Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде Ахметпен жанжалдасқан кім

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясы

Пән мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Калмаганбетова Гулайым Тастановна

Пән / Сынып

Әдебиет, 6-сынып

Сабақтың тақырыбы

М. Мағауин — «Бір атаның балалары»

Мақсат пен күтілетін нәтиже

Мақсаты

Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдап, олардың өзара қарым-қатынасын анықтайды.

Оқыту нәтижесі

  • Кейіпкерлерді танып, мінез-құлқы мен әрекеттерін сипаттайды.
  • Адами қарым-қатынастардың мәнін анықтайды.
  • Кейіпкерлерге сыни пікір айтып, дәлел келтіреді.
  • Топта бірлесе жұмыс істеп, қорытынды жасайды.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі Тарих Сурет

Қолданылатын модульдер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • АКТ
  • Сыни тұрғыдан ойлау (СТО)
  • Диалог
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Психологиялық тренинг: «Достық тілек».
  • Топқа бөлу: үш түрлі құс атауына байланысты топтастыру.
  • Топ басшыларына бағалау парағын тарату.

Үй тапсырмасын тексеру

2 минут

Оқушылар сәйкестендіру тест тапсырмаларын орындайды.

I. Қызығушылықты ояту

Бейнематериал көрсету

«Енді бәріміз назарымызды бейнематериалға аударайық».

Сұрақтар

  1. Көрсетілген бейнебаянды ой елегінен өткізіп көрейік. Әсерлі ой бізді қайда жетелейді?
  2. Бейнебаян мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар?
  3. Бүгін шығарманың тереңіне үңіліп, кейіпкерлерге талдау жасаймыз.

II. Мағынаны тану

Оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасап, дәлелді пікір ұсынады.

1-топ

Ахметке талдау жасау.

2-топ

Зигфридке талдау жасау.

3-топ

Дәуренбекке талдау жасау.

Сергіту сәті

5 минут

Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

«Әдебиет көшбасшысы» интеллектуалды ойыны

10–30 ұпайлық сұрақтар

10 ұпай

  • Ахмет қария қай баланы таңдады? 10
  • Нартайды кім алды? 10
  • Зигфридтің қасиеттері қандай? 10

20 ұпай

  • «Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал» — бұл кімнің сөзі? 20
  • Балаларды ауылға қандай мақсатпен әкелді? 20
  • Зигфрид қай дыбысты дұрыс айта алмайды? 20

30 ұпай

  • Сол ауылдан соғысқа қанша азамат аттанды? 30
  • Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде, Ахметпен жанжалдасқан кім? 30
  • Аудандағы беделді адамдардың бірі Ахметтің қай баласымен бірге оқыған? 30