Әліппе сөзі

Тақырып

Әліппемен аштық білім есігін,
Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін.

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың әліппеден алған білімін жинақтау, өз өнерін ата-ана алдында көрсету.

Дамытушылық

Сахнада еркін шығуға, ойын ашық жеткізуге, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруға және тілін дамытуға үйрету.

Тәрбиелік

Адамгершілікке баулу, ана тілін сүйіп-қастерлеуге тәрбиелеу, ұйымшылдықты нығайту.

Әдісі мен көрнекілігі

Әдісі

Әдеби-музыкалық монтаж.

Көрнекілігі

  • Жазылған сөздер
  • Шарлар
  • Слайдтар
  • Буындар

Мерекелік бағдарлама

Кіріспе

Оқушылар «Балапан» биімен ортаға шығады. Ән: «Балапан».

Жүргізуші

Армысыңдар, ұстаздар!
Армысыңдар, аналар!
Армысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналған бүгінгі ән-жырымыз!

Жүргізуші

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жазатын халге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Өлең жолдары

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,
Алдарында қызғалдақтай құлпырған —
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!

1 «А» сыныбының «Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Сүйікті Әліппенің арқасында сауатты болдық. Әліппенің ең алғашқы бетін Елбасының тілегімен ашқан едік. Ендеше сол тілекті бірге орындайық.

Рәсімдік бөлім

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі: «Айналайын…»
  • Хор: Әнұран

Көрініс

«Ана мен бала». Қоюшылар: МахаббатНұрбақыт.

Хор мәтіні

Бар кітапқа бас болған —
Әліппе, ғылым анасы.
Әліппеден басталған —
Даналықтың данасы.

Әліппемен қоштасу сәті

Жүргізуші

Өтті оқу — сан сабақ, бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып, Әліппемен қоштасатын кез келді.
Әліппе досымызды ортаға шақырамыз!

Әліппе

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар — Әліппең келді ортаға.
Мерекелерің құтты болсын, бүлдіршіндер, балғындар!
Менің атым — Әліппе, мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен ағаң да, әпкең де бар.
Не үйрендік, не білдік — қане, ортаға салайық.

Балалар

Қош келдіңіз, Әліппе!

Оқушылар Әліппеге арналған өлең жолдарын оқуға дайын.

Хор: «Әліппе» әні.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,
Қуансын сен де,
Қуанамыз бәріміз — арайлап атқан күнге.

Оқушылар өз тілектерін айтады.

Жансая

Артта қалды сан сабақ — бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштасып, өсті білім-ойымыз.
Құтты болсын тойымыз!

Нұрбақыт

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жырмен қоса ән шашамыз.
Білімнің бұлағына сусындаған —
Көптеген кітаптармен достасамыз.

Ұлы өмірге жетелеп, ашқан білім есігін,
Құрметтейік мәпелеп, ұстаздардың есімін.

Махаббат

Сенің нұрың сөнбесін — ашық аспан, жарық күн!

Көрініс: «Дымбілмес»

Қатысушылар: Нұрбақыт, Жансая.

Көркем сөз

Мектеп бізге әріпті де үйретті, жазуды да үйретті, буындап оқуға жаттықтырды. Үлкендерді сыйлауға, кішілерді қорғауға баулыды.

Екіге екі қосуды да үйрендік. Сурет салып, бояп, өлең жаттап, ән салдық. Мәтіндерді талдап оқуға дағдыландық.

Табиғатпен таныстық, жыл мезгілдерін байқадық. Білім алу — тамаша!

Қорытынды ой

Әліппемен аштық білім есігін — енді сол есіктен батыл қадаммен өтіп, үлкен білім әлеміне жол тартамыз.