Құжаттардың мәтініне қойылатын талаптарБілімділік

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды құжат мәтініне қойылатын негізгі талаптармен таныстыру және оны күнделікті тәжірибеде қолдануға дағдыландыру.

Дамытушылық

Ой қорыту арқылы құжат дайындау кезіндегі білім мен біліктілікті дамыту, мәтінді құрылымдауға үйрету.

Тәрбиелік

Пәнге қызығушылықты арттыру, кәсіби біліктілікке және еңбекқорлық қасиеттерге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Оқушыларды түгендеу.
  3. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

  1. Машинадан оқылатын құжат дегеніміз не?
  2. Машинадан оқылатын құжаттар мен машинограммалардың міндетті реквизиттерін атаңыз.
  3. Машинадан оқылатын құжатты немесе машинограммаларды жасаушы ұйымның коды мен атауы кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай тізімі (жіктеуіші) бойынша жазылады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Құжаттардың мәтініне қойылатын талаптар

Ұйымдық-өкімдік құжаттардың мәтіні сұрақ-жауап, кесте, байланысты мәтін түрінде, сондай-ақ осы нысандардың біріктірілген нұсқасында рәсімделуі мүмкін.

1) Сұрақ-жауап түріндегі мәтін

Сұрақ-жауап түрінде құрастырылған мәтінде белгі атаулары атау септіктегі зат есіммен немесе екінші жақтың қазіргі/өткен шақтағы көптік тұлғасымен берілген сөз тіркестерімен берілуі тиіс: «болған еді», «болды», «сізде бар», «сіздің иелігіңізде».

Сөз жүзінде берілген сипаттамалар грамматикалық тұрғыдан белгі атауларымен үйлесуі қажет.

2) Кесте түріндегі мәтін

  • Графа және жол атаулары атау септіктегі зат есіммен берілген тақырыптардан тұруы тиіс.
  • Қосымша тақырыптар негізгі тақырыппен мағыналық әрі грамматикалық тұрғыдан үйлесуі керек.
  • Кесте бір беттен асса, графалар нөмірленеді, ал келесі беттерде тек сол нөмірлер көрсетіледі.

3) Байланысты мәтінді құрылымдау

Егер байланысты мәтінде бірнеше шешім, тұжырым немесе өзге де маңызды тармақтар болса, оларды бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөліп жазған дұрыс.

Баяндау тұлғасын таңдау (кімнің атынан жазылады)

Жеке-дара басшылық қағидаты

Жеке-дара басшылық принципімен жұмыс істейтін ұйымдардың өкімдік құжаттарында және басшылыққа жолданатын құжаттарда мәтін бірінші жақ жекеше тұлғада баяндалады: «бұйырамын», «ұсынамын», «өтінемін».

Алқалы органдар

Алқалы органдардың өкімдік құжаттарында мәтін үшінші жақ жекеше тұлғада беріледі: «қаулы етеді», «ұйғарды».

Бірлескен өкімдік құжаттар

Бірлескен өкімдік құжаттарда мәтін бірінші жақ көпше тұлғада баяндалады: «бұйырамыз», «ұйғарамыз».

Хаттамалар

Хаттамаларда мәтін үшінші жақ көпше тұлғада беріледі: «тыңдады», «сөз сөйледі», «ұйғарды».

Құқық пен міндетті белгілейтін және фактіні сипаттайтын құжаттар

Құқықтар мен міндеттерді белгілейтін құжаттарда (ереже, нұсқау), сондай-ақ фактілерді сипаттайтын немесе бағалайтын құжаттарда (акт, анықтама) баяндау үшінші жақта (жекеше не көпше тұлғада) қолданылады: «бөлім мына қызметтерді жүзеге асырады», «бірлестіктің құрамына мыналар кіреді», «комиссия мыналарды анықтады».

Хаттар

  • Бірінші жақ көпше: «жолдауыңызды өтінеміз», «қарауларыңызға жіберіп отырмыз».
  • Бірінші жақ жекеше: «қажет деп санаймын», «бөлуіңізді өтінемін».
  • Үшінші жақ жекеше: «министрлік қарсы емес», «Қазмемстандарт мұны мүмкін деп санайды».

Құжат тілі

Құжатты рәсімдеу кезінде қолданылатын тілді таңдау туралы шешім Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қабылданады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма: бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыз

  1. Мәтін сұрақ-жауап түрінде құрастырылғанда белгі атаулары ________ жалғауындағы зат есіммен немесе екінші адамның қазіргі немесе өткен шақтағы ________ жалғауымен айтылған сөздермен («болған еді», «болды», «сізде бар», «сіздің иелігіңізде») берілуге тиіс.
  2. Хаттарда баяндаудың мынадай нысандары пайдаланылады: ________ септеу жалғауымен ________ жақтан. Мысал келтіріңіз: ________.
    ________ септеу жалғауында ________ жақтан. Мысал келтіріңіз: ________.
    ________ септік жалғауда ________ жақтан. Мысал келтіріңіз: ________.

V–VI. Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың тапсырманы орындауына және сұрақтарға жауап беру сапасына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып келу.