Тірек сөздерді іздеу

Сабақ тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлы — «Бір кесе меруерт».

Сабақтың мақсаты

1) Мазмұн мен көркемдік ерекшелікті түсіну

Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын жүйелі түсіндіру.

2) Тілдік дағдыларды дамыту

Оқушының сөйлеу мәдениетін, мәнерлеп оқу қабілетін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.

3) Тәрбиелік бағыт

Адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Болжау жасауға, өз пікірін еркін айтуға және көзқарасын дәлелдеуге баулу.

Сабақ түрі мен технологиясы

Сабақ түрі

Ауызша сабақ — 2.

Технология

БжС, «Ауызша – 2» сабақ картасы.

Сабақтың құрылымы (6 кезең)

1-кезең: Ұйымдастыру

  • Мақсат қою: сабақтың мақсаты қысқаша айтылады.
  • Жұмыс реті: карта бойынша кезеңдер түсіндіріледі:
    1. Тірек сөздерді табу
    2. Жады
    3. ҚҚС
    4. Тесттік жұмыс
    5. ТСҚ
  • Көшбасшыға сөз беріледі.
  • Жылдамдық жаттықтыруы: Африка керуен бидай меруерт құм өлік жазу

Жаңа сабақ: Тақырыпты түсіндіру

Мұғалім тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіреді, оқушыларды термин сөздермен және негізгі ұғымдармен таныстырады.

2-кезең: Оқушы тәжірибесін өзектендіру

Оқушылар мәтінді 3 минут ішінде бір бет көлемінде зейін қоя оқып, ішінен тірек сөздерді табады.

Мұғалімнің рұқсатымен оқушылар тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ бойынша белгілейді. Бір ғана сөз тапқан оқушы да белгі алады.

Мұғалім барлық оқушының тірек сөз табуына белсенді қолдау көрсетеді. Тірек сөздердің эталонын сабаққа дейін әзірлейді.

3-кезең: Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөздермен жұмыс жүргізіледі: мағынасы түсіндіріледі, тақтада тақырыпқа қатысты сөздер ұсынылады.

Тірек сөздер

сұрақ қуаныш кейіс Африка керуен бидай меруерт құм өлік жазу бұлақ жерлеу аш адам

4-кезең: Ұғынуды ұйымдастыру

Матрица бойынша барлық оқушыдан қарама-қарсы сұрақтар арқылы жауап алынады. Нәтиже пайызы анықталып, көрсеткіші төмен оқушыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Қарама-қарсы сұрақтар

  • Қария адам жолаушыдан не сұрады?
  • Жолаушы қайда келе жатыр еді?
  • Ол керуеннен неге қалып қойды?
  • Несі таусылды?
  • Жолаушы нені көрді және неге қатты қуанды?
  • Кеседегіні алғашында не деп ойлады?
  • Кеседе шын мәнінде не болды?
  • Жолаушы неге қатты ренжіді?
  • Құмнан не шығып жатыр екен?
  • Құмды ашқанда нені көрді?
  • Аш адамға неліктен кей заттың пайдасы жоқ?
  • Оның неше ділдәсі бар еді?
  • Қанша меруерті бар еді?
  • Ақша оны қайда жеткізе алмады?
  • Кімге ақшасы мен меруертін тастап, «адал болсын» деді?
  • Суға жетуге неше шақырым жер қалды?
  • Мұны білген жолаушы суға жете алды ма?
  • Керуен қайда тынығып жатыр екен?
  • Әлгі өлікті кім жерледі?
  • Тасқа қандай сөз жазды?
  • Жүз ділдәні не істеді?
  • Бір кесе меруертті не істеді?
  • Өмірінде неге қатты қуанды?
  • Өмірінде неге қатты кейіді?

5-кезең: Түсінуді алғашқы тексеру

Оқушылар бірін-бірі тестілеу арқылы білімін тексереді: өткен тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастырады, ал жауап беру «орынға отырғызу матрицасы» арқылы жүзеге асады (басқа оқушының сайт нөмірін айту арқылы).

Бағалау ережесі (ООМ)

  1. Тест шешуші оқушы дұрыс жауап үшін ООМ бойынша «қосу» белгісін алады.
  2. Тест шешуші оқушы қате жауап үшін ООМ бойынша «алу» белгісін алады.
  3. Тест құрастырушы оқушы, егер оның сұрағына дұрыс жауап берілмесе, ООМ бойынша «қосу» белгісін алады.
  4. Тест құрастырушы оқушы, егер оның сұрағына дұрыс жауап берілсе, ООМ бойынша «алу» белгісін алады.

6-кезең: Алғашқы бекіту

Тақырыптық сөздік қор қалыптастыру: мәтіннен сөздер жазу немесе мазмұнын қысқаша жазу (37 сөз).

  1. Матрицаны толтыру.
  2. Ең көп сөз жазған оқушы өз сөздерін дауыстап оқиды.
  3. ТСҚ пайызы есептеледі.
4–5 белгі
5 ұпай
3 белгі
4 ұпай
2 белгі
3 ұпай
1 белгі
2 ұпай

Қорытынды

Сапа нормативі бойынша оқушылардың 63%5 ұпай алуы тиіс.

Үй тапсырмасы

4 белгіден төмен алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі.