Көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат
Табиғат туралы жұмбақтар
Табиғат құбылыстары, аспан әлемі, су мен жел, қар мен мұз — бәрі де халық жұмбақтарында бейнелі тілмен суреттеледі. Төмендегі жинақта әр жұмбақтың жауабы қатар берілді.
Ай
Аспан әлеміҚасқанағы қылтылдап, көзқарасы жылтылдап.
Жауабы: Ай
Орақ болып туады, табақ болып тынады.
Жауабы: Ай
Бейнесі суда дірілдейді, қармаққа бірақ ілінбейді.
Жауабы: Ай
Көк төрінде жоғары, ілулі тұр атамның сапталмаған орағы.
Жауабы: Ай
Керегенің басында кетпен құйрық, кесіп алса, таусылмас неткен құйрық.
Жауабы: Ай
Қонақтап күнде қонар су бетіне, сүйсінер барлық адам келбетіне. Тұлғасы су ішінде көрінеді, таңырқап қарап тұрсам суретіне.
Жауабы: Ай
Мұхит пен мұз
Су кеңістігіМұхиттардың ортасында аппақ тау бар, түк өспейді жер шарының картасында, оған еш шың теңеспейді.
Жауабы: Айсберг
Мұхитта дәу бір қалқып тұрған тау бар.
Жауабы: Айсберг
Аспан, күн және кеңістік
Жоғары әлемКөкжиегі тұйық дөң, шатыр тіккен биік кең.
Жауабы: Аспан
Төрінде тұр нұр көзі, жердің биік күмбезі.
Жауабы: Аспан
Әйнектей көгілдір, теңіздей тым мөлдір.
Жауабы: Аспан
Күмбез сынды кең сарай, еш жерде жоқ тең сарай.
Жауабы: Аспан
Айдалада көк шатыр, көк шатырда қызыл көзді шал жатыр.
Жауабы: Аспан мен Күн
Қағыл, қағыл, қағыл кілем. Қағайын десем ауыр кілем. Сатайын десем тәуір кілем.
Жауабы: Аспан мен Жер
Ауа, аяз, боран, жел
Қозғалыс пен суықТіршілік ауасыз — тек. Ұстасаң қауқар жоқ, айналаңды қоршаған көк, одан асқан кәусар жоқ.
Жауабы: Ауа
Түсі бар, көрінбейді; біртұтас, бөлінбейді. Тынысы — тіршіліктің, ешқашан жерінбейді.
Жауабы: Ауа
Ештеңеден қаймықпай, көзді арбаған өрнекпен. Сурет салар айнытпай — шебер еді ол неткен?
Жауабы: Аяз
Өзі көрінбейді, адамды тоңдырады; ызғары дірілдетіп, есіңнен тандырады.
Жауабы: Аяз
Қолы да жоқ, қаламы да жоқ, бірақ көп сурет салады.
Жауабы: Аяз
Тоңғақты таниды, беті-қолыңды қарыды.
Жауабы: Аяз
Жерді тырнап, бұтаны ырғап, шөпті сипап, зырлап ұшады; жанын қинап, зарлап ұлиды.
Жауабы: Боран
Бір дүлей күш — қас пейілді. Итереді кеудеңнен. Алысайын десең, қолға түк ілікпейді.
Жауабы: Боран
Өзі көрінбейді, терезені ұрады. Сөзі жоқ — ысқырып тұрады; аяқ-қолы болмаса да, серуен құрады. Бұл не?
Жауабы: Боран
Жер түбінен боз жорға ат келеді.
Жауабы: Боран
Қуып едім — мойнын бұрмады; ұстайын деп едім — қолға тұрмады.
Жауабы: Боран
Ағаштарды шайқайды, өзі көзге көрінбейді. Сай-сайды шарлағанда, бір сәт ерінбейді.
Жауабы: Жел
Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ — қашады.
Жауабы: Жел
Бұлт, жаңбыр, бұршақ, дауыл
Ауа райыЗәулімде тұрағы бар, тіреусіз тұрады.
Жауабы: Бұлт
Дәу шүйкесін күн алды, көк теңізге түсіріп; шығарды да жұлбасын, жел әкетті ұшырып.
Жауабы: Бұлт
Етек-жеңі жиналмай, дауыл тұрса дым қалмай; түйдектеліп көшеді, тоз-тоз болып өшеді.
Жауабы: Бұлт
Қара алып жарқыратып, жасын атып, күркірейді. Суды сайға сарқыратып, демі шөпті сілкілейді.
Жауабы: Бұлт
Көшіп жүріп желменен, қыраттарға тамшысын сеуіп шықты.
Жауабы: Бұлт
Бірде селдір жабағы, бірде теңбіл жабағы.
Жауабы: Бұлт
Будақ түтін — түсі аппақ, көк жүзіне тұзақтап қойғандай-ақ жылжымай, тауды құшақтап өбеді.
Жауабы: Бұлт
Көк көрпенің мақтасы — әр жерде жүр бытырап. Біріктіруге қол жетпес, шіркін, ысырап.
Жауабы: Бұлт
Шашылды көктен ақ моншақ, жоғалды біздер тапқанша-ақ.
Жауабы: Бұршақ
Дауыл ақ дән ұшырып, аспаннан шашып өтті. Шекемізді ісіріп, үйге қаштық сасқаннан.
Жауабы: Бұршақ
Ақ құмалақ шашылды жан-жаққа бырдай боп. Күн көзі ашылды, жер қапты жұрдай боп.
Жауабы: Бұршақ
Шөміші жоқ — теңізді сапырады. Кебісі жоқ — егінді жапырады.
Жауабы: Дауыл
Аспаннан домалап, көп моншақ төгілді. Бусанып жон-алақ, терледі, керілді.
Жауабы: Жаңбыр
Көкте туып, жерде өледі.
Жауабы: Жаңбыр
Төбеден төнеді, тамшысын төгеді. Сол кезде ой қаулап, бәйшешек өнеді.
Жауабы: Жаңбыр
Бұлақ, су, тамшы
Тіршілік нәріБірде былдыр-былдыр, сәбилердің тіліндей; бірде сыңғыр-сыңғыр, қоңыраудың үніндей. Бұл не?
Жауабы: Бұлақ
Сынаптай жылтырап, биіктен сырғиды; ән салып былдырап, ылдиын іздейді.
Жауабы: Бұлақ
Еш тесікте тұрмайды, ол жоқта жер құрғайды.
Жауабы: Су
Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ тыныш тұрмайды. Сақтамасаң — қорың тек, барша тірлік қурайды.
Жауабы: Су
Аспан түстес сұйық, әркім ішер құйып.
Жауабы: Су
Қара атым қалтырауық, қабырғасы жалтырауық.
Жауабы: Су
Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.
Жауабы: Су
Күннің көзі түйілді, көкте бұлт үйірілді. Сұйық моншақ шашылып, жерге нәр боп құйылды.
Жауабы: Тамшы
Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
Жауабы: Тамшы
Жер, жұлдыз, кемпірқосақ, көкжиек
Көрініс пен кеңістікАлып кілем — үсті кілең гүлге толы.
Жауабы: Жер
Сарайдың сансыз шырағы, нұр шашып самсап тұрады.
Жауабы: Жұлдыз
Жылт-жылт етіп төбемде, түсе алмай тұр төменге.
Жауабы: Жұлдыз
Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді.
Жауабы: Жұлдыз
Үй үстінде ұсақ тас.
Жауабы: Жұлдыз
Там басына тары септім.
Жауабы: Жұлдыз
Жарқылдан соң жаңағы, суға бөкті бар алап. Көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат!
Жауабы: Кемпірқосақ
Келістіріп өрнегін, құрып қойды өрмегін.
Жауабы: Кемпірқосақ
Жаңбыр жуды жерімді, көкте өрмек керілді.
Жауабы: Кемпірқосақ
Алып мұхит — ақ алау, шеті шексіз жағалау.
Жауабы: Көкжиек
Ауыл сыртындағы сайда үлкен айна жатыр.
Жауабы: Көл
Күн, түн, сәуле, жаңғырық
Нұр мен үнҮлкен алтын табақтан әлемге нұр таратқан.
Жауабы: Күн
Алауға оранып, көкке өрлеп шығады. Бір айналып оралып, көкжиекке батады.
Жауабы: Күн
Өзі жырақ тұрғанымен, шырақ көзі таусылмайды.
Жауабы: Күн
Қос алып көз: бірі жарықта көреді, бірі қараңғыда көреді.
Жауабы: Күн мен Ай
Әлемнің қос күзетшісі: бірі күндіз тынығады, бірі түнде тынығады.
Жауабы: Күн мен Ай
Мекені көкте — екі ару; бір-бірін көруге зәру.
Жауабы: Күн мен Ай
Бір тәулікте екі жайын: бірі кетсе, бірі дайын.
Жауабы: Күн мен Түн
Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.
Жауабы: Күннің сәулесі
Кім әйнекті сындырмай, ішінен өтіп кетеді?
Жауабы: Күннің сәулесі
Айтқаныңды айнытпай, өзіңе қайтарады; тіл қатқанмен қаймықпай, көзіңе көрінбейді.
Жауабы: Жаңғырық
Дауысыңды қайталап, жырақтан айнытпай құлағыңа жеткізеді.
Жауабы: Жаңғырық
Терезеден сезіледі, қараңғыны көшіреді.
Жауабы: Сәуле
Қар, қырау, мұз
Қыс көрінісіӘуеде ақ мамық қалбалақтап ұшады. Қанаты талып, жерге барып құшады.
Жауабы: Қар
Аспаннан ақ ұлпа борайды, қырқаны сейсепке орайды.
Жауабы: Қар
Қыс қоймасын ақтарып, жерді ақ мамық жапты.
Жауабы: Қар
Қыста ғана болады: ұстасаң, қолың тоңады.
Жауабы: Қар
Тап-тап жорға, табаны жалпақ боз жорға. Үйірі келсе кісінемес, шөптің басын тістемес.
Жауабы: Қар
Ұлпа мамық аппақ, жүрмін оны таптап. Күн жылынған кезде, тұра алмаймын сақтап.
Жауабы: Қар
Мамықтай ұлпа, қанттай ақ: қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады.
Жауабы: Қар
Мүлгіп тұрған бақ тыныш, ораныпты ақ күміс.
Жауабы: Қырау
Қыс болса құрып өрмегін, салды небір өрнегін.
Жауабы: Қырау
Көлдің беті — көк әйнек: сырғанауға тым әйбәт!
Жауабы: Мұз
Қыс бойы біз коньки тепкенде, айдын мөп-мөлдір көгілдір. Көктемде тозбаған көрпесі бір күнде-ақ бой-бой боп сөгіледі.
Жауабы: Мұз
Суда қалқиды, жылыда балқиды.
Жауабы: Мұз
Қыста шыны боп қатады, жылыда су боп жатады.
Жауабы: Мұз
Суға батпайды, отқа жанбайды.
Жауабы: Мұз
Судан жаралады, суда жоғалады.
Жауабы: Мұз
Найзағай, нұр, тұман
Күш пен құбылысАспанды от қамшы осады, ащы үнін ышқынып қосады.
Жауабы: Найзағай
Дүрліктіріп қырқаны, шақпақ тастың жарқылы бұлт көрпесін жыртады.
Жауабы: Найзағай
Айдаһар аузын ашса — арс етеді, гауһары жерге түссе — жарқ етеді.
Жауабы: Найзағай
Күн көзінен құйылады, жер бетіне жиылады. Құшақ ашып барша тірлік қуанады, сыйынады.
Жауабы: Нұр
Сұрғылт түтін маңайды бүркесе, талайды адастырады.
Жауабы: Тұман
Аспан түйді қабағын, сұр пердесін керіп, жердің танабын жапты.
Жауабы: Тұман
Өзен, тау, тас, теңіз
Жер бедеріТуған жердің белбеуі шұбатылып қалыпты. Керемет-ау кернеуі — тасты тесіп жарыпты.
Жауабы: Өзен
Дедектейді, зырлайды, артқа мойын бұрмайды.
Жауабы: Өзен
Өркешіне мұз артқан, шудасынан су аққан. Мынау неткен қара нар — күншіліктен мұнартқан?
Жауабы: Тау
Орман-тоғай, тастың бәрін көтеріп, жапанда шөгіп жатқан үлкен нар.
Жауабы: Тау
Қия шыңнан құлайды, тасты бұзып арыны. Ақ жалданып тулайды, құлақ жарар сарыны.
Жауабы: Сарқырама
Өртесең де ерімейді, тот басып шірімейді, өн бойына су сіңбейді, ылғал тартып ірімейді.
Жауабы: Тас
Бұйра жасап сан қилы, сұйық жазық шалқиды.
Жауабы: Теңіз
Сағым, құйын, сел
Көз алдау мен күшАлдымда тұрды ақ түбіт, бірақ ұстай алмадым — жүгіріп барып аптығып.
Жауабы: Сағым
Қызыл құмда көл жатыр, шымылдықтай шайқалып. Бұдан аумас ол тақыр — көлбейді тек жайқалып; ұстай алмас қол батыр, желмен кетер найқалып.
Жауабы: Сағым
Шөпті жапырып, құмды сапырып, қоқысты үйіріп әкеткен не?
Жауабы: Құйын
Деп-демде шытынап, шынысы төменге ағылды.
Жауабы: Сел
Астрономия: Үркер, Шолпан, құйрықты жұлдыз
Түнгі аспанКүзде шығыстан, қыста төбеден, көктемде батыстан көрінеді. Шілдеде күн қасында болып, түнде жоғалатын не?
Жауабы: Үркер
Дұрыстап аңғарсаң — көктегі бағдаршам.
Жауабы: Үркер
Мөлдір көкте бір ғана, шоқтай жайнап тұр дара.
Жауабы: Шолпан
Күнді айналып қозғалады, артында жарық жол қалады.
Жауабы: Құйрықты жұлдыз
Табиғат ұсақ белгілері: шық, шөл, экватор
ҰғымдарМөлдіреген жүзімді ұстап едім — езілді.
Жауабы: Шық
Қурап тұрған кеңістік, күн күйдірер маңдайды. Аптабы бар ең ыстық, кебірсітеді таңдайды.
Жауабы: Шөл
Күн мен түннің кіндігін, жер шарының ендігін қақ бөліп тұр тепе-тең — жұмыр жердің белдігі.
Жауабы: Экватор
Дереккөз: zagadki