Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру
Қысқа мерзімді жоспар · Әдебиеттік оқу · 4-сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Асыл арналар
Мектеп: №74 ЖОМ · Мұғалім: Е. Абдурасулов
Сабақ тақырыбы
А. Байтұрсынұлы. «Аққу, Шортан һәм Шаян»
Оқу мақсаты
- Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен танысу.
- Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың басы (3 минут)
I. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
Мұғалім оқиды
Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен айтады
Алу үшін сапалы білім,
Ардақтаймыз ана тілін!
II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ–жауап)
- Ертегі дегеніміз не?
- Ертегінің неше түрі бар?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
Сабақтың ортасы (35 минут)
III. Жаңа сабақ
Әдіс: «Галерея»
Оқушылар қабырғаға ілінген қосымша мәліметтермен танысу үшін «галереяға саяхат» жасайды, жинақтаған ақпаратты топ ішінде талдап, өз ойларын ұсынады.
1-топ
Аққу туралы мәлімет жинайды.
2-топ
Шортан туралы мәлімет жинайды.
3-топ
Шаян туралы мәлімет жинайды.
Жаңа сабақты ашуға арналған сұрақтар
- Ахмет Байтұрсынұлы кім?
- И. А. Крылов кім?
- Мысал дегеніміз не?
Бүгін біз аққу, шортан, шаян туралы қысқаша мағлұмат жинадық. Енді осы кейіпкерлер қатысатын, орыс ақыны И. А. Крылов жазған мысалды қазақ тіліне аударған А. Байтұрсынұлының «Аққу, Шортан һәм Шаян» шығармасымен танысамыз.
Ахмет Байтұрсынұлы И. А. Крыловтың көптеген мысалдарын аударып, оларды «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарған. Бүгінгі мысал — сол жинаққа енген шығармалардың бірі.
Негізгі ұғым: мысал жанры
Мысал — адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық секілді жақсы қасиеттерді дәріптейтін шығарма. Мұндай туындыларда кейіпкер ретінде жануарлар, құстар немесе өсімдіктер алынады.
Тыңдалым және тапсырмалар
2-тапсырма · 1-топ
Мысалды түсіну сұрақтары
- Кейіпкерлер не істемекші болды?
- Жүк тиелген арба неге қозғалмады?
- Мысалда адамдардың қандай әрекеті сыналады?
- Мысалдың негізгі ойы қандай?
Бірлік пен ынтымақ туралы мақал-мәтелдер
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Ынтымақ болмаса, іс оңбас.
- Ырыс алды — ынтымақ.
- Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2-тапсырма · 2-топ
Сахналық қойылым
Автор
Бір күні Аққу, Шортан, Шаян үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу
Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық.
Шортан
Мұны көлге апарайық.
Шаян
Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор
Сөйтіп, үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.
2-тапсырма · 3-топ
Иллюстрация
Мысалға арнап сурет салып, жұмысты топ ішінде талдап, негізгі ойды иллюстрация арқылы түсіндіреді.
Бағдар
- Кейіпкерлердің бағытын көрсету (әуе, су, құм).
- Арбаның қозғалмай тұрған сәтін бейнелеу.
- Негізгі ойды бір сөйлеммен қорытындылау.
Сөздік жұмысы
Оқушылар «түртіп алу» әдісі арқылы жаңа сөздерді белгілеп отырады, мағынасын бір-біріне түсіндіреді.
- Дүркін-дүркін
- қайта-қайта
- Ғибрат
- өнеге, үлгі
- Машақат
- әурешілік
- Һәм
- және
Дәптермен жұмыс
- Жаңа сөздерді дәптерге жазу.
- Тақырып: «А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан һәм Шаян».
Еске салу
Мысалдың түйіні — бірлік пен ортақ мақсат. Бір бағытқа жұмылмай, әркім өз жағына тартса, іс алға баспайды.