Құлыптың кілті басқа
«Жаңа жылдық ертегі»
Құрметті ата-аналар, апайлар, балдырғандар! Міне, тағы да бір жылды қарсы алуға жиналдық. Өткен жыл еліміз үшін бейбіт те тыныш, берекелі жыл болды. Балдырған бөбектеріміз жасына жас қосып, тағы да бір жасқа өсті. Келе жатқан Жаңа жылымыз бәріміз үшін құтты, жемісті жыл болсын!
Келеді, міне, Жаңа жыл аппақ болып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.
Ауламыздың тұсына қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып.
Айша
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Достардың барлығы үлгерді ме, санашы! (Қалған балалар залға кіріп, шеңберге тұрады.)
Шыршамыз, шыршамыз — көңілдіміз баршамыз.
Ән салуға, би билеуге біз дайынбыз бәріміз.
Ақпейіл
Жасыл шырша жанында барлық достар жиналды.
Кәне, балақай, байқашы — мән беріп қарашы!
Келді тағы Жаңа жыл, қуантумен біздерді.
Құтты болсын Жаңа жыл — құттықтаймыз сіздерді!
Ал, балалар, құр тұрмайық. Ханзада мен Ханшайымды шақырайық.
Ән салайық, би билейік — Жаңа жылды қарсы алайық!
Сандық құпиясы
Көрініс: Шырша жанында сандық тұр. Ханзада мен Ханшайым көңілсіз отыр.
Ханшайым
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көріп тұрған шығарсыңдар, біз қиын жағдайға тап болдық.
Тоқта, сабыр сақта. Балаларға «сыйлық жоқ» деп қорқыта бермейік. Сандықтың сиқырын ашудың барлық жолын қарастыруымыз керек.
Менің ойымша, құлыптың кілті міндетті түрде бар. Біз қалай да кілтін табуымыз керек.
Ханзада
Сендерге Аяз ата сандық толы сыйлық дайындаған еді. Бірақ біз оны сақтай алмадық.
Ашулы сиқыршы өз сиқырымен сандыққа алты құлып салып тастады. Ол балалардың қуанып жатқанын көргісі келмейді — жүрегі қара, қуана білмейді.
Енді сыйлықсыз мереке бола ма? Сиқыршы кілттерді әртүрлі ертегілерге лақтырып жіберген екен. Қай ертегіден табамыз?
Балалармен келісім
Ханшайым: Біз кілтті табуға жолға шығуымыз керек.
Ханзада: Дұрыс айтасың. Бізді ұзақ жолдар күтіп тұр.
Ханзада: Балалар, сиқырланған құлыптың кілтін табуға бізбен барасыңдар ма?
Балалар: Иә!
Ханшайым: Арам пиғылды күштерден қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ, қорықпаймыз.
Ханшайым: Жолымыз жеңіл болсын деп бір жақсы ән айтайық. Ән білесіңдер ме?
Балалар: Иә, білеміз.
Ән: «Қыс қызығы»
Жалмауыз кемпірдің үйі
Көрініс: «Міне, біз келдік». (Балалар отырады.)
Ханзада: Мына үйде кім тұрады?
Балалар: Жалмауыз кемпірдің үйі.
Ханзада: Түк-туқ-туқ… кіруге бола ма?
Жалмауыз кемпір: Кіре ғой, батыр жігіт.
Ханшайым: Сәлеметсіз бе, әже.
Жалмауыз кемпір: Сәлеметсіңдер. Мұнда не істеп жүрсіңдер?
Ханзада: Біз сиқырланған құлыптың кілтін іздеп жүрміз. Сіз көпті көрген әжесіз, көмектесіңізші.
Жалмауыз кемпір: Сиқырлы кілтті табу оңай емес. Ақыл-ойларың жете ме?
Ханшайым: Әже, әрине жетеді.
Жұмбақтар
Жалмауыз кемпірдің жұмбағы
Ештеңеден қаймықпай,
Қысы-жазы шешпейтін,
Көзді арбаған өрнекпен көйлегі бар жасылдан.
Сурет салар айнытпай,
Өзгертпейді еш кейпін —
Шебер еді ол неткен, жаралғандай асылдан.
Жауабы: шырша
Балаларға арналған жұмбақ
Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.
Жауабы: мұз
Жалмауыз кемпір: Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапқыр екенсіңдер.
Би және алғашқы кілт
Жалмауыз кемпір: Ал сендер билей аласыңдар ма?
Балалар: Иә. (Жалмауыз кемпірмен би билейді.)
Жалмауыз кемпір: Ой, шаршадым… Мені қуантыңдар, көптен бері билемеп едім. Ендеше көмектеспесем болмас.
Ескерту: (Үйге кіріп, кілт алып келеді.)
Жалмауыз кемпір: Міне, кілт.
Ханзада: Жоқ, бұл емес. Құлыптың кілті басқа.
Жалмауыз кемпір: Ой, қартайған басым-ай… Тағы бір кілт тауып алған едім, соны әкеп берейін. Міне, мына кілт пе?
Ханшайым: Рахмет, әже!
Ханшайым: Сиқыршы басқа кілттерді қайда жібергенін білесіз бе?
Жалмауыз кемпір: Білмеймін… Егер сиқыршы менің кілт бергенімді білсе, маған қиын болады. Жолдарың болсын — қалған кілттерді өздерің табарсыңдар.
Орман жолындағы кездесу
Ханшайым: Қызыл телпек, қайда барасың?
Қызыл телпек: Әжемнің үйіне барамын.
Ханзада: Бізге сиқырланған кілтті табуға көмектесші.
Қызыл телпек: Қандай кілт?
Ханшайым: Балаларға арналған мерекелік сыйлықтарға толы сандыққа сиқыршы құлып салып қойды. Сиқырлы кілтті көрмедің бе?
Қызыл телпек: Маған қасқыр мына кілтті берген еді… Бәлкім, осы шығар?
Ханзада: Ой, рахмет, Қызыл телпек! Дәл осы кілт!
Ханзада: Ал басқа кілттерді қайдан табуға болады?
Қызыл телпек: Білмеймін. Орман тұрғындарынан сұраңдар, бәлкім солар білер.
Түлкінің сөзі
Мен түлкімін әдемі,
Кім білмейді түлкіні.
Жаңа жылда — бұл күні,
Алдамаймын ешкімді.