Қақтығысып қалсаң сен

Тәрбие сағаты (1-сынып)

Тақырыбы

Әдептілік – әдемілік

Мақсаты

  • Мектепке алғашқы күннен бастап амандаса білуге, қоштаса білуге үйрету.
  • «Рахмет» айтуға, артық іс-әрекет үшін кешірім сұрауға дағдыландыру.
  • Ілтипаттылыққа тәрбиелеу; айналадағы әсемдікті танып, табиғатты сүюге баулу.

Көрнекілік және безендіру

Көрнекіліктер: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» буклеті; оқушылардың қолдан жасаған бұйымдарынан көрме; қанатты сөздер.

Сынып: іші сәнді безендіріледі, қанатты сөздер ілінеді.

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Егеменді еліміздің болашағы — мәдениетті, тәртіпті, адамгершілігі мол ұрпақ. Ата-ананың тілегі — балалардың жақсы азамат болып өсуі. Оқудағы жетістік пен жақсы тәртіп — ата-ана үшін зор қуаныш. Осы бақытқа жетудің кілті — әдептілік.

Көңілге ұнаған нәрсені біз «жақсы», «әдемі» дейміз. Бүгінгі ертеңгілігіміз «Әдептілік – әдемілік» деп аталады.

Сұрақ

Тамсандырып баршаны, аңыз болған көп елге.
Айтыңдаршы, қанеки, әдептілік деген не?

Жауап

Оқушы: амандасу, «рахмет» айту, қоштасу, рұқсат сұрау.

Мұғалім: Ойдағың да, қырдағың да құлақ қойып тыңдасын. Әдепті бала бастасын — ертеңгіліктің бастауын!

Абайдың өнегесі: «Бес дұшпан» және «Бес асыл іс»

1-оқушы

Тәрбиенің аңсары — Абай атам айтқандай,
Әдептіліктің бастауы — бес асыл боп табылған.
Көптің ойын бүрлетіп, әдеп жайын қозғасын.
Бастайық сол үлгі етіп, «Бес асылдан» сөз басын.

2-оқушы

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрсеге асық бол!
Бес нәрседен қашық бол!
Адам болам десеңіз.

3-оқушы

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
бес дұшпаның, білсеңіз!

4-оқушы

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым — ойлап қой,
бес асыл іс — көнсеңіз!
Бәрі саған керек қой — ұлы өмірің ертеңгі.
Бес асыл іс — бұл арлы, үлгі болған ғасырдан,
Ардақтап өс жасыңнан!

Әдепті сөз — әдемі мінез

Жағдаят 1

1-оқушы: Байқаусызда біреумен қақтығысып қалсаң, не ағат сөз айтып қойсаң, не дер едің?

Оқушылар: «Кешіріңіз» деу керек.

Жағдаят 2

2-оқушы: Әкең үстелге қант пен кәмпитті мол қойды. Жұрттан бұрын ыдысқа өз бетіңмен қол создың. Не дегенің жөн?

Оқушылар: «Рұқсат па?» деу керек.