Көктем тақырыбымен таныстыру

Сабақтың тақырыбы

Лексикалық тақырып

Көктем. Көктем айлары.

Грамматикалық тақырып

Мезгіл үстеуі.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Оқушыларды «Көктем» тақырыбымен таныстыру.
  • Үстеу тақырыбы бойынша мағлұмат беру.
  • Жаңа тақырып аясында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру.
  • Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым арқылы білім сапасын арттыру.

2) Дамытушылық

Көктем мезгілінің пайдасын талқылай отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.

3) Тәрбиелік

  • Әдемілікке, сауаттылыққа, көркем жазуға және табиғатты аялауға баулу.
  • Ауа райындағы кез келген өзгерісті түсіністікпен қабылдауға тәрбиелеу.

Сабақтың ресурстары мен байланыстары

Көрнекілігі

Суреттер, қима қағаздар, кестелер, слайдтар және т.б.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика, орыс тілі және т.б.

Әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Жұптық жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Көрнекілік әдісі
  • Ой қозғау әдісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Амандасу.
  • Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
  • Құрал-жабдықтарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру

5–7 минут
  • «Уақыт» тақырыбын қайталау.
  • Сан есімдерді қайталау.
  • Сурет бойынша сұрақ-жауап жүргізу.

Сабаққа кіріспе

Бүгінгі сабақ сәл ерекше өтеді: білімімізді бағалауға қонақтар келіп отыр. Сондықтан бар білетінімізді ортаға салайық.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, сабақтың жүру тәртібімен танысып алайық. Балалар, партаның үстінде қандай суреттерді көріп тұрмыз?

Жаңа сабақ

Тақырып: Көктем. Көктем айлары

Көктем — табиғат оянып, күн жылына бастайтын мезгіл. Бұл бөлімде көктем айлары туралы әңгімелейміз және сөздік қорымызды кеңейтеміз.

Грамматика: Мезгіл үстеуі

Заттың іс-қимылының мезгілін, мекенін, жай-күйін білдіретін сөздерді үстеу дейміз.

Үстеу мына сұрақтарға жауап береді: қашан?, қайда?, қайдан?, қалай?

Мысалдар: биыл, алда, жоғарыдан, тез.

Сөздік жұмысы

Сабақты бастамас бұрын жаңа сөздермен танысайық.

Мезгіл время
Биыл в этом году
Сай овраг
Кешке вечером
Еру таять
Күндіз днем
Ағу течь
Былтыр в прошлом году
Сарқырау грохотать
Шөп трава
Жазғытұрым весной
Самал жел ветерок
Таңертең утром
Жел ветер
Күн солнце
Бұлт облако, туча
Жаңбыр дождь