Сабақтың дәйексөзі
Сабақ туралы мәлімет
Өтетін орны
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мутигуллина Гүлсара Мергенқызы
Сабақтың тақырыбы
М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы
Сабақтың мақсаты
Білімдік
М. Шахановтың өмірі мен еңбектеріне сипаттама бере отырып, поэманың негізгі мәнін ұғындыру; батыр бабамыз Махамбеттің бейнесін ашу.
Дамытушылық
Терең тарихымызды таныту арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке баулу, батырлар есімін қастерлеуге үйрету, ақын шығармашылығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың форматы мен ресурстары
Сабақтың түрі
Танымдық сабақ.
Пәнаралық байланыс
- Тарих
- География
- Музыка
- Математика
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
- СТО стратегиялары
- Шығармашылыққа баулу
- Сатылай-кешенді талдау
Көрнекіліктер
- Ақындардың суреттері
- Кітаптар көрмесі
- Слайдтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатысын тексеру.
- Жаңа сабаққа психологиялық дайындық жасау.
II. Қызығушылықты ояту
«Махамбет есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы».
Слайдтан М. Шахановтың суреті көрсетіледі. Оқушылардың бастапқы білімін өзектендіру үшін бағыттаушы сұрақтар қойылады:
- 1 Суретте кім бейнеленген?
- 2 Ол қай жерде, қашан дүниеге келген?
- 3 Ақынның қандай өлеңдері мен шығармалары бар?
- 4 Бұған дейін оның қай шығармасын өттік?
- 5 Поэманың негізгі тақырыбы қандай?
- 6 Поэмада қандай оқиға баяндалады?
- 7 Әкесі неліктен өз баласын өлімге қиды? Бұл шешім дұрыс па?
- 8 Нарынқұмды картадан кім көрсетеді?
- 9 «Зауал» сөзінің мағынасы қандай?
Поэма мәтінімен жұмыс
I бөлім: Махамбеттің соңғы сөзі
1–2 оқушы бөлімнің мазмұнын баяндап, жатқа үзінді оқиды. Бұл бөлік слайдтағы тарихи мәліметтермен толықтырылады.
Тарихи дерек
1846 жылы Баймағамбет сұлтанның тыңшылары Ы. Төлеев, М. Нұралин, Ж. Боздақов және Ж. Өтеулин бірігіп Қараойға барып, батырдың басын алғаны айтылады.
II бөлім: Әке үкімі
Үш оқушы кейіпкерлердің рөлін сомдап, шағын көрініс көрсетеді.
Қатысушылар
- Жігіт
- Әкесі
- Автор
Қорытынды ой
Көрініс Мұхаммед пайғамбардың: «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші» деген сөзімен түйінделеді.
III. Мағынаны тану
Бейнетаспадан Махамбеттің «Жұмыр–Қылыш» күйі тыңдатылады. Оқушылардан күйдің авторын сұрау арқылы талқылау басталады.
Түсіндірме
Бұл күй ақын қуғын-сүргінге ұшырап, ел көзінен жырақ жүрген кезеңде туғаны айтылады. Бір жолы Махамбет тоқтаған ауылға Баймағамбет сұлтанның тыңшылары келіп қалады. Қиын сәтте Жұмыр мен Қылыш есімді жігіттер ақынды үйлеріне жасырып, аман алып қалады. Ақын олардың қамқорлығына риза болып, осы күйді арнаған.
Топтық жұмыс
I топ: Топтастыру — «Махамбет кім?»
Жұмыс аяқталған соң, бір оқушы шығып, топтың идеясын қорғайды.
- Махамбет Өтемісұлы (1803–1846 жж.)
- Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы
- Ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырған батыр
- Дауылпаз ақын, аруақты, көреген
- Күйші
II топ: Ұқсастық пен даралық — Жігіт пен әкені салыстыру
Кейіпкерлердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, дәлелді пікір айтуға бағытталған тапсырма.
Ұқсастық
(Топ талқылауы бойынша толтырылады)
Даралық
(Топ талқылауы бойынша толтырылады)