Қаланың аумағы
Тақырыбы
«Тапқыр достар» зияткерлік сайысы (6-сыныптар арасында).
Мақсаты
- Орта буын оқушыларының білімділік, шешендік және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
- Ұжымдық жұмысқа баулу, топтасып ақылдаса білуге үйрету.
- Шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар.
Өту барысы
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды,
Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді,
Сайысамыз деп келдік.
Осы шумақпен бүгінгі 6-сыныптар арасында өтетін «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушыларды топқа бөлу.
- 2 Топ басшыларын сайлау.
- 3 Қазылар алқасын бекіту.
- 4 Жеребе тастап, қай топ бірінші бастайтынын анықтау.
II. Топтардың таныстыруы
Топ
Алғырлар
Топ
Достар
Әр топ өз атауын, ұранын және мүшелерін қысқаша таныстырады.
I кезең. «Кім көп біледі?»
Әр топқа мәтін бойынша сұрақтар қойылады (слайд көрсетіледі).
Мәтін: Қарағанды қаласы
Қарағанды — Қарағанды облысының әкімшілік орталығы. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды қала мәртебесіне ие болды. Қаланың аумағы — 497,8 км², халқы — 471,8 мың адам.
Қаланың іргесі Қарағанды көмір алыбы орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қала маңында қараған көп өскендіктен «Қарағанды» деп аталған.
1833 жылы бұл жерден Аппақ Байжанов тас көмір тапқан. Қарағанды — ғылым, білім және мәдениет орталығы. Қалада Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Медицина академиясы, заң институты және әртүрлі сала мамандарын даярлайтын 10 мемлекеттік емес жоғары оқу орны жұмыс істейді.
Қала аумағында 50-ге жуық тарихи-мәдени орындар мен ескерткіштер бар: Кеншілер мәдениет сарайы, Нүркен Әбдіров спорт кешені, К. Станиславский атындағы драма театры, С. Сейфуллин атындағы облыстық драма театры, музыкалық драма театры, цирк, «Шахтер» стадионы, сондай-ақ Абай Құнанбаевқа, Сәкен Сейфуллинге, Бұқар жырауға, Ғабиден Мұстафинге, Нүркен Әбдіровке, Аппақ Байжановқа, Қасым Аманжоловқа, Қазыбек биге, Қаныш Сәтпаевқа арналған ескерткіштер және орталық саябақтағы «Кеншілер ескерткіші».
Алғырлар тобына сұрақтар
- 1 Қарағанды қай облыстың әкімшілік орталығы?
- 2 Қаланың аумағы қанша?
- 3 Қарағандының іргесі ненің негізінде қаланды?
- 4 Қарағанды нелердің орталығы?
- 5 Қала неліктен «Қарағанды» деп аталған?
- 6 Мәтінде аталған ескерткіштерден бірнешеуін ата.
Достар тобына сұрақтар
- 1 Қарағанды қала мәртебесіне қашан ие болды?
- 2 Халқының саны қанша?
- 3 Қарағандының неше жылдық тарихы бар?
- 4 1833 жылы бұл жерден тас көмірді кім тапқан?
- 5 Қалада қандай оқу орындары жұмыс істейді?
- 6 Қаланың аумағында қандай мәдени орындар бар?
Келесі кезеңдер
III кезең. «Кім жылдам?»
Оқушыларға әріптер таратылады. Берілген әріптерге байланысты сұрақтарға мүмкіндігінше жылдам жауап беріледі.
IV кезең. «Сөз құрау»
«Қарағанды» сөзінен бірнеше жаңа сөз құрастыру.
V кезең. «Сен білесің бе?»
8 ұяшықтың кез келгені таңдалады. Әр ұяшықтың артында сұрақ бар (слайд көрсетіледі).
VI кезең. «Кім тапқыр?»
Сурет бойынша қимыл-қозғалыс арқылы тапсырманы орындау (пантомима).
VII кезең. «Қолқа салу»
Жеңген топ жеңілген топқа өнер көрсетуге «қолқа салады» (ән, би, өлең және т.б.).
Қорытынды
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
«Тапқыр достар» сайысы аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Алғырлар тобы
Ұпай: _____
Достар тобы
Ұпай: _____
Әділқазы алқасына сөз
Қазылар алқасы қорытындылап, жеңімпаз топты анықтайды және қатысушыларды марапаттайды.