Қазақстанның бас қаласы қай қала
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
«Астана қаласы» тақырыбы бойынша өз ойын жүйелі жеткізуге үйрету; білімді пысықтау және меңгерген материалды тиянақтау.
Дамытушылық
Ауызекі сөйлеуді дамыту; жалғауларды дұрыс қолдануға жаттықтыру; жұппен және топпен жұмыс дағдысын күшейту.
Тәрбиелік
Еңбекқорлыққа баулу, мәдениеттілікке тәрбиелеу және оқушыны досын сыйлауға үйрету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Психологиялық ахуал: бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабаққа назар аударамыз.
- Фонетикалық жаттығуды орындау.
II. Нәтиже сабақ: «Саяхат картасы»
Тапсырмалар слайд арқылы беріледі, жұмыс түрлері ауысып отырады.
1-аялдама
Вокзал
Сөздік жұмысы: жұп тақтаға шығады, қалған жұптар сөздерді айтады және қазақ/орыс тіліне аударады.
2-аялдама
Бәйтерек
Жұппен жұмыс: берілген сөздерден қысқа мәтін құрастыру, мазмұнын айту.
3-аялдама
Пирамида
Сөздерге көптік жалғауларын дұрыс жалғап жазу.
4-аялдама
Ақ Орда
Карточкамен жұмыс: сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
5-аялдама
Парламент ғимараты
Сөзжұмбақ шешу арқылы сөздік қорды және тақырыпты бекіту.
Мәтін құрастыруға үлгі: «Астана қаласы»
Астана — Қазақстанның астанасы. Қала Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Мұнда көптеген көрікті жерлер бар: Президент сарайы, Парламент ғимараты, Жастар сарайы, Пирамида. Бәйтеректің биіктігі — 105 метр. Қалада көп қабатты тұрғын үйлер де бар. Астана — мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдени орталығы. Астанаға қонақтар көп келеді. Астана — меймандос қала.
Түсінуге арналған сұрақтар
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Қала қай жерде орналасқан?
- Астанада қандай көрікті жерлер бар?
- Астана ненің орталығы?
- Астана қандай қала?
- Астанаға кімдер көп келеді?
Назар аударатын тіркестер
- орналасқан — мекенді дұрыс айту
- көрікті жерлер — сипаттау сөздігі
- орталық — негізгі ұғым
- меймандос — мінездеме
Сөзжұмбаққа арналған тірек сөздер
Оқушылар сөздерді қазақша/орысша сәйкестендіру арқылы тақырыпты бекітеді.
- гости
- Қазақстанның астанасы
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім?
- здание
- девочки
- гостеприемный
- центр
- Бейбітшілік және келісім сарайы
- культурный
III. Қорытындылау және пысықтау
Сабақ соңында тақырып тест сұрақтары арқылы қайталанып, қорытындыланады. Мақсат — негізгі деректерді есте сақтауды, сөздік қорды және грамматикалық дағдыларды тексеру.
Қосымша материал: «Астана» тақырыбына тест
-
Қазақстанның астанасы?
- A) Алматы
- Ә) Өскемен
- Б) Астана
- В) Қызылорда
-
Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
- A) Үлбі
- Ә) Есіл
- Б) Ертіс
- В) Сырдария
-
Қаланың көптеген нелері бар?
- A) әдемі орындар
- Ә) көрікті жерлер
- Б) үлкен саябақ
- В) мектептер
-
«Биік ғимарат» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын тап.
- A) высокая гора
- Ә) высокий дом
- Б) высокое здание
- В) высокий человек
-
«Дворец мира и согласия» аудармасын тап.
- A) спорт сарайы
- Ә) бейбітшілік және келісім сарайы
- Б) мәдениет сарайы
- В) жастар сарайы
-
Астананың символы?
- A) көпір
- Ә) өзен
- Б) Бәйтерек
- В) сарай
-
Сен қай өңірде тұрасың?
- A) Батыс
- Ә) Оңтүстік
- Б) Солтүстік
- В) Шығыс
-
«Көптік жалғаулар» аудармасын тап.
- A) падежные окончания
- Ә) окончания множественного числа
- Б) притяжательные окончания
- В) личные окончания
-
«Ғимарат, қарындаш, кітап» сөздеріне дұрыс көптік жалғауын қос.
- A) –дар
- Ә) –лар
- Б) –тар
- В) –лер
-
«Бала, қала, тау» сөздеріне дұрыс көптік жалғауын қос.
- A) –тар
- Ә) –тер
- Б) –лар
- В) –дар
-
Астана қандай қала?
- A) кішкентай
- Ә) көрікті
- Б) меймандос
- В) көне
-
Астана ненің орталығы?
- A) әдеби
- Ә) мәдени
- Б) спорт
- В) жастар
-
Астанаға қонақтар көп келе ме?
- A) иә
- Ә) жоқ
-
Сенің ұлтың кім?
- A) қазақ
- Ә) украин
- Б) орыс
- В) тәжік
-
Қазақстан қандай мемлекет?
- A) кішкентай
- Ә) әдемі
- Б) үлкен
- В) көрікті
-
Тудың авторы кім?
Жауап: __________________________________
-
Елтаңбаның авторы кім?
Жауап: __________________________________
-
Қазақстанның рәміздері?
- A) кітап, Бәйтерек, гимн
- Ә) гимн, елтаңба, кітап
- Б) ғимарат, Бәйтерек, ту
- В) ту, елтаңба, гимн
-
Жуан сөзді тап.
- A) оқулық
- Ә) ән
- Б) сіңлі
- В) Бәйтерек
-
Жіңішке сөзді тап.
- A) ән
- Ә) оқушы
- Б) орындық
- В) спорт
IV. Үй тапсырмасы
Астана қаласы туралы өздеріңе ұнайтын өлеңді таңдап, жаттап келу.
Кеңес: өлеңді мәнерлеп оқуға дайындалып, негізгі ойды 2–3 сөйлеммен түсіндіріп келіңдер.