Күшті өлшейтін құрал

«Физикалық кафе» сайысы

Бұл іс-шара — оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетуге, физикаға қызығушылығын арттыруға, шығармашылық еңбекке баулуға бағытталған танымдық ойын-сайыс. Сонымен қатар тез ойлауға, түрлі жағдайда тапқырлық танытуға, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Форматы

Өткізілу түрі
Ойын
Өткізілу әдісі
Сайыс
Қатысушылар
9-сынып оқушылары: екі сыныптан 3 оқушыдан.

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе — білім», — деген М. Әуезов сөзіне сүйене отырып, бұл сайыс — білім, ізденіс және шығармашылық сайысы.

Әділқазылар

  • 1

    Лекерова Ұ.

    Физика пәнінің мұғалімі

Командалар

I-топ

«Шапшаңдар»

Міндеті: білім алу.

Мақсаты: қайта құру.

II-топ

«Алғырлар»

Ұраны: «Алғырлар жарыспайды, жарыста қалыспайды».

Сайыс барысы: «мәзір» бойынша кезеңдер

Сайыс кезеңдері «кафе мәзірі» үлгісінде ұсынылады: салаттар, бірінші ас және сусындар. Әр бөлім — физикадан білімді тексеретін жеке тапсырмалар жиынтығы.

I. Ас мәзірі — Салаттар

  1. «Физикалық ералаш» — физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атау (10 ұпай).
  2. «Жылқы еті қосылған қуып жет» — 10 сұраққа жауап беру.
  3. «Мақалдар қосылған винегрет» — физикалық мағынасы бар мақал-мәтелдерді айту.

II. Бірінші ас

  1. «Физикалық лагман» — формулаларды толықтыру.
  2. «Математикалық рассольник» — есептер шығару.
  3. «Дәмді физикалық тұшпара» — жәшіктегі құралды табу.

III. Сусындар

  1. «Коктейль-сюрприз» — қарсы топ дайындаған сөзжұмбақты шешу.
  2. «Электрленген алма компоты» — ребус шешу.
  3. «Капитан шырыны» — «Бұл қай заң?» тапсырмасы.

I бөлім — Салаттар

1) «Физикалық ералаш» — өлшем бірліктерін атау

Әр топқа 10 физикалық шама беріледі. Тапсырма: олардың өлшем бірліктерін атау.

I-топ: «Шапшаңдар»

Күш, жиілік, қуат, кедергі, жылдамдық, масса, энергия, температура, ток күші, аудан.

II-топ: «Алғырлар»

Үдеу, импульс, жұмыс, уақыт, тығыздық, ұзындық, қысым, кернеу, бұрыштық жылдамдық, көлем.

2) «Жылқы еті қосылған қуып жет» — 10 сұрақ

  1. 1. Механикада қозғалысты сипаттайтын шамалардың байланысын қарастыратын бөлім қалай аталады?

    Жауабы: Кинематика.

  2. 2. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі қалай аталады?

    Жауабы: Еркін түсу.

  3. 3. Айналу периодының өлшем бірлігі қандай?

    Жауабы: Секунд (с).

  4. 4. Денедегі үдеу оған әсер етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал екенін қай заң тұжырымдайды?

    Жауабы: Ньютонның II заңы.

  5. 5. Гравитациялық тұрақтының мәні қандай және оны кім анықтады?

    Жауабы: G = 6,67 × 10-11 Н·м2/кг2, Генри Кавендиш.

  6. 6. Физикада сақталу қасиетіне ие болатын шамаларды атаңыз.

    Жауабы: Импульс, энергия.

  7. 7. Дененің Жерге тартылуы салдарынан тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші қалай аталады?

    Жауабы: Салмақ.

  8. 8. «Импульс» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?

    Жауабы: Соққы (қозғалыс мөлшері).

  9. 9. Денелердің бір-біріне әсер етуші күштері модульдері бойынша тең, ал бағыттары қарама-қарсы екенін кім тұжырымдады?

    Жауабы: Ньютонның III заңы.

  10. 10. Материяның ажырамас қасиеті қандай?

    Жауабы: Қозғалыс.

3) «Мақалдар қосылған винегрет» — физикалық мағына

Тапсырма: мақал-мәтелдің астарындағы физикалық құбылыс немесе заңды атау.

1. «Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.»

Энергияның сақталу заңы.

2. «Терек қисайған жағына жығылады.»

Ішкі энергия.

3. «Жұпарды жасырғанмен, иісі білінеді.»

Диффузия құбылысы.

4. «Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.»

Ішкі энергияның өзгеруі.

5. «Ит жүгіріп тазы болмас.»

Жылдамдық.

6. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.»

Күш.

7. «Таң атпайын десе де, күн қоймайды.»

Жердің өз осінен айналуы.

8. «Көктеректің жапырағы желсіз де сыбдырлайды.»

Конвекция.

9. «Қол жұмылмай — жылынбайды.»

Жылу берілу.

10. «Ас — адамның арқауы.»

Энергия.

II бөлім — Бірінші ас

1) «Физикалық лагман» — формулаларды толықтыру

Бұл кезеңде негізгі формулалар мен олардың құрамындағы шамаларды толықтыру ұсынылады (нақты тізім тапсырма парағында беріледі).

2) «Математикалық рассольник» — есептер

I-топ: «Шапшаңдар»

№1. 4 Н күш әсерінен 0,02 м-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы қандай?

Жауабы: 200 Н/м.

№2. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан, массасы 1000 кг автомобиль двигательді сөндірген соң қанша уақыттан кейін тоқтайды? Қозғалысқа кедергі күші 0,2 кН.

Жауабы: 100 с.

II-топ: «Алғырлар»

№1. Қисықтық радиусы 100 м жолда 54 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобильдің центрге тартқыш үдеуі қандай?

Жауабы: 2,25 м/с2.

№2. Массасы 400 г дене 2 м биіктіктен құлап, жерге соғылған кездегі кинетикалық энергиясын анықтаңдар.

Жауабы: 18 Дж.

3) «Дәмді физикалық тұшпара» — құралды тап

Тапсырма: жәшіктегі құралдың атауын табу.

1. Ғылымды ашу үшін ең алдымен не қажет?

Кілт.

2. Күшті өлшейтін құрал.

Динамометр.

3. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.

Барометр.

4. Қысым айырымын өлшейтін құрал.

Манометр.

5. Ток күшін өлшейтін құрал.

Амперметр.

6. Кернеуді өлшейтін құрал.

Вольтметр.

7. Температураны өлшейтін құрал.

Термометр.

8. Массаны өлшейтін құрал.

Таразы.

III бөлім — Сусындар

«Капитан шырыны» — «Бұл қай заң?»

Капитандарға берілген аралас әріптерден сөйлем құрастырып, заңды анықтау ұсынылады.

Шифрланған мәтін

ЕРЙДЖӘБОДЕ НГААЫНАЛРНД ЭИҚЖДЕДМҮЕАЫ ЯШОЙЕЙАТКСНД ЕҒАШАЙРІЫЕЕЕ АМҚПДІНУМННН ЛАНЫБШАЕЕЕЕЕ ЙАКІЕСДКДГЕ ДОЕТГЕРІІЕШД ЛТҮРБІНШКӨІ

Жауабы

Энергия ешқайда жоғалмайды және ешқайдан пайда болмайды; ол тек бір түрден екінші түрге ауысады немесе бір денеден екінші денеге беріледі.

Түйін: энергияның сақталу заңы.

Қорытынды

Сайысымыз мәресіне таяды. Ендігі сөз — әділқазылар алқасында.

Шәкәрім:

«Ақыл, білім — осындай алға тартарлық,
Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық.
Үзіп-жұлып ұятсыз атанбай-ақ,
Ақылмен жол табалық қол бастарлық».

Құрметті қонақтар, білімге деген құштарлықтарыңыз арта берсін! «Физикалық кафе» сайысы аяқталды.