Екі өрнектің қосындысының квадраты формуласын практикада дұрыс қолдана білуі, есептеу жылдамдықтарын арттыру
Екі өрнектің қосындысының квадраты (Алгебра, 7-сынып)
Бұл сабақта қысқаша көбейту формулаларының жаңа түрі — екі өрнектің қосындысының квадраты формуласы қарастырылады. Оқушылар көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу дағдыларын жетілдіріп, формуланы есеп шығаруда орынды қолдануды үйренеді.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндірмелі-көрнекілік, деңгейлеп-саралап оқыту
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Қысқаша көбейту формуласының жаңа түрімен — екі өрнектің қосындысының квадраты формуласымен таныстыру; көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу іскерліктерін, біліктіліктерін және әдістерін жетілдіру; ойлау қабілетін дамыту және формулаларды салыстыра отырып орынды қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Екі өрнектің қосындысының квадраты формуласын практикада дұрыс қолдануды қалыптастыру; есептеу жылдамдығын арттыру; теориялық білімді практикада қолдану, жүйелеу және талдау дағдыларын дамыту; өзіндік және шығармашылық белсенділікті күшейту; тест материалдарымен жұмыс істеу біліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік
Оқушыларды дәлдікке, ізденіске және еңбекқорлыққа тәрбиелеу; өзіндік және өзара бақылау қабілеттерін қалыптастыру; пікірлесу арқылы коммуникативтік құзыреттілікті дамыту; жауапкершілікке, ұқыптылыққа және математикалық сауатты жазуға баулу.
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Таратпа материалдар
- Тест тапсырмалары
Сабақтың жоспары
-
I. Ұйымдастыру бөлімі
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Есептерді тексеру
- «Миға шабуыл»: сұрақтарға жауап беру
-
III. Жаңа тақырыпқа кіріспе
-
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
V. Оқулықпен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
-
VI. Сабақты бекіту
Тест тапсырмалары
-
VII. Сабақты қорытындылау
- Венн диаграммасы
- Оқушы пікірі
-
VIII. Үйге тапсырма беру
-
IX. Бағалау
Сабақтың жүру барысы (үзінді)
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
Әр қатардан бір оқушы дәптерлерді тексеріп, ұпайларды тіркеп отырады.
Тапсырма
№163 (1, 2): теңдеулерді шешіңдер.