Қазір көктем
Қазақ тілі • 3-сынып
Сабақ тақырыбы: Көктем
Сабақ түрі: жаңа сабақ • Сабақ әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Көктем айлары туралы мәлімет беру.
- Сурет бойынша әңгіме құрау дағдысын дамыту.
- Сөздік қорды байытуға бағытталған жұмыстар жүргізу.
Тәрбиелік
- Табиғатты, қоршаған ортаны сүю қажеттігін түсіндіру.
- Жыл құстары туралы әңгімелеу.
- Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Сөздік қорды толықтырып, тіл дамыту.
- Дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері оқушының қызығушылығын оятып, мәтінмен жұмыс пен тілдік тапсырмалар арқылы бекітуге құрылған.
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың ынтасы мен зейінін сабаққа аудару.
- Кезекші оқушыны анықтау.
- Сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.
- Күнтізбелік сұрақтар: бүгін Наурыздың нешесі, аптаның қай күні?
Жылыту сұрақтары
•Сыныпта кім кезекші?
•Сыныпта кім жоқ?
•Бүгін Наурыздың нешесі?
•Аптаның қай күні?
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма 1
Мәтін бойынша диалог құру.
Тапсырма 2
Жыл мезгілдеріне сурет салып келу және суретті түсіндіру.
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру (кіріспе)
Мұғалім оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қояды:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем екенін қайдан білдіңдер?
4) Сөздікпен жұмыс
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Гүлдеді | зацвели |
| Ұшып келе бастады | начали прилетать |
| Құстың ұясы | скворечник |
| Орнатты | прикрепил |
| Қатты | сильный |
| Қуанды | радовался |
5) Мәтінмен жұмыс
Мәтін: «Көктемде»
Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас қараторғайға ұя жасады да, оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қатты қуанды.
Тапсырма
- Алдымен мәтінді тыңдаймыз, кейін өзіміз оқимыз.
- Кезекпен оқыту: «Қане, кім оқиды?»
Мәтін бойынша сұрақтар
- Мәтін не туралы?
- Құстар қайдан келді?
- Алмас не жасады?
Тәрбиелік ой
Құстарға ұя жасау — қамқорлықтың белгісі. Көктемде табиғатты қорғау, құстарға көмектесу маңызды.
6) Диалог оқу
Оқушылар жұппен оқиды және рөлге бөліп айтады.
— Қазір қай жыл мезгілі?
— Қазір көктем.
— Көктем айлары қай айлар?
— Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
— Наурыз айында неше күн бар?
— Наурыз айында 31 күн бар.
— Наурыз айында қандай мерекелер бар?
— Наурыз айында 8 наурыз және 22 наурыз мерекелері бар.
— Саған көктем ұнай ма?
— Иә, ұнайды.
Көктемгі мерекелер
Сөзжұмбаққа дайындық және есте сақтауға арналған бөлім.
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
- 22 наурыз Наурыз мерекесі
- 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
- 9 мамыр Жеңіс күні
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
7) Тақтамен жұмыс
Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Көктемде ..... жылынады.
Жерге ..... шығады.
..... ұшып келеді.
Ағаштың ..... жасыл.
Мен ..... ұнатамын.
Керекті сөздер
8) Жұмбақтар
Жұмбақ 1
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
Жұмбақ 2
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкке қызыл-жасылды ....... асылды.
Жұмбақ 3
Сырт-сырт етеді,
Уақыт өтеді.
Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат —
Оның аты .......
Жұмбақ 4
Бір ағашта 12 ұя,
Әр ұяда 30 жұмыртқа бар.
Жұмбақ 5
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды.
Жұмбақ 6
Суықтан да тоңбайды.
Құрт, құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғайды.
9) Сөйлемдерді дұрыс құрастыр
- Жиі-жиі жаңбыр көктемде жауады.
- Күн мен түн теңеледі.
- Құстар көктемде ұшып келеді.
10) Топпен жарыс
Төмендегі сұрақтарға топ болып жауап беріңдер:
- Неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір айда неше күн бар?
- Бір айда неше апта бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір тәулікте неше сағат бар?
- Бір сағатта неше минут бар?
- Бір минутта неше секунд бар?
11) Сабақты бекіту
«Ұшты-ұшты» ойыны
Ұшты-ұшты — арба ұшты.
Ұшты-ұшты — қарға ұшты.
Ұшты-ұшты — сырға ұшты.
Ұшты-ұшты — тырна ұшты.
Қорытынды: бүгін біз көктем айларын қайталадық, мәтінмен жұмыс жасадық және жаңа сөздерді меңгердік.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу («Көктемде»).
- Жаңа сөздерді жаттау.
- Көктем айларын жатқа білу (наурыз, сәуір, мамыр).