Орындайтын Ұлдар тобы. Ұстаз барша мамандықтың көш бастаушысы

Жарқын жүзді ұстазым

(Бастауыш сынып оқушыларының ардагер ұстаз Байжанова Нағия апаймен кездесу кеші)

Мақсаты

Оқушылардың өздерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына және мектебіне деген балалық алғысын, сүйіспеншілігін білдіру.

Көрнекілігі

Талапқа сай безендірілген сахна, қанатты және нақыл сөздер, слайдтар және өзге де көрнекі материалдар.

Кіріспе

Мұғалім (Санжан): Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым-парасатымен, талғам-танымымен танылатын асыл жандар! Интеллектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

Ұстаз — барша мамандықтың көш бастаушысы. Бүгінгі кездесу кеші ардагер ұстазымыз Байжанова Нағия апайға арналады.

Ардагер ұстаздың еңбек жолы

Нағия апай педагогикалық еңбек жолын Ақтөбе облысы, Октябрь ауданынан бастады. 1975 жылдан бері Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында қызмет етіп келеді.

Қызметтері

  • 1975–1979 — Бейнеу аудандық білім бөлімінде әдіскер.
  • 1979–1984 — аудандық «Айгүл» балалар бақшасының меңгерушісі.
  • 1984 — Абай орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауысты.
  • 1989–1993 — осы мектепте бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі.
  • 1998 жылдан — Бейнеу гимназиясында қызмет етеді.

Жетістіктері

  • Шәкірттері түрлі білім бәйгелерінде биік нәтижелерге жетті.
  • «Математика сабағында логикалық есептер шығару» тақырыбындағы шығармашылық іс-тәжірибесі 2007 жылы аудан деңгейінде, 2008 жылы аудан мектептерінде таратылды.

Марапаттары

  • 1982 — ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісі.
  • 1998 — аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы.
  • 2002 — Бейнеу аудан әкімінің Алғыс хаты.
  • 2002 — Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы.

Мінекей, осындай ұлы тұлға — ардагер ұстазбен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

Құттықтау сөздер мен өлең-жыр

Айбек

Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!

Нұрай

Ұстаздарым биік тұлға, байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым, баршаңды.

Бақытжан

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең, ұстаздар, құтты болсын!

Музыкалық тарту

Айбек: Сіздердің құрметтеріңізге Тұралина Алтынайдың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

Ұлағат туралы ой

Нұрай

Әл-Фараби: ұстаз — жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көргенін, естігенін және аңғарғанын жадында жақсы сақтайтын; жақынына да, жатқа да әділ; жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсететін; қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек деген.

Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз Нағия апайдың болмысын көреміз.

Бақытжан

Нағия апай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болыңыз деп тілер ек.

Айбек

Сізбенен біз бар әлемді шарлаймыз,
Сабақта мұз боп қатып, жанартау боп қайнаймыз.
Сіз кіргенде қолыңызда ауыр сөмке, есіктен —
«Білім алып, азамат боп шығамыз» деп жайнаймыз.

Нұрай: «Ұлылықтың мықтылығы ағашынан…» демекші, кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

Кеш бағдарламасы

Оқушылардың өнері

  • Нағия апайдың оқушыларының тақпақтары (9-сынып, 6-сынып, 2-сынып).
  • 4 «А» сынып оқушыларының сахналық көрінісі.
  • 2-сынып оқушыларының құттықтауы.

Ән мен би

  • «Балалық шақ» — 2 «Ә» сынып оқушылары.
  • «Ұстазым менің» (хор) — 2-сынып оқушылары.
  • Шығыс биі — 4-сынып оқушылары.
  • Хор — ұлдар тобы.

Көңілді сәт

Айбек: Ұстаздардың құрметіне 4 «Ә» сынып оқушыларын көңілді әзілдерімен ортаға шақырамыз.

Оқушы құттықтауы (2-сынып)

1) Кім болсаң да аман бол. Бастық болсаң — өте жақсы, тұра қал.

2) Қашан көрсең күнге ұқсаған жанарың —
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі.
Әдептілер айтпақшы:
Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.

3) Махаббаты — бала және Отан.
Сүйікті ісі — қағаз бен кітап ақтару.
Демалысы — шәкірттерге хат жазу.
Ал кәсібі — от беру мен от алу.

4) Мектеп — халықтың ортақ тұрағы.
«Мектеп» деме — жан-дүниенің құрамы.
Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен,
Өзін-өзі ұмытудан тұрады.

5) Ал мұғалім алдыңнан шықса — дұрысы:
Жүрегіңмен сезіндір ұлы ісін.
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын.

6) Бірге:

Кім болсаңыз — ұмтылмаңыз жоғары:
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі.
Кім болмаңыз — прокурор ма, судья ма —
Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары!

Ортақ алғыс

Ғұлама ғалымнан да, жас жалын оқушыдан да,
ғарышкерден де, батырдан да, өнері асқан актерден де,
ырыс қазған шахтерден де, оқыған жас-кәріден де —
оқушының бәрінен ұстаздарға мың алғыс!

Ерекше бөлім: сұрақ-жауап

Нұрай: Ұстаз болу — жүректің батырлығы. Ұстаз болу — сезімнің ақындығы. Ұстаз болу — мінездің күн шуағы, азбайтын адамның алтындығы.

Бүгінгі кешіміздің ерекшелігі — балалар, сіздер Нағия апайға өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Кәне, кімде қандай сұрақ бар?

Алғыс пен ізет

Бақытжан

Біз сіздерге шыдамдылықтарыңыз үшін,
кешірімді мінездеріңіз үшін,
мазасыз күндеріңіз үшін,
біз үшін ағарған шаштарыңыз үшін —

Қашанда қарыздармыз.

Қорытынды сөз

Бақытжан: Тарқалмасын қызықтың шағы қызған, жана берсін бақ артып бағыңыздан. Құрметпенен ұсындық сізге сөзді — ақтарылып көріңіз ағыңыздан!

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстазымыз Нағия апайға сөз кезегін береміз.

Айбек

Мәрт мінез елің барда өресі кең,
Қажымайсың — ұстаз ел есінен.
Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда,
Тағдырдың толқын ұрған кемесімен.

Нұрай

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасыңызда болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді —
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.

Бақытжан: Қуат алып күндерден алыстағы, намысқа мініп жүресіздер әрдайым. Өткеннен дерексіз емес, бүгінге керексіз — болыңыздар бай-қуатты арыстарым.

Соңы.