Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, Ақбота балабақшасының хореографыЖағалбаева Нұрсулу СаматқызыЖүргізуші

Іс-шара туралы

Өтетін орны

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы

Ұйымдастырушы

«Ақбота» балабақшасының хореографы — Жағалбаева Нұрсулу Саматқызы

Тақырыбы

Конституция күніне арналған «Ата Заңым — айбыным» атты ертеңгілік

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Ата Заңым — ардағым, адамзаттың арманын аялаған. Болашаққа бастайсың, жасампаз жол көрсетесің. Әрбір бабың, әрбір тарауың — салмақты қағида.

Алтын Заңда — парасатым мен пайымым. Алтын Заңда — күш-қуатым, жалын-ыстық үнім. Сен қорғайсың бостандық пен құқықты, мейірімді анадай елжіреген жанымсың.

Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер және ата-аналар! Конституция күніне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Ел тәуелсіздігінің кепілі — Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетін бұл құжатты бүкіл әлем жұртшылығы мойындайды.

Ата Заңымыз — елдігіміздің айқын белгісі. Көк байрағымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз әлемге шырқалып келеді.

Рәсім

Әнұран орындалады.

Құттықтау сөзі

Ел тәуелсіздігіміздің және келешегіміздің кепілі — Конституция күніне орай сөз кезегі балабақша әдіскері Ақжігітова Ұлмекенге беріледі.

Негізгі ой

  • Әр сөз, әр бап — салмақты.
  • Құқық, бостандық, теңдік — жан-жақты қарастырылған.

Еркін елдің Ата Заңы — ардақты. Әрбір сөзі, әрбір бабы — салмақты. Адам құқығы, бостандығы, теңдігі — барлығы да жан-жақты қарастырылған.

Балалардың тақпақтары

Келесі кезек — бүлдіршіндердің жүректен шыққан жыр жолдары.

Анель

Ата Заңым — арман әнім,
Сенен асқан бар ма бағым.
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағым.

Каусар

Ата Заңым — бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жансаң бассаң, жолға салып,
Тәубаңды еске алдыратын.

Айзере

Бақытты болып жүргенім —
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

Аружан

Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан.

Дәулет

Туған елім — гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін
Лүпілдеген жүрегім.

Ханшайым

Барлық есік ашық дер ем
Өз елімде мен үшін.
Ата-бабам қорғап қалған —
Ұрпақтарға ел үшін.