ӘліппеСабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Әліппе: «Ю» дыбысы мен әрпі (2-сағат).
Сабақтың түрі
Жарыс сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сөздік, көрнекілік, танымдық, практикалық
Көрнекіліктер
Суреттер, буындар, ребустар, слайдтар
Негізгі ұғым
«Ю» — қосарлы дауысты дыбыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларды «Ю» дыбысы мен әрпімен таныстыру.
- Сөз ішінен «Ю» дыбысын ажырата білуге үйрету.
- «Ю»-дың қосарлы дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
Дамытушылық
- Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Танымдық іс-әрекетін, шығармашылығын жетілдіру.
- Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік
- Қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас қалыптастыру.
- Дүниетанымды кеңейту.
- Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық — «Шаттық шеңбері»
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бүгінгі сабақ ерекше өтеді: сыныпқа қонақтар келді. Қонақтарымызға қош келдіңіздер деп ілтипат білдіреміз (қол соғу).
II. Өткен сабақты пысықтау
1) Дыбыс деген не?
Дыбыс ауызбен айтылады және құлаққа естіледі.
2) Әріп деген не?
Естіген дыбысты таңбалап жазсақ, ол әріп болады. Әріпті оқимыз және жазамыз.
3) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады және өздігінен буын құрай алады.
4) Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыстар созылып, әндетіп айтылмайды. Ауыз қуысындағы кедергіге ұшырап, қысқа айтылады және өздігінен буын құрай алмайды.
5) Сөйлем туралы не білеміз?
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді; бас әріптен басталып, соңында тиісті тыныс белгісі қойылады.
Фонетика әлемі
Шашылған әріптерді өз «үйлеріне» орналастыру.
Жатқа айту
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырып оюлап,
Жақсы көрем апамды.
III. Жаңа сабақ: «Ю» дыбысы мен әрпі
Бүгінгі сабақ өзгеше өтеді: топ басшысы болуға «жабайы аңдар» келеді. Бұл — білім жарысын қызықты ету үшін ойластырылған тәсіл.
Топтар
- I топ — кірпі
- II топ — аю
- III топ — түлкі
- IV топ — қоян
Тапсырма
Әр топ өздеріне келген аң туралы білетінін ортаға салып айтады. Осылайша мәтіндегі аңдар жарысса, біз білімімізбен жарысамыз.
1) Мәтінмен жұмыс (жарыс)
- Мәтінді оқып, мазмұнын ашу.
- Тізбектей оқыту.
2) Тақтамен жұмыс
I топ: «аю» — тәуелдеу
II топ: «жүгірді» — жіктеу
III топ: «қоян» — тәуелдеу
IV топ: «тұр» — жіктеу
3) «Кім жылдам?» сөз құрау
Берілген дыбыстардан мүмкіндігінше көп сөз ойлау: а, п, о, а, р, й, т, ю, қ.
4) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
5) Дәптермен жұмыс
Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу:
Далада қар жауды. Балалар шанамен ойнады.
«Қисаю, жантаю, шалқаю, еңкею» сөздерінің мағынасын қимыл арқылы көрсету.
6) Сурет бойынша әңгіме құрастыру
- «Ю» дыбысы кездесетін сөзді атау.
- «Ю» дыбысының қалай естілетінін сипаттау.
7) Шығармашылық жұмыс
«Ю» дыбысы бар сөздерді қатыстырып, қысқа сөйлемдер немесе шағын мәтін құрастыру.
8) Ребус шешу
Шыққан сөздер
Ою, аю
Талдау
Ребустардан шыққан сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтау.
Қосымша тапсырма: сөздерден сөйлем құрау
Орындары ауысып кеткен сөздерді реттеп, дұрыс сөйлем құрастыру:
Сұрақ
Аю не істеді?
Жауап
Аю араның ұясын бұзды.
Аралас сөздер
Істеді, не, аю, араның, бұзды, аю, ұясын.
Қорытынды және бағалау
Аңдармен бірге көптеген тапсырма орындалды. Енді жиналған жұлдызшаларды санап, мәреге кім бірінші жеткенін анықтаймыз. Оқушылар мадақталады.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- «Ю» дыбысы бар сөздерді жазып келу.