Ахмет Йасауидің хикметтерін жаттау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл материал 9-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті сабағында Қожа Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармашылығын танытуға бағытталған. Сабақта ақынның имандылық, адамгершілік, білім мен ғылымға құрмет идеялары негізгі арқау ретінде қарастырылады.

Сыныбы

9

Пәні

Қазақ әдебиеті

Тақырыбы

Ахмет Йасауи: өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға Ахмет Йасауидің ақындығын, хикметтеріндегі мақсат-мұратын ашып түсіндіру.
  • Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын дамыту.
  • Йасауи өлеңдері арқылы білім-ғылымды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу

Көрнекілік

Слайд

Пәнаралық байланыс

Тарих

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қазақ даласы Әбунасыр Әл-Фараби өмір сүрген тұста қандай мемлекеттің құрамында болды?
  2. Осы дәуір қандай екі бөлікке бөлінді?

III. Үй тапсырмасын бекіту (Әл-Фараби туралы деректер)

Туған жылы
870
Туған жері
Отырар қаласы
Білім алған жері
Бағдат қаласы
Қайтыс болған жері
Туған жерінде
Меңгерген тілдері
Араб, парсы, грек
Ғылыми еңбектері
Негізгі еңбектері сабақ барысында талқыланады.

IV. Жаңа сабақты меңгерту: Қожа Ахмет Йасауи

Қожа Ахмет Йасауи — ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын таратқан діни-ағартушы сопылардың көрнекті өкілі. Ол қазіргі Шымкент өңіріндегі Сайрам жерінде дүниеге келіп, түркі әлемін Үнді, Қытай, Еуропамен байланыстырған тарихи орталықтардың бірі — Түркістанмен тығыз байланысты өмір сүрді.

Әкесі

Шайхы Ибраһим — сопылық жолды ұстанған, діндар адам.

Анасы

Қарашаш ана. Қарашаш пен Ибраһимнің мазары Сайрамда орналасқан.

Ұстазы

Арыстанбаб

Шығармалары және негізгі ұғым

«Диуани Хикмет»: диуан — жинақ, хикмет — Алланың ақ жолын танытатын даналық сөз, ғибрат.

Деректерде Йасауидің 90 мың шәкірті болғаны айтылады. Олар ұстазының ілімін Орта Азиядан бастап Анадолыға (Түркия) дейін таратқан.

Йасауи 63 жасқа келген соң, Мұхаммед пайғамбардың жасынан асуды жөн көрмей, жер астындағы қылуетке түсіп, уақытын шығармашылық пен ғибадатқа арнағаны баяндалады.

Хикметтердің идеялық өзегі

  • Сопылық ілімнің негіздерін түсіндіру, рухани тәрбиені күшейту.
  • Тұрмыс-тіршілікке қатысты ғибратты кеңес беру.
  • Байлыққұмарлықтан сақтандыру, әділеттілікті жақтау.

Өлеңнен үзінді

Жеті жаста Арыстанбаб келді маған,
Хақ Мұстафа аманатын берді маған.
Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,
Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.

Құрма беріп, мейірлене назар салды,
Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды.
Еркелете шақырып қасына алды,
Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.

Сөздікпен жұмыс

Нәпсі
Ішіп-жеу, пенделік қажеттіліктерге бой ұру.
Хақ Мұстафа аманаты
Мұхаммед пайғамбардың аманат ретінде берген құрмасы.
Мақшар күні
О дүниедегі сұрақ күні.
Тәуба
Шүкіршілік ету, күнәдан қайту.
Төрт аяқты ағаш ат
Табыт.
Ысырат көпірі
О дүниедегі қыл көпір.
Фәни шахары
О дүние (мәтіндегі берілімі бойынша).

V. Хикметтерді талдау

Хикметтерді талдау барысында оқушылар мәтінді мазмұндап, құрылымдық бөліктерге бөледі және негізгі ойды анықтайды.

1) Өмір үшін күрес

2) Адамдық, ізгілік жолы

3) Замана зары

4) Алланы мойындау

5) Өмір мен өлім

6) Достарға өсиет

Аудармасын жасаған: Әбдіраш Жәмішов.

VI. Практикалық тапсырма

Өлеңдерден нақыл сөздерді теріп жазу

Ахмет Йасауи хикметтерінен ақыл-нақылға айналар ойларды тауып, дәптерге теріп жазыңыз. Төмендегі сөздік бірліктерін дұрыс қолданыңыз.

Бекіту сұрақтары

  1. Ахмет Йасауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай?
  2. Ахмет Йасауи нені жырлады?
  3. Ахмет Йасауидің имандылық туралы ойлары қазіргі заман тәрбиесіне сай келе ме?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, талдауы және тапсырма орындауы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

  • Ахмет Йасауидің хикметтерін жаттау.
  • Йасауи хикметтерін Абай өлеңдерімен салыстыру.