Матаса байланысқан сөздер - ілік септікті сөздер мен тәуелдік жалғаулы сөздер

Пән: Қазақ тілі (7-сынып)

Сабақ тақырыбы

Матасу

Сабақ форматы

Типі:
жаңа білімді меңгерту
Түрі:
оқыта үйрену
Әдіс-тәсілдер:
проблемалық ізденіс, талдау, жеке оқушымен жұмыс
Көрнекілігі:
слайд, кесте
Пәнаралық байланыс:
әдебиет

Сабақ мақсаты

1) Білімділік

Матасу байланысу түрінің ерекшелігін, мәнін және жасалу жолдарын бірлесе анықтау.

2) Дамытушылық

Дүниетанымды кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы қорытынды жасауға дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

Пәнге қызығушылықты арттыру, оқушы белсенділігін күшейту.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, қатысымды түгендеу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

244-жаттығу, 245-жаттығу

Жекеше түрде қиыса келген тіркестер

  • мен жаптым
  • мен жек көрмейтін едім
  • өз басым көрген емен

Көпше түрде қиыса келген тіркестер

  • бүкіл ел жақсы көретін
  • жұрт аңғарар еді

3) Өткен тақырыпты пысықтау (сұрақтар)

  1. Сөздердің ережеге сай дұрыс жазылуы қалай аталады?
  2. Сөздердің мағынасына, сұрағына және сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топтасуы қалай аталады?
  3. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  4. «Нән жігіт» лексикалық тұрғыдан қандай сөз тіркесі?
  5. Сөз тіркесін құруға негіз болатын сөз қайсы?
  6. «Сезімін білдірді» тіркесінде байланысу қандай тәсіл арқылы жасалған?
  7. Қиысу дегеніміз не?

4) Сабақ мақсатын қою

Күн ретін нақтылау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.

5) Жаңа сабақ: «Матасу»

Еске түсіру

  • Тәуелдік жалғау нені білдіреді? Түрлерін атаңдар.
  • Ілік септік жалғауы қандай?

Тақтамен жұмыс

Сызба бойынша сөз тіркесін құраңдар:

Ілік септігіндегі сөз Тәуелдік жалғаулы сөз
Айманның кітабы
Оның арманы
Сіздің балаңыз
Жазушының өмірі
Жазушы өмірі

Ескерту: матасуда кейде ілік септіктің немесе тәуелдік жалғаудың бірі түсіріліп айтылуы мүмкін.

Матасудың негізгі белгілері

  • Матаса байланысқан сөздер ілік септіктегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөзден құралады.
  • Көбіне есімді сөз тіркесі болады.
  • Компоненттердің жалғауы кейде түсіріліп, кейде толық жазылады.
  • Компонент саны көбіне екеу, кейде одан да көп болуы мүмкін.

Тұжырым

Бағыныңқы сыңары зат есім немесе заттанған сөз ілік септікте, ал екінші сыңары тәуелдік жалғауында келіп байланысса, мұндай сөз тіркесі матаса байланысқан сөз тіркесі, яғни матасу деп аталады.

Анықтама: Матасу — ілік септіктегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.

Қолдану (жаттығулар)

247-жаттығу

Сөйлемдерден матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып, әр сыңарына талдау жасаңыздар. 5 сөйлемге синтаксистік талдау жүргізіңіздер.

Үлгі: менің саяхатым, саудагерінің керуені т.б.

248-жаттығу

Матаса байланысқан сөз тіркестерін құрастырыңыздар және талдаңыздар.

Үлгі: күмістің пайдасы, балуанның жұдырығы, менің күнделігім т.б.

Шығармашылық тапсырмалар

«Сөз тізбек» ойыны

Бір оқушы ілік септіктегі сөзді айтады, келесі оқушы оны тәуелдік жалғаулы сөзбен байланыстырады.

Жазылым

«Менің сыныбым» тақырыбында шағын мәтін жазыңдар.

Мақал-мәтелдер

Матаса байланысқан тіркестері бар мақал-мәтелдер айтыңдар.

Үлгілер

  • Еріншектің ертеңі бітпес.
  • Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
  • Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.
  • Туған елдің түтіні ыстық, туған ананың күтімі ыстық.

Жеке оқушымен жұмыс (таратпа тапсырмалар)

Таратпа №1

  1. «Синтаксис» термині қай тілден енген?
  2. Сөздер грамматикалық байланысқа түсуі үшін қандай заңдылықтарға сүйенеді?
  3. Қиыса және матаса байланысқан сөздерге мысал келтір.

Таратпа №2

  1. Матасу дегеніміз не?
  2. Сөздердің байланысу тәсілдеріне мысал келтір.
  3. «Болашақ» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

6) Білімді бекіту

Қорытынды сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау, мысалдармен бекіту.

7) Үй тапсырмасы

Матасуға қатысты қосымша мысалдар құрастыру, берілген тапсырмаларды аяқтау.

8) Бағалау

Белсенділік, дәлелді жауап және тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.