Бастауыштың сұрақтарын ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Бастауыш

Мақсат

Оқушыларға бастауыш туралы түсінік беру, оның грамматикалық белгілерін меңгерту және негізгі ұғымдарды қайталау арқылы қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар бастауыштың анықтамасын біледі және сөйлемнен таба алады.
  • Бастауышқа қойылатын сұрақтарды дұрыс қолданады.
  • Сөздерден сөйлем құрастырып, бастауышты ажыратады.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Сабақ әдістері

Топтастыру, сұрақ-жауап, ізденушілік, талдау.

Көрнекілік

Тірек сызбалар, көмекші құралдар, АКТ.

Психологиялық ахуал

Шаттық өлеңі

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

«Сәлемдесу» ойыны

Мұғалім белгі бергенде, сынып оқушылары әртүрлі тәсілмен бір-бірімен тез амандасады. Әр адаммен амандасу түрі өзгеше болуы керек:

көзбен қолмен иықпен құлақпен тіземен иекпен өкшемен арқамен

Қызығушылықты ояту

Топқа бөліну

Оқушылар құстардың атаулары арқылы топтарға бөлінеді.

Мағынаны тану: «Құс керуені»

Сабақ мазмұны тапсырмалар арқылы кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Әр аялдама — жаңа сұрақ, жаңа әрекет.

«Қарағайлы орман» тапсырмалары

«Құс керуені» қарағайлы орманға тоқтайды. Бұл кезеңде сөйлем мүшелері мен бастауышқа қатысты білім пысықталады.

Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар

  1. 1 «Марал әңгімені оқыды» сөйлеміндегі әр сөйлем мүшесіне сұрақ қой.
  2. 2 «Қарға қарқылдады» сөйлемін талда.
  3. 3 Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  4. 4 Бастауыш деген не?
  5. 5 Бастауыштың сұрақтарын ата.

Тіл дамыту және фонетика

  1. 6 «Аквариумде (нелер?) бар.» — бастауышты толықтыр.
  2. 7 «… қыстай апанында ұйықтайды.» — бастауышты толықтыр.
  3. 8 Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
  4. 9 Жіңішке дауыстыларды ата.
  5. 10 Қосымша: а(2), (5), т(4), б(1), с(3), ы(7), ш(8), у(6) — жасырын сөзді тап: «БАСТАУЫШ».

Ой толғаныс және жазылым

Көркем жазу

Күннің жадын жазу. Жазу дағдысын қалыптастыруға арналған тірек сөйлем:

Көлдің көркі — құрақ,
Таудың көркі — бұлақ.

«Қайыңды орман» аялдамасы

Жұппен жұмыс: 3-жаттығу. Тақтада орындау және талдау.

Назар аудару

Жауап бергенде бастауышқа қойылатын сұрақтарды дәл қолдану.

Сергіту сәті

«Шөжелерім» жаттығуы

Оқушылар қимыл-қозғалыс арқылы сергіп, сабаққа қайта назар аударады.

Ынтымақтастық атмосферасы: топтық жұмыс

«Емен ағаштарының тапсырмасы» (4-жаттығу)

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.

  1. Қағаздан, батпырауық, жасады, балалар.
  2. Әкесімен, аулауға, Әсет, балық, барды.
  3. Аңдар, түрлі, болады, тоғайда.
  4. Зиянды, құстар, жояды, жәндіктерді.

Шығармашылық жұмыс (жұппен)

Төмендегі талаптарға сай, әрқайсысынан екі сөйлемнен жаз.

  • Бастауышы жануарлар болатын сөйлемдер.
  • Бастауышы мамандық иелері болатын сөйлемдер.
  • Бастауышы табиғат құбылысы болатын сөйлемдер.
  • Бастауышы кісі аттары болатын сөйлемдер.

Қорытынды бөлім

Эссе жазу (топпен)

Құстармен қоштасу кезеңінде әр топ төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазады:

  1. 1-топ: Күзгі табиғат
  2. 2-топ: Адамдардың күзгі еңбегі
  3. 3-топ: Күзгі құс керуені
  4. 4-топ: Аңдардың күзгі тіршілігі

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

2-жаттығу, 68-бет.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (қалыптастырушы бағалау).

Өткізген

Муханова А. А., №1 «Алға» мектеп-бақшасы.