Сәлеметсіңбе жер - ана
Сабақтың тақырыбы
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты
- Бірлескен жұмыс арқылы көсемшенің сөйлемдегі қызметін меңгеру.
- Өзіндік тұжырым жасауға дағдылану.
- АКТ-ны тиімді пайдалану.
- Сыни ойлауды дамыту.
Күтілетін нәтиже
- Жаңа тақырыпты меңгереді.
- Сөйлемді талдау машығы қалыптасады.
- Сыни ойлау дағдысы дамиды.
Сабақ барысы
1) Психологиялық тренинг
Сәлемдесу сұрақтары арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру:
- — Сәлеметсің бе, көк аспан?
- — Сәлеметсің бе, жер-ана?
- — Сәлеметсің бе, қонақтар?
- — Сәлеметсің бе, ұстазым?
- — Сәлеметсің бе, достарым?
2) Топқа бөлу
Оқушылар сөйлем мүшелеріне байланысты 3 топқа бөлінеді:
3) Үй тапсырмасын тексеру
181-жаттығу. Әр топтан 1 оқушыдан шығып (барлығы 3 оқушы), берілген көсемшелерді жіктейді.
4) Ой шақыру
Сұрақ: Балалар, бүгін неге «анықтауыш», «пысықтауыш», «толықтауыш» бойынша топқа бөліндік?
Жауап: Өйткені бұлар — сөйлем мүшелері.
Келесі сұрақ: Оның бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?
Түйін: Бүгін «Көсемшенің сөйлемдегі қызметі» тақырыбын меңгереміз.
Алдарыңыздағы мысалдарды сөйлем мүшелеріне талдап, көсемшенің сөйлемдегі қызметін анықтаймыз.
5) Топтық жұмыс
Әр топ берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап, көсемшенің қызметін анықтайды:
«Алып та халықтан үйренеді.»
«Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.»
«Түнде жаңбыр жауыпты.»
Қосымша түсіндіру слайд арқылы беріледі.
6) Оқулықпен жұмыс
188-жаттығу. Берілген мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтау.
Әр топқа 2 мысалдан бөлінеді.
7) Сергіту сәті
Топтарға А, Ә, Б әріптері жазылған қима қағаздар таратылады. Әр топ өзіне түскен әріптен басталатын ана туралы әннің 1 шумағын орындайды.
8) «Әдебиет әлеміне саяхат»
Берілген үзіндінің қай шығармадан алынғанын және авторын анықтау. Сонымен қатар көсемшелерді тауып, морфологиялық талдау жасау.
«Өзге емес, өзім айтам, өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатын бір қозғайын да.»
«— Байды шапқаның — шапқан, малды алғаның — алған, жылқышының жалғыз қызын қайтесің, батыр…
Еркек десең, өзімді әкет, қызымды қайтарып бер.
Сорлы анасы аңырап қалды ғой.»
«Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады.»
9) Топтастыру және кері байланыс
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін «бағдаршам» әдісі арқылы білдіреді:
Тақырып толық түсінікті, тапсырмаларды сенімді орындаймын.
Жалпы түсіндім, бірақ кей тұстарды әлі нақтылау керек.
Қиындық бар, қосымша түсіндіру қажет.
10) Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқаулығына сәйкес беріледі.