Ойлау, есте сақтау, ауызша есептеу дағдысын жетілдіру

Математика — ақыл-ой гимнастикасы. Бір қарағанда математика өте күрделі болып көрінеді, бірақ ол да басқа пәндер сияқты сүйіспеншілікпен, қызығушылықпен және тұрақты көңіл бөлуді қажет етеді. Бүгінгі сабақта біз математика әлеміне саяхат жасаймыз.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды «Математика — ақыл-ой гимнастикасы» тақырыбымен және ойын ережелерімен таныстыру; математикалық ұғымдарды қайталау; қосу, азайту, көбейту, бөлу тәсілдеріне берілген жаттығулар арқылы білімді бекіту.
  • Ойлау, есте сақтау және ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру; құрастыру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылуға, ойшылдыққа, шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Бекіту сабағы.

Сабақтың түрі

Топтық жұмыс, саяхат сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Топтастыру
  • INSERT
  • Деңгейлеп-саралап оқыту
  • Көрнекілеу

Көрнекіліктер

Таблицалар Танграм Қызықты квадраттар Қамалдың суреттері Кілттер

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа дайындық, көңіл күйді сабаққа бағыттау.

  2. 2) Топтастыру

    • Топқа ат қою.
    • Бір-біріне сәттілік тілеу.

Кіріспе

Бүгінгі сабағымызда математика әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхатқа үш топ болып поезбен шығамыз. Біздің мақсатымыз — кілттерді жинап, қамалдың қақпасын ашу. Әр кілттің өз тапсырмасы бар.

(Музыка ойнайды.)

Автор туралы мәлімет

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі — Раева Айна Жылқыбайқызы.