Қош бол, бастауыш

Қош бол, бастауыш!

Бұл кеш — бәрімізге таныс, жүрекке жақын сәт. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың» деген сөз дәл осы күнге айтылғандай. Осыдан төрт жыл бұрын бүгінгі оқушыларымыз мектеп табалдырығын алғаш аттаған еді.

Көрініс: 1

1-жүргізуші

Иә, балалар, осындай сәт бәріміздің басымыздан өткен. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың деген — сірә, осы болар. Осыдан төрт жыл бұрын бүгінгі оқушыларымыз мектеп табалдырығын аттаған еді.

2-жүргізуші

Иә, біз алғашқы күннен бастап ұстазымызбен танысып, партаға қалай отыру керектігін, сондай-ақ басқа да мектеп ережелерін үйрендік.

1-жүргізуші

Міржақып ақын: «Бұл оқу тамақ болар қарның ашқанда, жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас, біле білсең, білім озар — ақыры керек болар бір сасқанда».

Демек, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өтетін «Қош бол, бастауыш!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Құрметті қонақтар!

Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн — осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Өйткені осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің іргетасы қаланатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып, енді бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Түлектерді ортаға шақыру

«Бесіктегі баланың күлгенін көрген — бір мұрат, алдына түсіп ананың жүргенін көрген — бір мұрат» — дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

1-жүргізуші

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4-сыныптарды ортамызға!

Сыныптар

  • 4 «А» сыныбы Сынып жетекшісі: ______________________
  • 4 «Г» сыныбы Сынып жетекшісі: ____________________

Қоштасу тойы

2-жүргізуші

Қоштасу тойын бастайық, Ән мен биге басайық. Өнерлерін көрсетіп, Құрметіне бұл тойдың Ән мен шашу шашайық. «Ән шашу» әнін қабыл алыңыздар!