Қоректік заттарды ата

Сабақтың тақырыбы

Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ас қорыту мүшелері, олардың құрылысы мен қызметі туралы білімді жүйелеу және ажырата білу дағдыларын қалыптастыру; ас қорыту мүшелерінің қызметі туралы түсінікті кеңейту.

Тәрбиелік

Ас қорыту мүшелерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз денсаулығын қорғауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушыларды өз бетімен ізденуге, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың әдістері

  • Сөздік әдіс
  • Сұрақ-жауап
  • Интерактивті әдістер

Оқыту түрі

Топтық жұмыс.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Үлестірмелі кестелер
  • Түрлі тапсырмалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды өсімдік өнімдерінің суреттері арқылы топтарға бөлу.

1-топ

Жеміс-жидек дақылдары

2-топ

Көкөніс дақылдары

3-топ

Астық дақылдары

II. Үй тапсырмасын тексеру (тірек білімін белсендіру)

«Баспалдақ әдісі»

  1. 1.Тыныс алу жолдарын ретімен атау.
  2. 2.Тағамдық өнімдер дегеніміз не?
  3. 3.Тыныс алу мүшелерінің ауруларын атау.
  4. 4.Қоректік заттарды атау.
  5. 5.Суға кеткен адамға алғашқы көмекті көрсету жолдарын айту.
  6. 6.Көмірсулар дегеніміз не?

III. Негізгі бөлім (жаңа сабақ)

«Балалар философиясы» әдісі

Топ оқушылары оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеп, 10–15 минут ішінде сұрақтар дайындайды. Кейін оқушылар ортаға шығып, дауыс беру арқылы ең үздік сұрақтар анықталады.

Жауаптың дәлдігі: «Иә» / «Жоқ»

Тұжырымдарды талдап, дұрыс/бұрыстығын белгілеңдер.

  1. 1.Ірімшік, май, сүт, ет — қоректік заттар.
  2. 2.Қоректік заттар ағзада энергетикалық және құрылыстық қызмет атқарады.
  3. 3.Жұтқыншақ — ас қорыту жүйесінің бір бөлігі.
  4. 4.Ауыз қуысында тағам механикалық өңделеді және сілекеймен шыланады.
  5. 5.Витаминдер ағзада өздігінен түзіледі.
  6. 6.Тағам құрамындағы минералды заттар ауыз қуысында өңделіп, ұсақталады.
  7. 7.Жұтқыншақта ас қорыту жолы мен тыныс алу жолдары түйіседі.
  8. 8.Өңеш — сыртқы секреция безі.
  9. 9.Аш ішек — ас қорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі.
  10. 10.Астың қорытылмаған қалдығы ауыз қуысына келеді.

IV. Ас қорыту жүйесіне қысқаша сипаттама

Ас қорыту мүшелері

  • Ауыз қуысы
  • Жұтқыншақ
  • Өңеш
  • Асқазан
  • Аш ішек
  • Тоқ ішек

Ас қорыту бездері

  • Сілекей бездері
  • Бауыр
  • Ұйқы безі

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қалпына келтіру.

V. Білімді бекіту

Оқулықпен жұмыс: тест тапсырмалары

Дұрыс жауабын таңдаңдар.

1. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы

  • а)3–5 см
  • ә)8–10 см
  • б)15–18 см

2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

  • а)Жұмсақ таңдайда
  • ә)Ұрттың сілемейлі қабығында
  • в)Тілде

3. Ас қорыту жолы мен тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады?

  • а)Ауыз қуысында
  • ә)Жұтқыншақта
  • б)Өңеште

4. Асқазаннан кейін ас қорыту жолында не орналасады?

  • а)Аш ішек
  • ә)Тоқ ішек
  • б)Ұлтабар

5. Тоқ ішектің бөлімдері

  • а)Аш ішек, жиек ішек, тік ішек
  • ә)Соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар
  • б)Соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек

6. Ас қорытуда ағзаның улы заттарды залалсыздандыруға қатысатын бөлігі

  • а)Қарын
  • ә)Бауыр
  • б)Өңеш