Көңілді сөре Сабақтың міндеттері
Павлодар қаласы, №25 жалпы орта білім беру мектебі
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Алепарова Гүлзат Ерболовна
Сабақтың мақсаты мен бағыты
Сабақтың міндеттері
Дене сапаларын дамыту арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту.
Тәрбиелік мәні
Оқушыларды тәртіпке, ұйымшылдыққа және ұжыммен әрекет етуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
- Ысқырық
- Доптар
Сабақтың мазмұны
Кіріспе – дайындық бөлімі
Ұйымдастыру жұмыстары
- Сапқа тұрғызу.
- Журнал бойынша тексеру.
- Рапорт қабылдау, амандасу.
- Оқушылардың дайындық деңгейін тексеру.
- Сабақ міндеттерін түсіндіру.
Саптық жаттығулар
- Оңға, солға бұрылу
- Оңға, солға секіріп бұрылу
- Бір қатардан екі қатарға тұру
- Бір орында адымдау
Жүру жаттығулары
- 1 Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру
- 2 Қол белде, өкшемен жүру
- 3 Қол алдында, аяқтың ішкі қырымен жүру
- 4 Қол жан-жақта, аяқтың сыртқы қырымен жүру
- 5 Қол алдында, жартылай отырып жүру
Жүгіру жаттығулары
- Жеңіл жүгіріс
- Тізені жоғары көтеріп жүгіру
- Аяқты артқа сермеп жүгіру
- Оң/сол жақ жанымен, қолды артқа-алға айналдырып жүгіру
- Оң және сол аяқпен секіріп қозғалу
- Арқамен алға қарап жүгіру
- Бір орында шапшаң жүгіру
Жалпы дамыту жаттығулары
I. Басты айналдыру
Б.қ.: қол белде, аяқ иық деңгейінде
1–4: оңға; 1–4: солға.
II. Иық буындарын айналдыру
Б.қ.: қол иықта
1–4: алға; 1–4: артқа.
III. Белді айналдыру
Б.қ.: қол белде
1–4: оңға; 1–4: солға.
IV. Жанға иілу
Б.қ.: оң қол жоғарыда, сол қол белде
1–2: солға; 3–4: оңға.
V. Қолды жазу
Б.қ.: қол алдында, шынтақтан бүгілген
1–2: кеуде алдында; 3–4: оңға және солға.
VI. Қолды жазу (жоғары қарап)
Б.қ.: негізгі тұрыс (Н.Т.)
1: оң аяқты шегіндіріп; 2: Н.Т.; 3: сол аяқты шегіндіріп; 4: Н.Т.
VII. Тізені айналдыру
Б.қ.: қол тізеде
1–4: ішке; 1–4: сыртқа.
VIII. Аяқ ұшын айналдыру
Б.қ.: қол құлыпта
1–2: оң аяқ; 3–4: сол аяқ.
Қосымша материал
Толық нұсқасын жүктеу үшін осы бөлімге файл немесе сілтеме қосуға болады.
Толық нұсқасын жүктеу