Топтардың аттары
Сабақ туралы мәлімет
- Пән
- Математика (2-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- Мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу. Білімді тиянақтау
- Сабақтың типі
- Пысықтау сабағы
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, жұмыс дәптері, тест
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, жазбаша жұмыс, ізденушілік, топпен жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Мың көлеміндегі сандарды оқу және салыстыруды бекіту.
- Санның құрылымын және жіктелуін түсіндіру.
- Қосу мен азайтудың ауызша және жазбаша тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық
- Логикалық ойлауды дамыту.
- Белсенділікті арттыру және ойлау арқылы әрекет етуге үйрету.
- Өз бетінше жұмыс істеуге ынталандыру.
Тәрбиелік
- Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа баулу.
- Есепті тез әрі дұрыс шығаруға дағдыландыру.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық дайындық
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, бүгін біз «Мың көлеміндегі сандарды оқу және жазу» тарауы бойынша білімімізді тиянақтаймыз. Сабақ барысында біз «Білім еліне» саяхатқа шығамыз. Сол ғажайып елге жету үшін бірнеше кедергіден өтуіміз керек. Кедергілердің сырын табу үшін мың көлеміндегі сандарды қайталап, тапсырмаларды орындаймыз.
1-тапсырма
Берілген жазбаларды санға айналдырып, шыққан әріптерден сөз тіркесін анықтаймыз.
| Әріп | Өрнек | Нәтиже |
|---|---|---|
| Т | 66 ондық | 660 |
| Ы | 505 бірлік | 505 |
| Қ | 800 + 80 | 880 |
| Н | 10 жүздік | 1000 |
| П | 500 + 40 | 540 |
| Л | 2 жүздік + 4 ондық + 5 бірлік | 245 |
| А | 5 жүздік + 4 жүздік | 900 |
Нәтижесінде шыққан сөз тіркесі: «Алтын қақпа». Демек, саяхатымыз осы ойынның кедергілері арқылы жалғасады.
Кім тапсырмаларды сүрінбей орындаса, «Білім елінің» білімді азаматы атанады. Қақпалардан өту үшін топпен жұмыс жасаймыз.
Топқа бөлу
Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топтың атауы сан разрядтарына байланысты қойылады:
1) Бірліктер
1-лер разряды
2) Ондықтар
10-дар разряды
3) Жүздіктер
100-дер разряды
4) Мыңдықтар
1000-дар разряды
Алдымыздағы алғашқы кедергі — «Тас қақпа». Одан өту үшін әр топтан бір оқушы тақтада орындайды, қалғандары дәптерге жазады.
2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс
Өрнектерді ондықтар арқылы түрлендіріп есептейміз.
630 + 50
63 ондық + 5 ондық = 68 ондық
670 + 300
67 ондық + 30 ондық = 97 ондық
680 − 50
68 ондық − 5 ондық = 63 ондық
970 − 350
97 ондық − 35 ондық = 62 ондық
680 − 630
68 ондық − 63 ондық = 5 ондық
970 − 670
97 ондық − 67 ондық = 30 ондық
«Тас қақпаның» есігі ашылды. Енді қақпаның ішіндегі тапсырманы орындаймыз: әр топқа плакат беріледі, тапсырмалар плакатта орындалады.
3-тапсырма: «Кім жылдам?»
Теңдік дұрыс болуы үшін тиісті жерге жақша қоямыз.
(580 − 300) + 50 = 330
(480 − 40) − 20 = 420
(820 + 60) − 200 = 680
480 − (400 − 200) = 460
4-тапсырма: Логикалық тапсырмалар
Келесі кедергі — «Күміс қақпа». Топ болып ақылдасып, жауапты топбасшысы айтады.
-
1 жұмыртқа 1 минутта піседі. 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
Жауабы: 1 минут.
-
Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
Жауабы: 2 сағат.
-
Шырша түбінен қоянның 8 құлағы көрінді. Шырша түбінде неше қоян отыр?
Жауабы: 4 қоян.
-
Тауық бір аяғымен тұрса салмағы 3 кг. Екі аяғымен тұрса салмағы неше кг болады?
Жауабы: 3 кг.
-
Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай болды?
Жауабы: соңғы бала асықты дорбасымен бірге алды.
-
Бірінші қосылғыш 8, екінші қосылғыш 18. Қосындының мәні неше?
Жауабы: 26.
-
Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешеу?
Жауабы: 4.
-
Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5.
«Күміс қақпа» ашылды. Енді бізді сергіту сәті күтіп тұр.
Сергіту сәтінен кейін кедергілерден өтіп, Алтын сандыққа жетеміз.
Қорытынды тапсырма: «Алтын сандық»
Оқулықтағы 201-бет, 5-тапсырманы орындаймыз.
Ескерту
Жұмысты орындағанда сан разрядтарын дұрыс анықтаңыз.
Тексеру
Жауаптарыңызды топ ішінде салыстырып, дәлелдеңіз.
Нәтиже
Дұрыс әрі тиянақты орындау — «Білім еліне» жақындатады.