Бүгін бізде мереке

Мерекелік кештің сценарийі: сыныпта туған күндерді атап өту

Бүгін бізде мереке! Бұл — сыныбымыздағы оқушылардың туған күндерін бірге атап өтетін ерекше күн. Ән, тақпақ, ойындар және көңілді кейіпкерлер қатысатын шағын кеш ұйымдастырылады.

Жүргізушінің құттықтау сөзі

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі сыныбымыздағы сыныптастарымыздың туған күндерін мерекелемекпіз.

Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Жолдастықты қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.

Құттықтау мен сыйдың
Иесі мынау гүлдің.
Айтыңдаршы, балалар,
Туған күні кімдердің?

Туған күн иелері

Оқушылар хормен туған күн иелерінің есімдерін атайды. Аты аталған оқушылар орындарынан тұрып, сыйға берілген гүлді алып, алдын ала дайындалған орындарына келіп отырады.

  • Алия
  • Карима
  • Сабина
  • Камила
  • Альдина
  • Айсұлтан
  • Аян
  • Жания
  • Азиза
  • Арайлым
  • Эльнура

Оқушылардың арнауы

1-оқушы (Алияға)

Ай секілді өзі де,
Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.
Айтарымыз, Алия қыз —
Еркесі ғой үйінің.

2-оқушы (Каримаға)

Билейді кейде айнала,
Көркіне ақылы сай ғана.
Карима — біздің әдемі,
Сөйлейді өзі жай ғана.

3-оқушы (Сабинаға)

Өзі сондай сүйкімді,
Бары-жоғы байқалмас.
Арамызда Сабина —
Биязы қыз, жай қадам бас.

4-оқушы (Камилаға)

Үндемей жүріп үлгеріп,
Бәрімізге жағатын.
Камила сондай ақылды,
Айтқызбай бәрін атқаратын.

5-оқушы (Альдинаға)

Сабағын асықпай оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Альдина,
Терең ойға шомады-ау.

6-оқушы (Айсұлтанға)

Айсұлтан сондай ақылды,
Сабаққа да әр кезде.
Салмақтылық танытып,
Үлгі болар көпке де.

7-оқушы (Аянға)

Көп ұлдардың ішінде,
Ширақ әрі шапшаңы.
Әйтеуір Аян жүреді,
Бәріне де үлгеріп бағады.

8-оқушы (Жанияға)

Енді біздің Жанияның,
Басына келер бақ қандай!
Аузын ашса көмейі,
Ақкөңілдігі көрініп тұрғандай.

9-оқушы (Азизаға)

Өзі сондай сүйкімді,
Бары-жоғы байқалмас.
Арамызда Азиза —
Биязы қыз, жай қадам бас.

10-оқушы (Арайлымға)

Арайлым сондай ақылды,
Сабаққа да әр кезде.
Салмақтылық танытып,
Үлгі болар көпке де.

11-оқушы (Эльнураға)

Үндемей жүріп үлгеріп,
Бәрімізге жағатын.
Эльнура сондай ақылды,
Айтқызбай бәрін атқаратын.

Көңілді сәт: «8 жас» жаттығуы

Жүргізуші балалардан бүгін неше жасқа толғандарын сұрайды. Содан кейін бәрі бірге:

  • аяқтарымен 8 рет топырлатады;
  • қолдарымен 8 рет шапалақтайды.

Тілек жазу рәсімі

Бүгін 11 баланың туған күні. Қонаққа келген оқушылар өз тілектерін плакатқа жазып, кейін плакат ілінеді де, бәрі бірге оқиды.

Соңында барлығымыз бірге: «ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!» — деп айтамыз.

Күтпеген қонақ: Мыстан кемпір

Залға мыстан кемпір кіреді.

Мыстан

Мұнда балалардың туған күні өтіп жатыр дейді, ал сендер мені неге шақырмадыңдар? Мен де торт жегім келеді. Мені ешкім шақырмайды… Бірақ мен өзгердім ғой! Сендер мен сияқты мыстан болғыларың келе ме?

Ендеше қонақтар той иелерінің беттерін бояйды.

Жүргізуші

Балалар, нағыз мыстан болу үшін екі топқа бөлініңдер. «Мыстан» деген сөзді түймелер мен сіріңкелердің көмегімен құрастырып жазыңдар. 1, 2, 3 — баста!

Ойындар бөлімі

Ойын 1: «Кім шапшаң?» (мыстан ойыны)

Ыдыстағы суда жүзіп тұрған жүзімді қолды қолданбай жеу керек: ойыншы екі аяқтың ортасына сыпырғышты қысып, белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, жүзімді ауызбен іліп жейді.

Өнер көрсету

Үйренеміз өнер біз,
Шетінен-ақ шеберміз.
Тақпақ айтып, ән шырқап,
Би де билеп береміз.

Сынып болып «Жорға» биін билейді.

Ойын 2: Шарикпен жарыс

Екі топқа бөлініп ойнаймыз:

  • шарикті тегенеге дәлдеп лақтыру;
  • шарикті бір саусақпен ұстап тұру.

1, 2, 3 — баста!

Ойын 3: Ұлдарға арналған тапсырма

Біріңғай ұлдар екі топқа бөлінеді. Әр топқа бір жіп және бір қысқыш (прищепка) беріледі. Мақсат — қысқышты жіпке тез әрі дұрыс ілу.

1, 2, 3 — баста!

Күлдіргінің келуі және сыйлықтар

Залға күлдіргі кіреді.

Күлдіргі

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Туған күндерің құтты болсын! Балалар, мыстан сендерді ренжітті ме?

Енді сыйлықтарыңды алғыларың келсе, мына тапсырмаларды орындаңдар.

(Киндер-сюрприздің ішінде әр балаға арналған шағын тапсырма болады.)

Тамаша! Ендеше тағы бір тапсырма: мен сыйлықтарыңды сандықтың ішіне салып, оны жасырып қойдым. Сандықты тауып алыңдар!

Сыйлықтарың ұнады ма?

Қорытынды құттықтау

Жайнасын өмірлерің әр күн сайын,
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың.
Келешек өміріңе бақыт тілеп,
Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймын!