Сұрақ - Қайсысы бата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып

4-сынып

Тақырып

Бата сөз (презентациямен)

Қолданылатын материалдар

  • Слайдтар
  • Кітап туралы бейнефильм
  • Оқулықпен жұмыс

Сілтеме

З. Муфтибекова, П. Қ. Жаманқұл — 4-сынып оқулығы (қосымша слайд материалдарымен).

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Жалпы мақсаты

Бата сөздің ата-баба мұрасы екенін ұғындыру және оның ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани құндылық екеніне оқушылардың сенімін нығайту.

Міндеттері

  • 1 Халқымыздың асыл сөзі — бата туралы білімін дамыту.
  • 2 Бата сөздерді жинақтауға, мағынасын түсінуге және мәнерлеп айтуға жаттықтыру.
  • 3 Бата арқылы ізгі тілек айту мәдениетін қалыптастыру.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Топтық жұмыс арқылы тақырыпты меңгерту.
  • Оқушыларды өзін-өзі бағалауға дағдыландыру.
  • Оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалауына мүмкіндік жасау.

Сабақтағы негізгі идеялар

  • Оқушының өмірлік тәжірибесіне және бұрынғы біліміне сүйену.
  • Жаңа теориялық ақпарат арқылы жаңа ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Кітап туралы бастапқы ұғым қалыптастырып, білімнің негізін қалау.
  • Жаңа білімнің өмірде қолданылатынын түсіндіріп, сабаққа қызығушылықты арттыру.

Дереккөздер мен тапсырмалар

Негізгі дереккөз

4-сынып оқулығы: Т. Н. Ермекова, А. А. Сәтбекова, А. У. Сейсенбина, Г. Б. Тәжібаева. Алматы, 2012.

Қосымша материал

М. Жалғасбаева — сыныптан тыс журнал беттерінен жүктелген дереккөздер.

Үй тапсырмасы

«Кітап туралы эссе» жазу.

Слайд 1–2

Сабақтың құрылымы (жүру барысы)

Ұйымдастыру

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу.

Уақыты: 0,5 минут

Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары

  • Сабақтың маңыздылығы неде?
  • Оқушылар қандай білім алады?
  • Бұрынғы білімін қалай қолданады?
  • Өмірлік тәжірибесінің әсері қандай?
  • Бұл сабақтың болашақта пайдасы қандай?

Әдістемелік бағыт

  • Ой қозғау арқылы тақырыпқа жетелеу.
  • Алдын ала білімді анықтап, соған сүйену.
  • Белсенділік пен қызығушылықты ояту.
  • Ақпаратты жүйелеуге үйрету.

І. Қызығушылықты ояту

Мәтін 1 (бата үлгісі)
Өмір берсең, бақытты қып бер,
Дәулет берсең, қайырлы қып бер.
Ұл берсең, ұнамды қып бер,
Қыз берсең, қылықты қып бер.
Ат берсең, жүрісті қып бер,
Бала берсең, ырысты қып бер.
Слайд 2
Мәтін 2 (нақыл сөз)
Екі досты айырған
Түбінде өзі оңбайды.
Көреген болса балаңыз,
Қиынды көзбен болжайды.
Өзіңнен туған ұл мен қыз
Сыйламаса, сол — қайғы.
Төле би
Слайд 3

Талқылау сұрақтары

Сұрақ: Қайсысы бата?

Сұрақ: Неліктен олай ойладыңдар?

Сұрақ: «Бата» дегеніміз не?

Оқушылардың пікірлері тыңдалып, негізгі ойлар тақтаға/флипчартқа тіркеледі (шамамен 2 минут).

Топқа бөлу

Оқушылар шағын топтарға бөлініп, бірлескен жұмысқа дайындалады.

Слайд 2

Еркін ойлау және ізденіс

  • Еркін ой айтуға жағдай жасау.
  • Өздігінен ізденуге ынталандыру.
  • Келесі қадамға қызықтыру, белсенділікті арттыру.
  • Білімнің өмірлік қолданылуын көрсету.

Мағынаны ажырату (жаңа ақпарат)

Сөзжұмбақ

Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ арқылы жаңа ұғымдарды нақтылау.

Слайд 3

Оқушылардың белсенді жұмысы

  • Сауал қою, талдау, баяндау және пікірталас жүргізу.
  • Сын айту мәдениетін және дәлелдеу дағдысын дамыту.
  • Оқулықтан өзге ақпарат көздерін қолдану.

Сергіту сәті

Астана туралы бейнефильм көру.

Слайд 3

Оқулықпен жұмыс және қорғау

Сұрақ: Астанаға қандай тілек-бата айтылған?

Слайд 4

Сұрақ: Батада қандай тілек айтылған?

Слайд 4

Сыныпта қорғау: 16 минут

Толғаныс (рефлексия) және қорытынды

Рефлексия мақсаты

  • Үйренгенін бекіту және қолдану жолдарын көрсету.
  • Жаңа білімді пайдаланып, ақпаратты жүйелеу.
  • Түсіну деңгейін тапсырмалар арқылы тексеру.

Қорытынды әрекеттер

Тапсырма: Жеке оқу

Слайд 4

Мағынаны тану: Бата сөзді оқу

Слайд 4–5

Сұрақ: Бата кімге берілген?

Слайд 5

Кластер

Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды топтастыру.

Слайд 5

INSERT

Мәтінді белгілеу арқылы түсінуді бақылау.

Слайд 5

Бейнематериал

«Менің Қазақстаным» бейнефильмі.

Слайд 5

Сабақты түйіндеу

Сұрақ: Біз бүгін не туралы өттік? Тақырып қандай болды?

Оқушылардың ойы тыңдалып, сыныппен бірге тақырып тұжырымдалады (Слайд 6).

Нәтиже: «Бата» тақырыбын слайд арқылы бекіту.

Уақыты: 0,5 минут (Слайд 6.1).

Бағалау

Бағалау түрлері

  • Оқушының өзін-өзі бағалауы
  • Топтың өзін-өзі бағалауы
  • Мұғалімнің бағалауы
  • Жалпы бағалау және критерий арқылы бағалау

Құрал

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау парағы.

Уақыты: 3 минут