге ұсыныс беріледі.

Елбасы сөзі және идеяның өзегі

Н. Ә. Назарбаевтың сөзіне сүйенсек, бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет әрі қуанышты оқиға. Астанада ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізіп, өз экспозициямызды заманауи технологиялармен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл нысан жаңа Елордамыздың маңызды брендтерінің біріне айналуы тиіс.

Сайыс: «ЭКСПО – 2017: Қазақстанның болашағы»

Әділқазылар

Сайысты бағалайтын әділқазылар алқасы ортаға шақырылады.

Кіріспе шумақ

Ойың толқып жатқанда асып-тасып, Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып. Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар, Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Сайыс кезеңдері

  1. 1) «Шын жүйрікте шаршау жоқ»

    Әр командаға 10 сұрақ қойылады. Жауап «иә» немесе «жоқ» түрінде беріледі. Әр дұрыс жауап — 5 ұпай.

  2. 2) PowerPoint-та слайд жасау

    «ЭКСПО – 2017: Қазақстанның болашағы» тақырыбында 6 беттен тұратын презентация әзірлеу және оны қағазға шығару.

  3. 3) «ЭКСПО – 2017» пайдасы мен тиімділігі

    Көрменің ел үшін маңызы туралы ойды негіздеп, ортаға салу.

  4. 4) Sinkuein: 5 жолды өлең стратегиясы

    Берілген сөздерді пайдаланып, 5 жолды өлең құрастыру.

I кезең тапсырмалары: «Иә / Жоқ»

«Білім» тобы

  • 1) ЭКСПО Қазақстанда 2017 жылы өтеді. Иә
  • 2) Алғашқы Бүкіләлемдік көрме Қазақстанда өтті. Жоқ
  • 3) Қазақстан ЭКСПО қозғалысына 2005 жылдан бастап белсенді қатыса бастады. Иә
  • 4) Бүкіләлемдік көрме Астанада 10 жыл өтеді. Жоқ
  • 5) Әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатысады. Иә
  • 6) Көрме баламалы энергия мен жасыл технологияларға арналған. Иә

«Ғылым» тобы

  • 1) ЭКСПО — тек Қазақстан ішінде өтетін көрме. Жоқ
  • 2) 1851 жылы Лондонда ЭКСПО өтті. Иә
  • 3) ЭКСПО Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында өтеді. Жоқ
  • 4) Қазақстанда көрме «Болашақ энергия» тақырыбында өтеді. Иә
  • 5) Астанада өткізу идеясын 103 ел қолдады. Иә
  • 6) Бұл — ТМД елдерінде өтетін алғашқы ЭКСПО көрмесі. Иә

Қорытынды ой

Қорыта айтқанда, заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде жүйелі түрде қолға алынса, дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді едәуір төмендетуге мүмкіндік туады. Бұл қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғауға ғана емес, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың сатып алу қабілетін арттыруға да ықпал етеді.

Сондықтан тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO – 2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық жеңіске жететінімізге сенеді және Халықаралық көрмелер бюросының делегаттары оң шешім қабылдайды деген үміт бар. Өйткені біз үшін бұл жеңістің мәні ерекше.

Қорытынды шумақ

Өрбітіп ойлар ойда қала берер, Білім, сана толастамай жана берер. Әділқазыларды ортаға шақырайық, Сайыскерлерге әділ баға берер.

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Автор туралы мәлімет

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Оқушылар сарайы ММ
Компьютерлік дизайн үйірмесінің жетекшісі: Мурзагельдина Айсұлу Таңжарыққызы