Сүтқоректілердің көптүрлілігі

Сабақтың тақырыбы

Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Жұмыртқалаушы ілкі аңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер.

Сабақтың мақсаты

Сүтқоректілердің шығу тегі, класс тармақтарына жіктелуі, қағанақсыз сүтқоректілердің мекендейтін ортасы, қоректенуі және төлін азықтандыруы туралы қысқаша түсінік беру.

Оқыту міндеттері

  • Білімділік: сүтқоректілер класының түрлері мен маңызы туралы білім қалыптастыру.
  • Дамытушылық: өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, ойлау және танымдық қабілеттерді дамыту.
  • Тәрбиелік: сүтқоректілердің кейбір өкілдерін қорғауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекілік
Сүтқоректілердің суреттері, плакаттар, слайд және т.б.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, логикалық сұрақтар, кесте, тест жұмысы және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Амандасу. Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.
  2. 2 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (сұрақ-жауап).

Үй тапсырмасы

§58. Көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклі және маусымдық құбылыстар.

Қайталау сұрақтары (сұрақ-жауап)

  1. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласы қалай аталады?
  2. Класс неліктен «сүтқоректілер» деп аталады?
  3. Сүтқоректілердің басқа жануарлардан басты ерекшеліктері қандай?
  4. Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер болады?
  5. Сүтқоректілердің қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?
  6. Сүтқоректілердің бұлшық еттері дененің қай бөлігінде көбірек дамыған?
  7. Сүтқоректілер қалай қоректенеді?
  8. Сүтқоректілер қалай тыныс алады?
  9. Қанайналым жүйесінің негізгі ерекшеліктері қандай?
  10. Сүтқоректілер қалай көбейеді?
  11. Сүтқоректілердің зәр шығару мүшелері қандай?

Ескерту: Осы бөлімде өткен материалдар қысқаша қайталанып, сұрақтар бойынша талқыланады.

II. Үй тапсырмасын қорытындылау

Үй тапсырмасы бойынша негізгі ұғымдар жинақталып, оқушылардың жауаптары нақтыланады.

III. Жаңа сабақ

§59

Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Жұмыртқалаушы ілкі аңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары, алуан түрлілігі және көптүрлілігі.

Жаңа тақырыпты бекіту және байланыстыру

Жаңа тақырып өткен біліммен байланыстырылып, түсініктер сұрақтар мен тапсырмалар арқылы бекітіледі.

Тақырыпты байланыстыратын сұрақтар

  1. Сүтқоректілер қандай ортада тіршілік етеді?
  2. Үйректұмсық төлін немен асырайды?
  3. Ересек үйректұмсықтың тістері бола ма?
  4. Түрпітек қандай сүтқоректі және немен қоректенеді?
  5. Қалталы қасқыр қай жерде тіршілік еткен/етеді?
  6. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы нешеу?
  7. Кеуде қуысы мен құрсақ қуысы бір-бірінен нелер арқылы бөлінеді?

I) Логикалық сұрақтар

Ойлау жылдамдығын және эрудицияны дамытуға арналған

  1. Жер бетінде «төрт тізесі бар» деп сипатталатын қандай жануар бар?
  2. Өкпе ауруымен сирек ауыратын үй жануары қайсы?
  3. Әлемдегі ең биік жануар қайсы?
  4. Бір жақ қырымен жатып ұйықтайтын жыртқыш сүтқоректі қайсы?
  5. Жер бетіндегі ең көп тісі бар жәндік қайсы?

II) Жануарларды тіршілік ету ортасына қарай бөлу

Төмендегі жануарларды тиісті тіршілік ету ортасына орналастырыңыз: құрлықта, жер астында, суда, ауада.

Тізім

  • 1) Жарғанат
  • 2) Сарышұнақ
  • 3) Сілеусін
  • 4) Итбалық
  • 5) Ақбөкен
  • 6) Соқыртышқан
  • 7) Түлен
  • 8) Көртышқан
  • 9) Жұпартышқан
  • 10) Киттер
  • 11) Қалталы көртышқандар

Құрлықта

Жауаптарды жазыңыз

Жер астында

Жауаптарды жазыңыз

Суда / Ауада

Суда: жауаптарды жазыңыз
Ауада: жауаптарды жазыңыз

III) Тест жұмысы

Төмендегі тест сұрақтары тақырыптарды қайталап, негізгі ұғымдарды бекітуге бағытталған.

1) Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы қалай аталады?

  • а) герпетология
  • ә) ихтиология
  • б) маммалогия
  • в) эпидермис

2) Жасуныққа ұқсас ағзалық зат (буынаяқтыларда):

  • а) трохофора
  • ә) целом
  • б) параподия
  • в) хитин

3) Буылтық құрттарда кірпікшелі дернәсіл қалай аталады?

  • а) целом
  • ә) трохофора
  • б) хитин
  • в) параподия

4) Сүтқоректілердің қанайналым шеңбері нешеу?

  • а) біреу
  • ә) екеу
  • б) төртеу
  • в) үшеу

5) Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының саласы қалай аталады?

  • а) параподия
  • ә) маммалогия
  • б) ихтиология
  • в) герпетология

6) Түрпітектің дене ұзындығы шамамен неше см?

  • а) 77 см
  • ә) 55 см
  • б) 60 см
  • в) 90 см

7) Қалталы қасқырдың жүктілік мерзімі неше күн?

  • а) 14 күн
  • ә) 35 күн
  • б) 25 күн
  • в) 45 күн

8) Құстарды зерттейтін зоология ғылымының саласы қалай аталады?

  • а) орнитология
  • ә) параподия
  • б) ихтиология
  • в) маммалогия

9) Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты?

  • а) екі қуысты
  • ә) үш қуысты
  • б) төрт қуысты
  • в) қуысты емес

10) Үйректұмсықтың дене ұзындығы шамамен неше см?

  • а) 30 см
  • ә) 50 см
  • б) 40 см
  • в) 60 см

11) Балықтардың жүрегі неше қуысты?

  • а) бір қуысты
  • ә) екі қуысты
  • б) төрт қуысты
  • в) бір қуысты

12) Шеміршекті балықтар қалай ұрықтанады?

  • а) іштей ұрықтанады
  • ә) тірілей туады
  • б) сырттай ұрықтанады
  • в) барлық жауабы дұрыс

13) Қай омыртқалы жануарларда денеде аралас қан таралады?

  • а) құстарда
  • ә) балықтарда
  • б) жорғалаушыларда
  • в) қосмекенділерде

14) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?

  • а) ихтиология
  • ә) энтомология
  • б) герпетология
  • в) параподия

15) Біздің өңірде кездесетін жыртқыш аң қайсы?

  • а) түйе
  • ә) жылқы
  • б) қасқыр
  • в) тауық

IV. Қорытындылау

Жаңа тақырып бойынша негізгі ұғымдар жинақталып, сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасалады.

V. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.

VI. Үйге тапсырма

§59 — мәтінді оқып келу.

Сүтқоректілер туралы мақал-мәтелдер және аңыз-әңгімелер жазып келу.