Жаз өлеңімен бастау
Сабақ жоспары (3-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Жаз келер»
Сілтеме
Шәкәрім Құдайбердіұлы. 3-сынып оқулығы (презентациямен).
Сабақ ұзақтығы
45 минут
Жалпы мақсат
Жыл мезгілдері және олардың өзгерістері туралы білімді кеңейту; танымдық белсенділікті арттыру; ойлау әрекетін дамыту. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды жасауға машықтандыру.
Міндеттер
- Жыл мезгілдерін ажырата білу.
- Әр мезгілдің ерекшелігін дәлелдей алу.
Негізгі идеялар
1) Тірек білім
Оқушының өмірлік тәжірибесіне және бұрыннан білетініне сүйену.
2) Жаңа ойлау дағдысы
Жаңа теориялық ақпарат арқылы ойлау тәсілдерін, мәнерін және амалдарын қалыптастыру.
Сабақтың мазмұндық бағыты
Тақырып оқушыларға туған табиғатты аялау, күтіп-ұстау және қорғау ұғымдарын түсіндіру арқылы беріледі. Жаз мезгілінің көріністері мен табиғаттағы өзгерістер нақты мысалдар арқылы талданады.
Қолданылатын терминдер мен түйінді сөздер
Назар аударатын тұстар
- Кейбір оқушылар табиғат заңдылықтарын жиі шатастыруы мүмкін.
- Жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын анықтау бойынша дәлел келтіруге бағыттау қажет.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, назар аударту.
СТО сұрақтары
- Сабақтың маңыздылығы неде?
- Оқушылар қандай білім алады, бұрынғы білімін қалай қолданады?
- Өмірлік тәжірибе сабаққа қалай әсер етеді?
- Бұл сабақтың болашақта қандай пайдасы бар?
I. Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу
2 мин«Жаз» туралы өлең жолдары арқылы топтарға бөлу.
Өлеңмен бастау
2 минМұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
Балақай-ау, балақай,
Жаз келді-ау, алақай.
Жалаң аяқ жүреміз,
Балақты да түреміз.
Көлден балық сүземіз,
Жылтылдатып тіземіз.
Сын тұрғысынан ойлауға берілетін мүмкіндік
- Еркін ой айтуға жағдай жасау.
- Өздігінен ізденуге итермелеу.
- Алдағы әрекетке қызықтыру, белсенділікті ояту.
- Алынған білімнің өмірдегі қолданылуын көрсету.
II. Мағынаны тану
Сұрақ 1
5 минӨлеңде не туралы айтылған?
Оқушылардың пікірін тыңдау, нақтылау сұрақтарын қою.
Сұрақ 2
5 минЖаз мезгілі туралы не білеміз?
Жауаптарды жинақтап, ортақ қорытындыға әкелу.
Жаңа ақпаратты меңгеру қағидалары
- Оқушыларды белсенді қатыстыру.
- Сауал қою, талдау, баяндау және пікірталас дағдыларын дамыту.
- Ынтымақтастықта жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
- Оқулықтан бөлек ақпарат көздерін қолдану.
Тапсырма (жеке)
1 минШағын топқа ойды дайындап келу: «жаз» туралы тірек сөздерді белгілеу.
Тапсырма (топтық)
5 мин«Жаз» мезгілін қағаз бетіне сипаттап (сурет/кластер), топ ішінде талқылау.
Әр топ флипчартын ұстап тұрып қорғайды.
Қосымша мәтінмен жұмыс
2 минМұғалім қосымша мәтін таратады. Оқушылар оқып отырған кезде мұғалім топтардағы фломастерлерді ауыстырып отырады (жұмысқа серпін беру, қатысуды арттыру).
Ескерту: қосымша мәтін бланкілері алдын ала дайындалады (қажет саны бойынша).
Оқулықпен жұмыс
-
1) Жеке оқу
5 минМәтінді жеке оқып шығу.
-
2) Топта талқылау
5 минОйды жинақтап, флипчартқа толықтыру.
-
3) Сыныпта қорғау
5 минТоптардың жұмыстарын таныстыру және пікір алмасу.
III. Ой қорыту (рефлексия)
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін не туралы өттік?
- Сабақтың тақырыбын қалай тұжырымдаймыз?
- Табиғатты қалай аялап, күтіп, қорғауымыз керек?
Бағалау
- Өзін-өзі бағалау.
- Топтық өзара бағалау.
- Мұғалім бағалауы.
- Критерийлер арқылы жиынтық бағалау.
Уақыты: 0,5 минут.
Үй тапсырмасы
Сұрақ
Қыста неге жеміс-жидектер өспейді?
Уақыты: 3 минут.
Қолданылған әдебиеттер
- 3-сынып оқулығы. Алматы баспасы, 2010.
- «Тіл дамытудың ғажайып әлемі». Аруна баспасы.
- «Алақай — көркем сөз әлемі». Аруна баспасы.
- «Бастауыш мектеп» журналы, 2011.
Сабақтан кейінгі рефлексия (мұғалім)
Не сәтті өтті?
Оқушылар ұсынылған білімді жалпы меңгерді. Тапсырмалар арқылы пікір айту, талқылау және қорғау дағдылары байқалды.
Нені жақсарту керек?
- Топқа бөлуді сабақтың басында нақты жоспар бойынша жүргізу.
- Сергіту сәтінің ұйымдастырылуын қайта қарастыру.
- Топ құру тәсілін алдын ала анықтау: білім деңгейі, өз қалауы немесе өзара үйрету топтары.
Кері байланыс парағы (оқушыға)
Оқушының аты-жөні
Не ұнады, не жақсы болды?
Не ұнамады, не қиын болды?
Сабақта нені өзгерткің келеді? (сенің ұсынысың)