Слайдтан тістің құрылысын көрсету

Сабақ туралы мәлімет

Пәні мен тақырыбы

Пән
Дүниетану, 2-сынып
Сабақтың тақырыбы
Тісіңді сақта
Сабақтың типі
Жаңа білім беру
Сабақтың түрі
Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

  • Сабақтың әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау.
  • Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.
  • Техникалық құралдар: слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға тістің құрылысы, дамуы (эволюциясы) және гигиенасы туралы кең көлемде түсінік беру.

Дамытушылық

Топтық жұмыс арқылы шығармашылық қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, өз пікірін ашық әрі еркін қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Еңбекқорлыққа, адалдыққа, адамгершілікке баулу. Тісті күтуге және тіс ауруларының алдын алуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. Оқушылар өлең жолдарын бірге айтады:

Біз тәртіпті баламыз,
Біз де ержетіп қаламыз.
Салауатты өмір құрамыз,
Жат әдетті жоямыз.
Күнде ерте тұрамыз,
Жалқаулықты қоямыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Слайд бойынша сұрақтар

  • Қалай дұрыс тамақтану керек?
  • Суреттен өсімдік тектес, содан кейін жануар тектес азық-түліктерді ата.

Бекіту сұрақтары

  1. Ас дайындайтын адамды қалай атаймыз?
  2. Күніне неше рет тамақтану қажет?
  3. Ас туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Қорытынды

Адамға белгілі мөлшерде тамақ қажет. Күніне 4–5 рет уақытылы тамақтанған дұрыс. Сонымен қатар төмендегі ережелерді есте сақтайық:

  • Артық тамақ ішпе.
  • Тәтті және ащы тағамды көп жеме.
  • Дастарқан басында жақсы көңіл күймен отыр.
  • Маңайыңдағы адамдарға астың дәмді болуына тілек айтуды ұмытпа.
  • Ас дайындаған адамға алғыс білдір.

3) Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

Жұмбақ

Отыз екі орағым бар ғажайып,
Әттең, кейін кетеді ғой азайып.

Жауабы: тіс

Бүгін біз адам күлгенде көрік беретін, онсыз тамақ жей алмайтын өте маңызды мүше — тіс туралы кеңірек мәлімет аламыз.

  • Суретке қара: қай баланың тісі ауыруы мүмкін?
  • Тісті бүтін сақтау үшін не жеу керек?

4) Мағынаны таныту

Мұғалімнің түсіндірмесі: тістің дамуы

  • 6–9 айлығында алғашқы тістер шыға бастайды.
  • 2 жаста 20 сүт тісі толық шығады.
  • 6–7 жаста тұрақты тістер қалыптаса бастайды.
  • 20–22 жаста ақыл тіс шығуы мүмкін.

Тіс жақ сүйектен өседі. Ересек адамда әдетте 32 тіс болады.

Тістің құрылысы

Слайд арқылы тістің құрылымы көрсетіледі (тіс сауыты, мойны, түбірі және тіс эмалі туралы түсінік беріледі).

Мектеп дәрігерінің қысқаша ақпараты

Тіс денсаулығының маңызы және оны күту ережелері туралы қысқаша түсіндірме беріледі.

5) Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді мұғалім оқиды.
  • Оқушылар кезекпен оқиды.

6) Сергіту сәті

Шынығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Боламыз біз осындай.

7) Дәптермен жұмыс: тісті сақтаудың ережелері

Дәптерімізді алайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.

  • Тісті күніне 2 рет тазалау керек.
  • Тамақтан кейін ауызды жылы сумен шай.
  • Ыстық астан кейін бірден суық су ішпе.
  • Тәттіні көп жеу тіске зиян.
  • Тісіңмен қатты тағамдарды кемірме.
  • Тіс мықты болу үшін сүт өнімдерін, жемістер мен көкөністерді көбірек тұтын.

8) Ойын: «Ойлан тап!»

Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы табайық:

1) Дымқылдап күнде сен, қолыңа сүйкесең...

Жауабы: сабын.

2) Шомылған баланы аймалап алады...

Жауабы: сүлгі.

3) Белінен қыссаң, аузынан ақ уыз шығады...

Жауабы: тіс пастасы.

4) Бірі тісті жуады, бірі шаңды қуады...

Жауабы: тіс щеткасы және киім щеткасы.

5) Аузы жоқ, көзі жоқ... Бірақ тісі бар...

Жауабы: тарақ.

9) Сергіту сәті: көңілді жаттығу

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады (қол, иық, мойын бұлшықеттерін сергіту).

10) Тест тапсырмалары

1. Тісті күніне неше рет тазалау керек?
2. Тамақтан кейін ауызды қандай сумен шаю керек?
3. Тісіміз мықты болуы үшін қандай тағамдар пайдалы?
4. Ересек адамда неше тіс болады?
5. Тістің негізгі қызметі қандай?

11) Сабақты қорытындылау

Тіс күтімін дұрыс меңгеріп, оны үнемі сақтасақ, ас қорыту жүйесіне түсетін салмақ азаяды, тамақты жақсы шайнап, дұрыс қорытуға көмектесеміз.

Бұл сабақта тісті қалай сақтайтынымызды және қандай әдеттерден аулақ болу керектігін үйрендік.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз жолдауларында халық денсаулығына ерекше мән беріп, дұрыс тамақтану мен қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңызын атап өткен.

Ендеше, біз де денсаулығымызды, соның ішінде тісімізді сақтаудың жолдарын күнделікті өмірде қолданайық.

12) Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмыстағы белсенділігі және тест нәтижелері бойынша бағаланады.

13) Үй тапсырмасы

  1. Мәтінді оқу.
  2. Денсаулық туралы мақал-мәтел жазу.
  3. Тісті сақтау ережелерін жаттау.