Әлібектің табынының жартысы Әлихан табынының үштен біріне тең
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы
№55 С. Қожанов атындағы орта мектеп
Экономика пәні мұғалімі: Мырзашова Шакизат
Сабақтың тақырыбы: Нарық не нәрсесіз әрекет ете алмайды?
Бұл сабақта оқушылар нарық ұғымын, тұтынушы таңдауының себептерін және бәсекенің рөлін күнделікті өмірдегі мысалдар арқылы түсіндіреді.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту
Негізгі бағыт
Таңдау, сапа, баға, бәсеке
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға нарық туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, тілдік мәдениетін және сөздік қорын дамыту; саяси саналы болуға, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру; алға қойған мақсатқа жетуде табандылыққа, азаматтылыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын қысқаша таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма 1: Әріптердің орнын ауыстырып, экономикалық мағыналы сөз құрастыр
Жұмбақ сөз
ӘСБЕЕК
Жауабы: ________________
Жұмбақ сөз
ПАМНИКОЯ
Жауабы: ________________
Жұмбақ сөз
ӘКІСРЕККІЛГІ
Жауабы: ________________
Тапсырма 2: Ойлан да, сұрақтарға жауап бер
Сенің үйіңдегі телевизорды қай компания шығарды?
Қажетін белгіле:
- Sony
- Panasonic
- LG
- Phillips
- Daewoo
- Басқа фирма
Әртүрлі фирмалардың телевизорлары бір-бірінен немен ерекшеленеді?
Оқушының жауабы:
Сен қандай телевизор алғың келеді?
Телевизор сатып алуда таңдауыңа не әсер етеді?
Қажетін белгіле:
- Пайдаланылған материалдардың сапасы
- Өндіріс технологиясы
- Техникалық сипаттамасы
- Сыртқы түрі (дизайны)
- Жарнама
- Достарыңның пікірі
- Баға
Тұтынушы бәсекеде ұта ма? Неге?
Тапсырма 3: Экономикалық кроссворд құрастыр
Бос торкөздерге экономикалық мағыналы сөздерді жазып, әр сөздің мағынасын түсіндір.
Негізгі сөз: БӘСЕКЕ
Кеңес: күнделікті өмірден мысал келтіріңіз (тауар, қызмет, баға, сапа).
Тапсырма 4: Қысқа сұрақ
Көшедегі автобус кімдікі?
III. Жаңа сабақты бекіту
Логикалық тапсырма арқылы салыстыру, пропорция және қорытынды жасау дағдыларын нығайту.
Логикалық тапсырма
Ағайынды Әлібек пен Әлиханның әрқайсысының бір табын жылқысы бар. Әлібектің табынының жартысы Әлиханның табынының үштен біріне тең. Қайсысы байырақ және неше есеге?
IV. Үй тапсырмасы
Экономикалық терминдерді қайталау. Нарық, сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке ұғымдарына қысқаша анықтама беріп келу.
V. Сабақты қорытындылау
- Нарықтағы таңдау тауардың сапасы, бағасы, дизайны және ақпарат (жарнама, пікір) арқылы қалыптасады.
- Бәсеке өндірушілерді сапаны арттыруға, бағаны тиімді ұсынуға ынталандырады.
- Тұтынушы үшін балама көп болған сайын ұту мүмкіндігі артады.