Тарихын сөзін сөз құрамына сатылай кешенді талдау жасау
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сабақ түрі
Жаңа білім беру сабағы
Сабақ әдістері
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Жаттығу жұмыстары
- Сатылай кешенді талдау
- Салыстыру
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтағы кестелер
- Мысалдар
- Венн диаграммасы
- Сатылай кешенді талдау сызбасы
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға жай сөйлемнің түрлері — жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру; жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету; сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технология арқылы талдай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік
Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту; оқушылардың ой-өрісін кеңейту; тіл байлығын арттыру.
Дамытушылық
Оқушыларды ана тілін сүюге, ұлттық құндылықты құрметтеуге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді нақтылау.
2) Үй тапсырмасын сұрау және «Миға шабуыл»
Сұрақтар
- 1 Жай сөйлем дегеніміз не?
- 2 Жай сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- 3 Жақты сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
- 4 Жақсыз сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Тексеру
76-жаттығу жұмысы тексеріледі.
Мақсат: өткен тақырып бойынша ұғымдарды нақтылау және жаңа тақырыпқа көпір жасау.
3) Жаңа сабақ
Кіріспе (аудио)
Аудиотаспадан Мұхтар Шахановтың «Сен қазақсың» өлеңі тыңдалады.
Талқылау сұрақтары
- Өлең қай ақынның, қандай шығармасы?
- Мұхтар Шаханов кім?
- Мұхтар Шахановқа қандай баға берер едіңіздер?
Топтастыру (Мұхтар Шаханов)
- Қазақтың халық жазушысы
- Ақын
- Тіл жанашыры
- Қоғам қайраткері
- Ұлттық намыстың символы
Негізгі ұғымдар: «Жалаң» және «Жайылма»
«Жалаң» сөзінің синонимдері
- Жалғыз
- Жұқа
- Дара
- Жұтаң
- Біреу ғана
«Жайылма» сөзінің синонимдері
- Көлемді
- Кең
- Күрделі
- Бірнеше
Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемнің анықтамасы түсіндіріліп, олардың сөйлем құрылысына қарай бөлінуі мысалдар арқылы көрсетіледі. Негізгі міндет — жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру жолдарын меңгерту.
Талдау жұмыстары
1) Сөйлем мүшелеріне талдау
-
Мен Мұхтарды ХХ ғасырдың үлкен әрі күрделі ақындарының қатарына қосамын.
— Камил Маржик (чех ақыны)
-
Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін азды-көпті ойланбай қала алмайсың.
— Ғабит Мүсірепов
-
Өз тарихын ұмытқандар тауды көріп ойланар.
— Мұхтар Шаханов
2) «Тарихын» сөзіне сатылай кешенді талдау
Сөз құрамын кезең-кезеңімен талдау: түбір, қосымша, мағынасы, сөз табы және сөйлемдегі қызметі.
3) «Үлкен» сөзіне фонетикалық талдау
Дыбыс саны, буын, үндестік, әріп пен дыбыс сәйкестігі бойынша сатылай талдау жүргізіледі.
4) Өлең жолдарын қара сөзге айналдыру және жай сөйлем түрлеріне талдау
Табиғаттың өзгермейтін заңына бір бетіңді бұр,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап, жанын қиған бұл жерде.
М. Шаханов, «Рух пен тіл»
Тапсырма: өлеңді қара сөз үлгісіне түсіріп, шыққан сөйлемдерді жалаң және жайылма түрлеріне ажырату, сөйлем мүшелерін көрсету.
5) Семантикалық кестемен жұмыс
Жалаң және жайылма сөйлемдердің белгілерін салыстырып, мысалдарды кестеге түсіру арқылы қорытынды жасау.
4) Сабақты бекіту
Венн диаграммасы
Жалаң және жайылма сөйлемдердің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
Қорытынды тұжырым
Бүгінгі сабақта Мұхтар Шахановтың өлеңдері мен ол туралы айтылған пікірлерді мысалға ала отырып, жалаң және жайылма сөйлемдерге талдау жасадық.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері — түп қазығы, айбыны,
Туған тілі — жан байлығы айдыны,
Мұхтар аға тебірене жырлағандай, әр адамның адамдығының да, әр халықтың халықтығының да кепілі — қасиетті «төрт ана». Сол киелі құндылықтарды жаманшылықтан сақтап, қорғайтын бойтұмар — еркіндік пен тәуелсіздік. Тәуелсіздік жолындағы Мұхтар Шахановтың еңбегін жоғары бағалаймыз.
5) Үй тапсырмасы
- Жалаң және жайылма сөйлем ережесін жаттау.
- 79-жаттығуды орындау.
6) Оқушыларды бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, жауап сапасы, талдау жұмыстары және тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.