Екінші топ - өсімдік тәрізді өрнектермен әсемдеу

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық

Пән мұғалімі

Якыпова Бахыт Кокановна (технология пәні)

Тақырып

Ою-өрнек туралы мағлұмат беру

Сабақтың мақсаты

  • Жалпы мақсат: ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйрету.
  • Білімділік: ою-өрнек туралы білім қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: ою-өрнек тарихымен таныстыра отырып, ұлттық өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: оюдың әртүрлі түрлерін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Ұйымдастыру мәліметтері

Сабақтың түрі
Қорытынды сабақ
Пәнаралық байланыс
География, математика, химия, музыка, әдебиет, физика, биология
Көрнекіліктер
«Ою-өрнек» буклеті, ою қиындылары

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қазақ халқының қолөнерінде кеңінен қолданылатын, өте көне әрі күрделі өнер түрлерінің бірі — ою-өрнек. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін тереңдете түседі.

Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпай сақталып келе жатқан ірі мәдени мұра. Халықтың географиялық ортасына, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне байланысты ою-өрнек үлгілері әр өңірде әртүрлі дамып, түрленіп отырады.

Бізге жеткен ою-өрнек үлгілері — бай мұра, сарқылмас қазына. Ою-өрнек тұрмыста әртүрлі бұйымдардың бетін әшекейлеуге арналған нақыш ретінде қолданылады.

Негізгі ой

Ұлттық өнерді жоғалтпаудың ең тиімді жолы — оқушыларға мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, тілімізді және рухани құндылықтарымызды жүйелі түрде дәріптеу. «Өнер — таусылмас азық, жұтамас байлық» деген халық даналығы осыны айғақтайды.

Ою-өрнектің негізгі топтары

1) Жан-жануарлар дүниесіне қатысты өрнектер

Бұл өрнектер көбіне киізден жасалған бұйымдарды көркемдеуге арналған.

2) Өсімдік тектес өрнектер

Өсімдік тәрізді өрнектер сырмақ пен тұскиізді әсемдеуде кеңінен қолданылады. Мысалдар: жапырақ оюы, шырмауық оюы, қияқ оюы.

3) Геометриялық ою-өрнектер

Геометриялық өрнектерге ирек, айшық, төртбұрыш, үшбұрыш сияқты түрлер жатады.

4) Аспан әлемі мен жер-дүниені бейнелейтін өрнектер

Мұндай өрнектер табиғат пен ғарыш ұғымдарын ишаралайды. Мысалы, текеметке жан-жаққа күн сәулесіндей тарамдалған шеңберлі ою жиі салынады.

ІІ. Оқушы білімі

Оқушылардың білімін тексеру мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. 1

    Оюдың «төрт құпиясы» туралы не білесіңдер?

  2. 2

    «Ою-өрнек» сөзі қай тілден аударылған?

  3. 3

    Ою-өрнекті қандай бұйымдарда қолданады?

  4. 4

    Сырмаққа қандай оюлар салынады?

ІІІ. Оқушы ой-өрісі

«Ойын тапқырлық» бөлімі

Оқушылар жұмбақтардың жауабын тауып, соған сәйкес ою түрлерін атайды.

Жұмбақ 1

Дүниеде бір молда,
Уақытында намаз оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтіп көп жер шоқиды.

Жауабы

Қораз

Тапсырма: осы жауапқа байланысты ою түрлерін ата.

Жұмбақ 2

Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.

Жауабы

Түйе

Жұмбақ 3

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбықтысы бар.

Жауабы

Сиыр

Тапсырма: осы жауапқа байланысты ою түрлерін ата.

IV. Оқушы шеберлігі

«Оюшы маман» бөлімі

Оқушылар өз шеберлігін көрсетіп, оюды қағаздан қиып орындап шығады.

V. Қорытынды

Сабақ соңында әр топтың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасы ескеріліп, оқушылардың білімі бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы

Ою қиып үйрену, қарапайым үлгілерді қайталап орындау.