Word Pad құжатына суреттерді кірістіру

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сынып

7-сынып

Сабақтың тақырыбы

WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты

Бірлескен жұмыс арқылы WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру; сұрақ қою дағдыларын дамыту; тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Бағалау арқылы оқушының білім деңгейін саралау, шығармашылыққа баулу, АКТ құралдарын тиімді қолдануға үйрету және пәнге қызығушылықты арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері туралы білімін толықтырады.
  • Мәтін үзінділерімен және суреттермен жұмыс істей алады.
  • Сұрақ қою және бірін-бірі түсіндіру дағдылары қалыптасады.
  • Drag and Drop әдісімен (CTRL пернесін басып тұрып) мәтін үзіндісін көшіре алады.
  • Алмасу буферін пайдаланып, мәтін бөлігін көшіру, қиып алу және кірістіруді орындай алады.
  • Шығармашылық қабілеті артады.

Сабақтың форматы мен ресурстары

Сабақтың түрі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі сабақ

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары, АКТ-ны қолдану

Көрнекілік

ДК, оқулық, слайдтар топтамасы, интербелсенді тақта

Оқыту формалары

Жеке, топтық және ұжымдық жұмыс

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жұмысқа дайындықты тексеру, топқа бөліну және сабақ мақсаттарын қысқаша белгілеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары

  1. 1. WordPad мәтіндік редакторы не үшін арналған?
  2. 2. WordPad редакторын іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек?
  3. 3. Редактор терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.
  4. 4. Кірістіру нүктесі (курсор) дегеніміз не?
  5. 5. Құжат құрудың негізгі әрекеттерін атаңыз.
  6. 6. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?
  7. 7. Пішімдеу туралы не білесіз?

Тапсырма (миға шабуыл)

Батырмаларды сәйкестендіріп, диаграмма құрастырыңыз.

III. Жаңа сабақ: WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері

Оқулықпен жұмыс (ДЖИГСО)

Тақырып 3 топқа бөлініп беріледі. Әр топ берілген материал бойынша интеллект-карта құрастырады. Кейін картаға сүйене отырып, келесі топқа өздері оқыған бөлікті түсіндіреді.

1-топ

Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру

2-топ

Мәтінді іздеу және мәтін орнын ауыстыру

3-топ

Күн мен уақытты кірістіру, құжатқа сурет енгізу

1) Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру

Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіруді бірнеше тәсілмен орындауға болады:

  • Мәзір арқылы

    Правка → Копировать; Правка → Вырезать; Правка → Вставить

  • Стандартты саймандар тақтасы арқылы

    Көшіру, Қиып алу, Кірістіру батырмалары

  • Пернелер комбинациясы

    CTRL + C, CTRL + X, CTRL + V

    Қосымша: Drag and Drop — мәтінді тышқанмен сүйреп апару. Көшіру үшін CTRL пернесін басып тұрыңыз.

2) Құжатқа күн мен уақытты кірістіру

  • Вставка → Дата и время
  • Стандартты саймандар тақтасы арқылы

3) Мәтінді іздеу

  • Правка → Найти
  • Саймандар тақтасы арқылы
  • CTRL + F

4) Мәтінді ауыстыру

  • Правка → Заменить
  • Саймандар тақтасы арқылы
  • CTRL + H

5) Құжатқа сурет кірістіру

WordPad құжатына суретті кірістіру үшін «Кірістіру» мүмкіндіктерін немесе алмасу буферін (көшіру/кірістіру) пайдалануға болады.

IV. Практикалық жұмыс

Ротация әдісі

  1. 1. WordPad редакторын ашып, «Көңілді қыс» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

  2. 2. Тақырыпты жартылай қалың, 16 pt, ал негізгі мәтінді 14 pt, Times New Roman қарпімен жазыңыз.

  3. 3. Редактор терезесін жималап қойыңыз.

  4. 4. Paint редакторын ашыңыз: Пуск → Все программы → Стандартные → Paint. «Көңілді қыс» тақырыбына сурет салып, сақтаңыз.

  5. 5. Суретті көшіру арқылы алмасу буферіне орналастырыңыз.

  6. 6. WordPad терезесін белсенді күйге келтіріңіз (есептер тақтасындағы пиктограмманы шертіңіз).

  7. 7. Paint-та салынған суретті WordPad-та терілген мәтінге кірістіріңіз.

  8. 8. Ағымдағы күн мен уақытты құжатқа енгізіңіз.

  9. 9. Мәтіндегі «қыс» сөздерін іздеу және ауыстыру (Найти/Заменить) командалары арқылы «зима» сөзіне өзгертіңіз, кейін қайтадан бастапқы күйіне келтіріңіз.

  10. 10. Құжатты «Қыс» атауымен сақтаңыз.

V. «Галереяға саяхат»

Өзара бағалау

Оқушылардың орындалған жұмыстары баспадан шығарылып, қабырғаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын аралап көріп, критерийлер бойынша пікір білдіреді және өзара бағалайды.

VI. Сабақты қорытындылау

Тест тапсырмасын орындау: тестте 10 сұрақ беріледі, әр сұрақтың 4 жауап нұсқасы бар.

VII. Үй тапсырмасы

§28. WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері

VIII. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, топтық жұмыстағы белсенділігі, практикалық тапсырмаларды орындау сапасы және тест нәтижелері бойынша бағаланады.